Развивающая социальные навыки и навыки самообучения детей раннего возраста



бет17/64
Дата21.07.2020
өлшемі150,01 Kb.
#63582
түріПрограмма
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64
«Таным» білім беру саласы

Баланың қоршаған ортаны бағдарлау аясы кеңейтіледі және байытылады, сезімдік тәжірибесі қалыптасады, түйсіктері және қабылдауы жетілдіріледі.

Міндеттері:

- тіршілік иелеріне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу;

- бейнелі-қимылдық ойлауды, есті, қиялды, зейінді, қабылдауды дамыту;

- қоршаған орта туралы түсінікті қалыптастыру.

Сенсорика

Осы жастағы балаларда сенсорлық сала қалыптасады, қабылдау, зейін, ойлау және затты қолдану әрекеттері, түсті, пішінді және көлемді бағдарлауы дамиды.

1 жастан 1 жас 6 айға дейін

Балалар бұл жаста өзіне машинаны, арбаны жібінен тарта алады: жібінен тарта отырып, дыбысын шығара білу.

Орындауға үйрету:

-өзара байланысты тура және кері әрекеттерді орындау: жаю және жинастыру, шелектен алу және салу, оларды еңіс жазықпен сырғанатуды;

-заттарды өлшемі немесе пішіні бойынша сәйкес ұяларға орналастыра отырып, салыстыруға арналған тапсырмаларды орындауды;

- екі бөліктен тұратын ойыншықтарды, түрлі өлшемдегі 2–3 сақинадан тұратын пирамиданы белгілі бірізділікпен жинастыруды;

- қызыл, сары, жасыл, көк, сондай-ақ ақ пен қара түске боялған біртекті заттарды тану және жұмыс жасауды;

- түрлі материалдардан жасалған заттардың шығаратын дыбыстарын, сондай-ақ музыкалық тембрлердің дыбыстарын ажыратуды.

1 жас 6 айдан 2 жасқа дейін

Осы жастағы балалар:

- пішінді, көлемді, түс пен дыбысты ажыратады.

- неғұрлым күрделі заттармен әрекеттерді орындау: таяқшалары бар сақинамен, аулағышпен, қарпығышпен сәйкес келетін ойыншықтар мен шарларды жылжытады, алады және орындарын ауыстыра алады;

қазықшаларды ылғал құмға балғамен қағып кіргізе біледі;



  • біртекті заттарды ортақ белгісі: пішіні, түсі бойынша топтастырады.

Дамыту үшін:

- ұсақ қол моторикасын дамыту үшін дидактикалық ойындарда және тұрмыста балалардың сенсомоторлық «көз-қол» үйлесімділігін қалыптастыру;



  • естуді дамыту үшін түрлі дыбыс шығаратын заттармен (қоңыраулар, аспалы металл таяқшалар, шиқылдайтын ойыншықтар, музыкалық ойыншықтар) таныстыру;

  • қабылдауды дамыту үшін бір мезгілде екі қасиетті: түс пен өлшемді, пішін мен өлшемді, пішін мен түсті, негізгі төрт түсті (қызыл, көк, сары, жасыл) ажырату;

  • логиканы дамыту үшін пішіні, түсі, көлемі бойынша бір-біріне ұқсас заттарды сәйкестендіру мен топтастыруды қалыптастыру.


Каталог: wp-content -> uploads -> sites
sites -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты
sites -> «Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының Білім беру және тәрбиелеуді дамытудың инновациялық орталығы» кмм
sites -> Бекітемін: №42 жоббм-нің директоры И. Ж. Төргелдинова
sites -> «Подвиг павлодарцев в памяти народной»
sites -> Сабақ тақырыбы: Қазақстанның белгілі спортшылары Сабақтың мақсаты: Білімділік
sites -> Хореоргафия 1 вариант
sites -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты
sites -> Білім беру саласы:Әлеуметтік орта. Бөлімі:Қоршаған ортамен таныстыру
sites -> Ертегі туралы түсінік
sites -> Педагогикалық зерттеудің әдіснамасы Жоспары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет