Рухани жаңғыру



Дата07.05.2020
өлшемі18,57 Kb.
#66549
Байланысты:
Рухани жаңғыру
dene trbiesin okytudyn distemsi (1), 10 урок Салтыков-Щедрин Мужик везде есть, стоит только поискать его…», 10 урок Салтыков-Щедрин Мужик везде есть, стоит только поискать его…», sabaq-kz attachment 5-synyp-aza-tlnen-kntzbelk-zhospar-2017-2018-ou-zhyly, тапсырма 3.3 жауабы, kktwig-atmosferany-zgerui, kktwig-atmosferany-zgerui, БАЛАБАҚШАДА СЕРУЕНДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ, БАЛАБАҚШАДА СЕРУЕНДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ БАСҚАРУ, Адал ұрпақ еріктілер клубының жасалған жұмыстарының фотосы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы адал ұрпақ стенді, 2015-2025 стратегисы бойынша, план вр 2018-19, Ажибаева Гульзат оқитын өлеңдері. Сырбай Мауленов

Рухани жаңғыру


Елім бар қолына ,көк ту ұстаған,
Жақсы адамның бәрі де туыс маған.
Сілкіп тастап бойдан жат қасиетті,
Рухани жаңғыруға тиіс қоғам.
Халықпыз ежелден-ақ өр мінезді,
Жаңғырудың енді міне келді кезі.
Шын қолдап Елбасының саясатын,
Күн санап жаңғыруда елдің өзі.

Жетпіс жыл қызылдарға сиынсақ та,
Халқымыз сан жол тапқан қиын шақта.
Енді бүгін жаңғыру кезеңінде,
Ұлтыңның дінін,ділін,тілін сақта.

Бүгінде айналаның нұрлы бәрі,
Тұр естіліп көңілді Сырдың әні.
Кешегі бабалардың өсиеті,
Рухани жаңғырудың бір құрамы.

Қазақ елі құрметке мәңгі лайық,
Тез өркендеп әлемді таң қылайық.
Рухани жаңғыруды шын түсініп,
Бәрімізде дәл бүгін жаңғырайық.

Берік Алтынай Айбекқызы
Рухани жаңғыру – ұлттың ұлы мұраты
Шыңға биік Ел көз тіксе асқарлы,

Шайыр жазбай, кім жазады дастанды?!

Сүйінші, Алаш! Тарихыңда толғаулы

Рух жаңғырар жаңа дәуір басталды!
Көк түріктің ұрпағына, уа, құтты

Ту көтерер тағы бір таң атыпты.

Жолын таппай, қаңғырған Ел қаншама,

Кодын сақтай, жаңғырған Ел бақытты.
Бұл жаңғыру – өрге бастау Ұлтымды,

Бұл жаңғыру – төрге бастау Ғұрпымды.

Ұлттық кодым – менің ұлттық құлпым,

Кім көрінген қолды етпесін кілтімді.
Бұл жаңғыру – ұлыларды ұлықтау,

Ұлы Абайдың даналығын ұмытпау.

«Кісен ашып» Құрманғазы күйімен,

Болмысымды бұлжымастай құлыптау.
Бұл жаңғыру – кемелденіп жаңғыру,

Кеуде соққан күллі әлемді таң қылу.

Жыр алыбы Жамбылдарды жыр қылу,

Ән алыбы Шәмшілерді ән қылу.

Бұл жаңғыру – бастамасы ғажаптың,

Бұл жаңғыру – астанасы ләззаттың.

Жалғаны көп сахнасында жаһанның

Мәдениетін мойындату қазақтың.
Бұл жаңғыру – тарихи сәт сауапты,

Сауапты іске бәріміз де жауапты:

Тұлпарымыз озсын десек бәйгеде,

Ұрпағымыз болсын десек сауатты.
Бұл жаңғыру – Туған Жерді түлету,

Ен даланың кең құшағын гүл ету.

Шығыс, Батыс, Оңтүстік пен Солтүстік –

Бар қазақтың арман-жырын бір ету.
Асуды асып Қазақстан – ардағым,

Аспанменен астасып тұр арманым.

Ер бастады! Ел қостады! Жарылқа!

Тәңір Ием, Туған Елдің БАҒДАРЫН!
Серік СЕЙІТМАН ақын, «Жас тұлпар-2014» сыйлығының иегері.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет