С. Ж. Асфендияров атындағЫ



бет4/26
Дата21.11.2016
өлшемі5,28 Mb.
#2219
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

5.Сабақ өткізу жоспары:

  • Ұйымдастыру кезені - 5 мин.

  • Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин

  • Өткен сабақты қорыту - 15 мин.

  • Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері - 15 мин.

  • Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин

  • Мәтінмен жұмыс – 25 мин

  • Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15 мин

  • Бақылау жұмыстары – 15 мин

  • Үй тапсырмасын беру – 7 мин

  • Студенттің білімін бағалау – 8 мин

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері: мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап, аударма жұмысы.


7. Көрнекі құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск

8. Тапсырмалар:

1- тапсырма. « Гигиена» мәтіні бойынша кездесетін жаңа сөздерді жаттап алыңыздар.

Жеке адам –личность, индивид

Сала –отрасль

Іріңді жаралар –гнойные раны

Сыртқы - внешняя

Жарақат –травма

Қоғамдық –общественный

Тырнақ –ноготь

Жағу –мазать, смазывать

Тынығу –отдыхать

Тесілген –продырявленный

Кесілген –разрезанный

Кию –одевать

Құрғақ –сухой


2-тапсырма. Мына сөздерге көптік жалғауларын жалғаңыздар.

Студент,оқытушы,дәрігер, оқулық, дәптер, мемлекет, ұстаз, жауынгер, шәкірт, қала.


3-тапсырма. Көп нүктенің орнына қазақ тіліне тән дыбыстарды қойыңыздар.

Гигиена-денсаулы.. са..тау ж..н..ндег.. ..ылым.

Сондай-а.. гигиена адам а..засына сырт..ы ортаны.. ..сер..н ж..не т..рл.. аурулардан са..тану шараларын зерттейт..н медицина ..ылымыны.. б..р саласы. Гигиена мен санитария ты..ыз байланысты. Санитария ..з ж..мысын гигиена нег..з..нде ж..рг..зед...

Гигиена ..ылымы ..те ертеден келе жат..ан ..ылымдарды.. б..р... Ішк.., сырт..ы ки..мдерд.. ауыстырып, таза ..стау, т..ст.., тер..н.. к..ту, к..ндел..кт.. тама..ты.. қ..рамына жем..с к..к..н..с та..амдарын к..б..рек пайдалану ж..н..нде ма..л..маттар т..пт.. ежелг.. ..нд.. за..ында жазыл..ан.



4-тапсырма. Тақырыпқа қатысты нақыл сөздердің мағынасын түсініп, жаттап алыңыздар.

  • Көңіліңді, бойыңды мөлдір бұлақтай таза ұста.

  • Тазалық- денсаулық кепілі.

9. Бақылау жұмыстары:



Дағды құзырлылығы бойынша:

Көп нүктенің орнына қажетті сөздер мен сөз тіркестерін қойып, сөйлемді толықтырыңыздар:

1. Адам көп уақытын ... өткізеді. 2. Санитария өз жұмысын ... негізінде жүргізеді.

3. Біздің заманымыздан бұрын 1500 жылдар шамасында Египетте, Хорезмде ... шаралары қолданылған. 4. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ адам денсаулығын нығайтатын негізгі жағдайлар ... екендігін сол кездің өзінде-ақ атап көрсеткен. 5.Гигиена (грек тілінде дені сау)- ... жөніндегі ғылым.

Көп нүктенің орына қойылатын сөздер мен сөз тіркестері:денсаулық сақтау, тазалық сақтау, көпшілік орындарда, таза ауа және су, гигиена.
Коммуникативтік құзырлылық бойынша

Мына сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Гигиена қандай ғылым ?

2. Санитария мен гигиенаның байланысы қандай ?

3. Адам уақытын қайда өткізеді ?

4. Қоршаған ортаның адамға әсері қандай ?

5. Ежелгі Үнді заңында не жазылған ?

6. Египетте, Хорезмде қашан, қандай шаралар қолданылған ?

7. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ нені атап көрсетті ?

8. Қазір гигиена қандай салаларға бөлінген?

Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:

Жағдаяттық тапсырма: Сіз бір мекемеге дәрігер-эпидемиолог ретінде барып, гигиена (жеке бас гигиенасы) туралы баяндама жасаңыз.



Білім құзырлылығы бойынша:

Мәтінді аударыңыздар.

Жеке бастың гигиенасы.

Жеке адам гигиенасы – гигиена ғылымының бір саласы. Әрбір адам қоғамдық және күнделікті өмірде гигиена ережелерін сақтауы қажет. Жеке адам гигиенасына дене гигиенасы, киім мен төсек орын, тіс, ауыз тазалығын сақтау, еңбек пен тынығуды дұрыс ұйымдастыру т.б. жатады.

Дене шынықтыру – адам гигиенасының негізгі шартының бірі. Адам тіршілігінде терінің атқаратын қызметі зор. Кір теріге микробтар еніп, түрлі жұқпалы тері аурулары пайда болады. Әсіресе тері жарақаттанғанда,жырылған, кесілген жер арқылы инфекция өтіп, денеде іріңді жаралар пайда болуы мүмкін. Сондықтан теріні өте таза ұстап, сыртқы жарақаттан сақтау қажет. Ол үшін аптасына бір рет моншаға түсіп, мойынды, аяқты күнде жуу керек. Қолды таза ұстап, түрлі жарақаттан, жарылудан сақтау керек. Қолдың терісі жарылса немесе жарақаттанса жуып, йод жаққан өте пайдалы.Тері құрғақ, жарылған болса, вазелин немесе глицирин жағу керек. Сондай –ақ аяқ тазалығы, тырнақты және шашты өсірмей таза күтіп ұстау дене гигиенасының басты шарты.

Жататын орын, киім –кешек тазалығын қатаң сақтау әрбір адамның міндеті. Моншадан кейін таза іш киім кию, тырнақ, шашты уақытымен алып отыру- жеке адам гигиенасының негізгі шарттарының бірі. Отбасында бір адам ауырып қалса, оның ыдыс –аяғын бөлек ұстап, ол жататын бөлменің таза болуын қадағалаған жөн.



Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беіңіздер

1. Жеке адам гигиенасына нелер жатады ?

2. Теріні қалай күту керек ?

3. Дене гигиенасының басты шарттарын атаңыздар.



Білім құзырлылығы бойынша:

Мәтінді аударыңыздар.

Гигиена

Гигиена ғылымы-өте ертеден келе жатқан ғылымдардың бірі. Гигиена (грек тілінде дені сау)-денсаулық сақтау жөніндегі ғылым.

Ол адам ағзасына сыртқы ортаның әсері және аурулардан сақтану шараларын зерттейтін медицина ғылымының бір саласы. Гигиена мен санитария тығыз байланысты. Санитария өз жұмысын гигиена негізінде жүргізеді.

Адам көп уақытын көпшілік орындарда өткізеді. Сондықтан денсаулыққа ағзаны қоршаған орта жағдайлары әсер етпей қоймайды. Мұндай әсерлердің адам денсаулығы үшін пайдалы, пайдасыз жақтары болады

Ішкі, сыртқы киімдерді ауыстырып таза ұстау, тісті, теріні күту, күнделікті тамақтың құрамына жеміс-көкөніс тағамдарын көбірек пайдалану жөнінде мағлұматтар тіпті ежелгі үнді заңында жазылған. Біздің заманымыздан бұрын 1500 жылдар шамасында Египетте, Хорезмде тазалық сақтау шаралары қолданылған. Санитария жағынан жақсы жабдықталған қалалар сол кездің өзінде болған. Ежелгі грек дәрігері Гиппократ адам денсаулығын нығайтатын негізгі жағдайлар таза ауа және су екендігін сол кездің өзінде-ақ атап көрсеткен.

Қазіргі гигиена өмір талабына сай жеке адам гигиенасы, еңбек гигиенасы, тамақтану гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, әлеуметтік гигиена, тұрмыс гигиенасы болып бірнеше салаға бөлінеді.

Еліміздің ірі қалаларындағы медициналық университеттердің, академиялар мен институттардың арнайы кафедралары мен санитария және гигиена факультеттері бар.

Когнитивті-білім компетенциясы бойынша:


1. дұрыс аударылмаған сөзді табыңыз

а) құрғақ- сухой

ә) жаралар -раны

б) қадағалау - следить

в) тері -пот

г) жағу - мазать



2. Сөйлемді аяқтаңыз.

Дайындаған тағамды ... .

а) тоңазытқышта сақтаған жөн.

ә) бірден лақтырып тастау

б) ыстып жеудің

в) сақтап қоюда

г) ертеңі қалдыру

3. «инфекционный» сөзінің аудармасын табыңыз.

а) тез


ә) жұқпалы

б) аурулар

в) көбейеді

г) жаздыгүні



4. Көптік жалғау қолданылған сөйлемді табыңыз.

а) Мәтінді зорға аудардым.

ә) Ауырып тұрсам да, амалсыздан келдім.

б) Көрермендер бір-бірлеп келе бастады.

в) Науқас ауруынан тез жазылып кетті.

г) Ол әңгімені әріден бастады.



5. «Кір, лас» сөзіне антоним болатын сөзі бар сөйлемді көрсетіңіз.

а) Экология мәселесі - күрделі мәселе.

ә) Іш сүзегі тез таралады.

б) Таза ауа денсаулыққа пайдалы.

в) Ауыз су тартуға қырауар қаржы керек.

г) Бұл мәселе қашан шешілетін болды?



6.“Живой организм” сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

а) өлі ағза

ә) жұмсақ ағза

б) тірі ағза

в) тірілік ағза

г) тіршілік ағза



7. “Окружающая среда” сөз тіркесінің аудармасын көрсетіңіз.

а) адам ағзасын

ә) ауру себептері

б) қоршаған орта

в) ауру белгілері

г) айналып шығу



8.“Правильное питание” дегеннің аудармасын көрсетіңіз.

а) ас қорыту

ә) дұрыс б) бір мезгіл

в) ас қазан

г) асты дұрыс қорыту

9.Синонимдік қатарды көрсетіңіз.

а) таза, әдемі

ә) жақсы, жедел

б) алыс, жақын

в) ұсақ, майда

г) ұсақ, майлы



10. Көптік жалғауларын көрсетіңіз.

а) -ды,-ді

ә) –тан,-тен

б) -дың,-дің

в) –тар,-тер

г)-ған,-ген



10. Негізгі әдебиеттер:

1. Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж. 6-7 бет

2. Доскеева.Б. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған, Алматы, 2002 ж.

3. Р.Дәрменқұлова. Медициналық мәтіндер жинағы. Алматы 2001 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектұров Ш.Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих. Алматы 2005 ж.

ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

3 тақырып: Коммуналдық гигиена.

Сөз жүйесі. Сөздің тура және ауыспалы мағыналары.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай

1. Тақырыбы: Коммуналдық гигиена.

Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы.
2. Мақсаты: Қазақ тіліндегі сөздердің тура және ауыспалы мағынада қолдану ерекшеліктерін үйрету. Ауыспалы мағынада қолданылатын сөздердің мағыналық ерекшеліктеріне назар аудару, ол сөздерді салыстыра отырып түсіндіру. Лексикалық тақырыпта кездесетін ауыспалы мағынадағы сөздердің мағынасын түсіндіріп беру, сөйлемде қалай қолданылғанына назар аударту. Студенттерді ауыспалы мағынадағы сөздерді қолданып сөйлем құрай білуге үйрету. .
3. Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойыншажаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Операциональды құзырлылық бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пйдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.
4.Негізгі ұғымдар:

Лексикалық материал бойынша

Коммуналдық гигиенаның ролі, коммуналдық гигиена мәселелері, шешуге қатысатын ролі, коммуналдық гигиенаның сүйенетін заңдылықтары, коммуналдық гигиена – гигиенаның бір саласы, коммуналдық гигиена негізінде, тұрмыстық-санитарлық инспекцияның құрылуы;



Грамматикалық тақырып бойынша:

Сөздердің тура және ауыспалы мағынасы туралы түсінік.


5. Сабақты өткізу жоспары:

  • Ұйымдастыру кезені - 5 мин.

  • Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин

  • Өткен сабақты қорыту - 15 мин.

  • Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері - 15 мин.

  • Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин

  • Мәтінмен жұмыс – 25 мин

  • Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15 мин

  • Бақылау жұмыстары – 15 мин

  • Үй тапсырмасын беру – 7 мин

  • Студенттің білімін бағалау – 8 мин

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап, аударма жұмысы.

7. Көрнекі құралдар:

Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск


8.Тапсырмалар.

1-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Тура және ауыспалы мағынада тұрғанын көрсетіңіздер.

1.Адам денсаулығы үшін таза ауаның маңызы зор. 2.Кір теріге микробтар еніп, түрлі жұқпалы тері аурулары пайда болады. 3.Наурыз – түркі халықтарының жыл басы болған. 4.Оның басы қатты ауырып, сабаққа бара алмады. 5.Нұрболдың әкесі қалалық ауруханада бас дәрігер болып істейді. 6.Конференцияда қызықты тақырыптарда баяндамалар жасалғандықтан, тыңдаушылар ұйып тыңдады. 7.Сүт ұйып қалыпты. 8.Ол үндемей, терең ойға батып кетіпті.



2-тапсырма. Мына мақал-мәтелдерден сөздердің тура және ауыспалы мағыналарын ажыратыңыздар.

Байлықтың атасы-еңбек, анасы-жер. 2.Өнерлінің өрісі кең. 3.Ел үмітін ер ақтар, ер атағын ел сақтар. 4.Бас жарылса бөрік ішінде, қол сынса жең ішінде. 5.Аузы күйген үріп ішер. 6.Жақсыға жалынсаң – кешер, асылды жанысаң – өтер.



3-тапсырма.Төмендегі сөз тіркестерін оқытушының көмегімен орыс тіліне аударыңыздар.

Ел мекендеген жер, қалдықтарды зарарсыздандыру, адам тіршілігі, қолайлы болуын қамтамасыз ету, ұсыныстарын іске асырып отырады, өз алдына бөлек сала, ғылыми сала ретінде, гигиена мәселелері.


4-тапсырма. Мәтінді аударыңыздар. Мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріңіздер.

Мәтінге байланысты тірек сөздер мен сөз тіркестері: зарарсыздандыру, қоғамдық ғимараттар, қамтамасыз ету, қолайлы болу, іске асыру, ұсыныстар, гигиена негізінде, тұрмыстық-санитарлық инспекция, біріккен, мәселелер, талқылау, ғылыми негізде, зерттеу, арнайы институттар, жетістіктер.

9. Бақылау жұмыстары:

Дағды құзырлылығы бойынша:
1-тапсырма. Мына сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құраңыздар.

Жұқпалы ауру, сусыз жер, ақылды басшы, ауылдық емхана, кешкі жаңалықтар, ертеңгі күн, былтырғы оқу жылы, бойшаң жігіт


2-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар. Сөйлемдерден ауыспалы және тура мағынадағы сөздерді тауып, олардың мағыналарын түсіндіріп беріңіз.

1) Сүйкімді болат қанжар тұрса жайнап,

Ыстық, суық майданда шығады ойнап. (Абай)

2) Аш қарын жұбанар ма майлы ас жемей

Тоқ тұра ма дәмдіден, дәмді іздемей (Абай)

3) Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй. (Абай)

4) Желсіз түнде жарық-ай,

Сәулесі суда дірілдеп.

Ауылдың маңы терең сай,

Тасыған өзен гүрілдеп. (Абай)
3-тапсырма. Көп нүктенің орнына қажетті қосымшаларды қойыңыздар.

Коммуналдық гигиенаның мақсаты елді мекендердің ауасы..., суы..., топырағы... таза сақтау. Коммуналдық гигиена өз жұмыстарын санитарлық заңдылықтар... сүйеніп жүргізеді. Коммуналдық гигиена елді мекендерді су... қамтамсыз етуге қатысады. Коммуналдық гигиена мәселелері.. шешу үшін арнайы институттар ашыла бастады.



Коммуникативтік құзырлылық бойынша:
Мына сұрақтарға жазбаша жауап беріңіздер:

1. Коммуналдық гигиенаның мақсаты не?

2. Коммуналдық гигиена қандай мәселелерді шешуге қатысады?

3. Коммуналдық гигиена өз жұмысын қандай заңдылықтарға сүйеніп жүргізеді?

4. Коммуналдық гигиена – гигиенаның бір саласы болып қай кезде пайда болды?

5. Сөздің тура мағынасы қалай жасалады?

6. Сөздің ауыспалы мағынасы дегеніміз не?

7. Мысалдармен дәлелдеңіз?


Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша:

Жағдаяттық тапсырма: Сіз маман ретінде құрылысқа келдіңіз, санитарлық нормаларға байланысты қандай кенес бересіз?


Білім құзырлылығы бойынша:

Мәтінді аударыңыздар.

Санитарно-технические мероприятия (санитарная очистка населенных мест). Это группа мероприятий обусловливает выполнение гигиеничкских требований, которые пердъявляются к правильному устройству и эксплутации установок и сооружений, предназначенных для сбора, временного хранения, транспартировки, обезвреживания и утилизации твердых и жидких бытовых отходов и промышленных отходов.

Все отходы делятся на две большие группы: жидкие и твердые. К жидким отходом относятся: 1) нечистоты из выгребов уборных, 2) помои, 3) сточные воды.

К твердым отходом относятя: 1) мусор, 2) уличный смет, 3) отходы предприятии общественного питания, 4) отходы торговых и промышленных предприятий, 5) отходы лечебных и санитарно-эпидемиологических учреждений и др.


Когнитивті-білім компетенциясы бойынша:

1. Көп нүктенің орнына қойылатын сөздерді көрсетіңіз. (3)

Коммунальдық гигиенаның мақсаты – ел мекендеген жердің ... таза сақтау.

а) заттардың

ә) ауасын

б) қалдықтарға

в) сулы


г) топырақтан

2. Сұрақтың дұрыс жауабын көрсетіңіздер. (1)

Гигиена қандай ғылым?

а) Гигиена мен санитария тығыз байланысты.

ә) Адам көп уақытын көпшілік орындарда өткізеді.

б) Таза ауа денсаулықты нығайтады.

в) Гигиена – денсаулық сақтау жөніндегі ғылым.

г) Гигиена әр түрлі салаларға бөлінеді.

3. Көп нүктенің орнына қойылатын сөздерді көрсетіңіз. (2)

Таза ... ... нығайтады.

а) жүрсе

ә) ауа


б) дененің

в) денсаулықты

г) денсаулыққа

4. «Су» сөзіне анықтауыш бола алатын сын есімдерді көрсетіңіз. (3)

а) биік


ә) терең

б) әлсіз


в) ащы

г) тұщы


5. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

а) Істің көзін табады.

ә) Елдің көзі көреген.

б) Бұлақтың көзі.

в) Әкесінің көзіндей.

г) Өз көзімен көрді.



6. Зат есімнен жасалған сын есімдерді көрсетіңіздер. (3)

а) сынық, тұнық

ә) орманды, таулы

б) қызғылт, сұрғылт

в) елудей, жүздей

г) қысқа, жазбау



7. Ауыспалы мағынаны көрсетіңіз.

а) Ұйықташы, жаным, алтыным.

ә) Әр ақылымның бағасы-мың алтын динар.

б) Ол алтын алқа сатып алды.

в) Алтын-пайдалы қазба.

г) Алтын теңге шығарылады.



8. Ауыспалы мағыналы сөзі бар қатарды табыңыз.

а) Көп болды қан аралас көздің жасы.

ә) Әйел, еркек, бала-шаға аралас отыр.

б) Жастыққы тауық пен үйрек мамығы аралас салынады.

в) Абай ел ісіне араласқанда жас еді.

г) Бидай мен арпа араласып кетті.



9. Тура мағыналы сөзді көрсетіңіз.

а) Бала бетін сабындап жуды.

ә) Бел шеіп кіріс.

б) Бет алысы жаман.

в) Жау беті қайтарылды.

г) Бастан құлақ садаға.



10. Сөздің тура мағынасын табыңыз.

а) Қуырдақтың көкесін түйе сойғанда көрерсің

ә) Көп мағынаға ие болатын сөз.

б) Абайдың әкесі – Құнанбай.

в) «Әкем-ау, оқып берші»,-деді атасы.

г) Ұрғанның әкесін көрсетемін.



11. Ауыспалы мағынада тұрған сөзді көрсетіңіз.

а) Олар үйін үлкейтіп салуда.

ә) Дәрежесі үлкейген екен.

б) Қарны үлкейді, қампиды.

в) Атамның жасы үлкейді.

г) Бекболаттың көзі үлкейіп барады.



12. Сөздің тура мағынасын табыңыз.

а) Той тізгінін ұстау асабаға берілді.

ә) Майор мені таныды да, атының тізгінін тартты.

б) Кедейлерге тізгінін тиіпті.

в) Жатқа тізгін бермеңіз.

г) Ашуға аздап тізгін берейік.



13. Тура мағыналы сөзді табыңыз.

а) Бұлақтың көзі.

ә) Көзіне шөп салды.

б) Көз көрім жер.

в) Матаның көзі бар.

г) Көз-мүше.



14. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

а) Шашымыз да ағарыпты.

ә) Таң ағарғанша ояу отырдық.

б) Күмбез төбесі ағарып тұр.

в) Таң бозарып ағарды.

г) Абай бірде-біріне жығылмай, ағарып шығады.



15. Сөздің ауыспалы мағынасын табыңыз.

а) Торлама кестең әдемі ақ.

ә) Торлама қауынның ғажап иісі болады.

б) Жігітті ой торлап, ұйқысы шайдай ашылды.

в) Шілтерлі кестені торлап тоқыпты.

г) Жігіттің иығында аузы торланған қоржын.




10. Негізігі әдебиеттер:

1. Зайсанбаев Т. Қ., Канленова Б. Н. Мемлекеттік тілді меңгереміз, Алматы 2012 ж.12-14 беттер

2. Доскеева.Б. Қазақ тілі медициналық оқу орындарына арналған, Алматы, 2002 ж.

Қосымша әдебиеттер:

1. Бектұров Ш.Бектұрова А. Қазақ тілі для начтнающих. Алматы 2005 ж.




ТӘЖІРИБЕЛІК САБАҚТАРҒА АРНАЛҒАН

ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР

4 тақырып: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Тұрақты сөз тіркестері.

2012 ж.


Кафедра мәжілісінде талқыланды
Хаттама №____, «_____»____________2012ж.

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі, ф.ғ.к., доцент С.Қ.Суатай


1. Тақырыбы: Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы.

Тұрақты сөз тіркестері
2. Мақсаты: Қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестері, оның түрлері туралы мағлұмат беру. Мәтін арқылы сөздік қорларын дамыту.
3. Міндеті:

1. Білім құзырлылығы бойынша– жаңа сөздерді, сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, қазақ тіліндегі тұрақты сөз тіркестерінің қолданылу ерекшеліктерін меңгерту. Тақырыпқа қатысты терминдерді, кәсіби сөздерді игерту.

2. Операциональды құзырлылық бойынша – мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап бере білуге, мәтінді қысқаша мазмұндай алуға, мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін пйдалана отырып, өз ойларын жеткізе алуға дағдыландыру.

3. Коммуникативтік құзырлылық бойынша – мәтіндегі сөздер мен сөз тіркестерін, синтаксистік оралымдарды, грамматикалық тәсілдерді игеріп, оны сөйлеу барысында да, ғылми мәтіндермен жұмыс істеуде де пайдалана алуға үйрету.

4. Өзін-өзі дамыту құзырлылығы бойынша – алған білімдерін кәсіби міндетін атқару кезінде қолдана алу үшін студенттің өзін-өзі дамытуына, өзінің білімін тексеруіне мүмкіндік жасау.

4.Негізгі ұғымдар:

Лексикалық тақырып бойынша:

Балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, жеке ғылыми пән, мектеп гигиенасы, балалар үшін маңыздылығы,санитар-дәрігердің міндеттері;



Грамматикалық тақырып бойынша:

Сөз құрамы туралы мағлұмат, зат есімнің жіктелуі


5.Сабақты өткізу жоспары:

  • Ұйымдастыру кезені - 5 мин.

  • Үй тапсырмасын сұрау – 30 мин

  • Өткен сабақты қорыту - 15 мин.

  • Жаңа грамматикалық тақырып бойынша жұмыс түрлері - 15 мин.

  • Жаңа сөздермен жұмыс – 10 мин

  • Мәтінмен жұмыс – 25 мин

  • Жаңа тақырыпты бекіту жұмысы – 15 мин

  • Бақылау жұмыстары – 15 мин

  • Үй тапсырмасын беру – 7 мин

  • Студенттің білімін бағалау – 8 мин

6. Білім берудің және оқытудың әдіс-тәсілдері:мәтінмен жұмыс, жаттығу жұмыстары, тест тапсырмаларымен жұмыс жүргізу, сұрақ-жауап, аударма жұмысы.


7. Көрнекі құралдар: Кестелер, суреттер, көркем суретті кітаптар, аудиодиск
8. Тапсырмалар.

1-тапсырма.Тұрақты тіркестердің білдіретін мағыналарын ажыратыңыздар.

Зәрлі тіл,ащы тіл,өткір тіл, шешен тіл, майда тіл, тіл қату, тіл байлану, тіл жетпеу, тіл сындыру, тіл табысу, тіл үйіру, тілдің ұшында тұру, тілін қышыту, тілін тістеу,тілін тарту, тілі тию, тілі ұзын, тілі шығу, тілге келу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет