Сабақ: №5 Сауат ашу оқулығы: 13-14-беттер. Сабақтың тақырыбы : Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар



Дата19.05.2020
өлшемі14,58 Kb.
#69623
түріСабақ
Байланысты:
Сауат ашу 1-сынып 08.04


«Сауат ашу» пәні бойынша 1-сынып оқушысының 4-тоқсанға арналған

өзіндік жұмысының жоспары

Сабақ: №5

Сауат ашу оқулығы: 13-14-беттер.



Сабақтың тақырыбы: Мектеп асханасы. Жуан және жіңішке дауысты дыбыстар.

Сабақтың мақсаты: Мәтінді оқи отырып мектеп асханасы туралы білу, асханада тапсырыс беруді үйрену. Сөздегі дауысты дыбыс түрлерін ажырату.

Жұмыс түрлері:

Бейнежазбамен жұмыс (https://www.Google.kz) Асханадағы тәртіп ережесін сақтау.

  • Бейнежазбаны көр.

  • Асханадағы тәртіп ережелерін ата.

Оқулықпен жұмыс . 13-беттегі мәтінді оқып, сұрақтарға жауап бер.

  • Асханаға кірерде не істеу керек?

  • Түскі асқа қандай тағам аласың?

  • Мәтіннің бірінші сөйлеміндегі сөздерден дауысты дыбыстарды табыңдар.

  • Жуан немесе жіңішке екенін айтыңдар.

Ереже: Жуан дауысты дыбыстар: а, о, ұ, ы.

Жіңішке дауысты дыбыстар: ә, е, ө, ү, і.

Дәптермен жұмыс 3-жаттығу.

  • Сөйлемдерді оқып, қатесін түзеп жаз.

  • Күшік сөзіне дыбыстық талдау жаса.

Кері байланыс. Сөздерді оқы.

Жуан сөздер мен жіңішке сөздерді бөліп айт.



Маса, қарға, алабұға, шыбын, түлкі, құмырсқа, шортан, қарлығаш, үкі, аю, қасқыр, көбелек, бөдене.

Үйге :

Мәтінді оқу.

2-жаттығуда берілген сөйлемдерді оқы.

Әріп азу каллиграфиясына көркем жазу.

Әзірлеушілер: Мамырбекова Н.Н., Сулейманова Э.Б.,

Ы. Алтынсарин атындағы №159 гимназияның бастауыш сынып мұғалімдері. Алматы қаласы Білім басқармасының ҚББЖТҒӘО қолдауымен ұсынылып отыр

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет