Сабақ бір әлем қаратөбе аудандық білім беру бөлімі Қаратөбе мектеп-гимназиясы



бет8/11
Дата05.02.2022
өлшемі0,54 Mb.
#16786
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Оқиға

Тарғынның іс-әрекеті

Мінездеме

Жорық

Жау қамалын бұзады

Тарғынның асқан ерлігі, батырлығы, қамал бұзар аруақты батыр екені көрінеді

Қашқын

Хан қызын қорықпай алып қашады

Ештеңеден тайынбайтын өр мінезі байқалады

Қуғын

Қуғыншыны қорықпай қарсы алады

Ер жүрек

Қарт Қожақпен бетпе-бет

Кішілік жасап, әдеп сақтап, кезегін береді

Тарғын - үлкенді сыйлай білетін, өзгенің артықшылығын мойындай алатын ер. Ол – намысты батыр. Жүректі ерен ерлік иесі

Ханзада ханның опасыздығы

Ханның жауын жеңіп береді. Қиын сәтте өзін ғана емес, сүйген жарының қамын жейді.

Шыдамдылық, адамгершілік, үлкен жүрек иесі.

Жекпе-жек

Жауды жеңеді

Батырлық тұлғасы, қайтпас қайрат ерлігі

Сыпыра жырау тоқтамы

Жырау сөзіне құлақ қояды, райынан қайтады.

Үлкенді сыйлауы, ел қамын жеген ел қорғаны батыр.

Кубизм




  1. Суреттеу Батырлар жырының жанрлық ерекшелігі

  2. Салыстыру Батырлар жырын өзге ауыз әдебиеті үлгілерімен салыстыру

  3. Зерттеу Жырдың зерттелуі туралы хабарлама

  4. Қолдану Жырдан үзінді

  5. Талдау Жырдың көркемдік ерекшелігі

  6. Талқылау Батырлар жырының маңызы

Батыр бейнесін жасай отырып, халық не айтпақшы болған?


Жырдан көрінген халық арманы туралы не айтар едің?

Шығармашылық жұмыс 5 жолды өлең


Батырлар жыры - өнерімізде


Үй тапсырмасы Тарғын бейнесі


Монолог
Иллюстрация

Сабақтың тақырыбы: «Арман» (М.Шаханов)


Сабақтың мақсаты: Шығармадағы қос кейіпкер арқылы оқушыларды өмірде алдына ұлы мақсат қоюға баули отырып, жақсыға елітіп, жаманнан жиренуге үйрету;
Оқушылардың шығармашылықбелсенділігін оята отырып, өзіндік ізденуі мен танымдықбілімін дамыту;
Мәнерлеп оқу шеберлігін ұштау;
Сабақтың типі: Жаңа білімді игерту сабағы
Сабақтың түрі: Ізденіс сабағы
Сабақтың әдісі: Мәнерлеп оқу, пікір таластыру, салыстыру, талдау, проблемалық сұрақ, ой толғау, жинақтау
Көрнекілігі: М.Шахановтың портреті, шиырма, диаграмма, кітап көрмесі, компьютер
Пәнаралық байланыс: Тарих, география
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі
Бүгінгі сабағымызда қазақ әдебиетінің екі алыбының шығармашылығымен таныса отырып, өзіндік өмірлік ұстанар бағытымызды айқындауға үйренеміз. Және бағалау әдісінде мынадай ерекшелік болады. Мен сіздердің жауаптарыңызға орай мынадай түрлі-түсті жұлдызшалар беріп отырамын. Бұл сабақтың соңында сіздерді бағалауға көмектеседі.
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен сабақта Қ.Мырзалиевтің «Қазақтарды шетелдік қонақтарға таныстыру» өлеңі берілді. Өлеңді оқығанда қандай әсер алдыңдар? Осы өлеңдң оқи отырып, өзіңді тани алдың ба? Қадыр ақын қазақтардың қандай қасиеттеріне назар аударған? Мына шиырманы пайдалана отырып, осы төңірегінде ой бөлісіп, әрбір қасиетіне орай өлеңнен цитаталы ат қояйық. Бұл өлең қалай оқылу керек? Ендеше, оқып көрейік. Кітапты жауып қояйық. Өлеңді оқығанда, бәріңнің кеуделеріңде ұлттық сезім мақтанышы туады. Бәріңнің де осы өлеңді айтқыларың келіп отырған болар. Бір-бір шумақтан жалғастырып айтып шығайық.
Бұл өлеңде ақынның туған халқына сүйіспеншілігі мен құрметі жатыр.
Туған жер-ай, күнім де, дінім де сен,
Тағдыр сендей сүйесе сүрінбес ем.
Керегі жоқ басқа атақ, басқа абырой,
Жетіп жатыр тек өзің ұлым десе,-

  • деген ақын сөзінде айтылғандай, туған жеріңнің, еліңнің, халқыңның перзенті болудан артық адамға атақ та, абырой да жоқ. Бәріңнің де бойларыңа Қадыр ақынның қадыр-қасиеті дарысын.

Жаңа сабақ.
Мықтылардың күйін шертіп өтер күн,
Заман - терек, адам – соның бұтағы.
Мен туғанда, досым, сенің әкеңнің
Жазылыпты Абай жайлы кітабы.
Менің әкем соны оқып,
Ұзақ түндер отырыпты оңаша,
Бір биікпен табыстым деп тамаша,
Шаттаныпты балаша.
Айқара ашып аспанын,
Жинап барлық достары мен қастарын,
Ниетімді құптар деп,
Бұл есімде ерекше бір құт бар деп,
Мына мендей перзентіне сол күні
Ат қойыпты Мұқтар деп.
Балалар, бұл қай Мұқтар деп ойлайсыңдар?
Ендеше, бүгінгі сабағымызда Мұқтар ақынмен жүздескелі отырмыз.
Армысыз, Мұқтар аға, - деп сабағымызды бастайық. (Ақынның портретін тақтаға ілу)
Сіздердің араларыңызда Мұқтар ақынның өлеңдерін сүіп оқитындарыңыз бар ма? Болса, өзіңізге ұнайтын өлеңінен үзінді оқып жіберсе. Төменгі сыныптарда қандай өлеңдерін оқып едік.
Адал достық – ақын өлеңдерінің өзегі.
Ал Отырар тақырыбына келу себебі – ақын 1942 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Леңгір ауданы, Отырарға жақын жердегі Қасқасу ауылында дүниеге келген. (Картаны көрсету). «Отырар» дастаны арқылы туған жер тарихына бойлай отырып, перзенттік парызын өтеді. Ол - өршіл ақын, драмматург, сазгер әрі қоғам қайраткері.
(«Өркениеттің адасуы»)
Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы – ақынның «Арман» атты поэмасы.
Жаңа сабағымызды бастамас бұрын «Арман» атты ғажайып сөздің сырына үңілейікші. Арман дегенде сіздердің ойларыңызға тағы қандай сөздер оралады?

Қиял Мақсат Тілек


АРМАН

Ой Бағдар Бағыт

Бұл шығарманы оқығандарыңыз бар ма?


Ақын бұл шығарманы неге «Арман» деп атаған? Қай кейіпкер қандай арманға қол созды? Ақын сөзін пайдаланып, мынадай диаграмма арқылы арманшыл кейіпкерлерімізге мінездеме берейік.

Дойыл Әбу


Шеңбердің ортасына екі кейіпкерге ортақ қасиеттері, екі жағына жекелік қасиеттерін жазамыз. (Берілген мінездемелерді мәтін арқылы дәлелдеу)


Осы армандарға берген қарияның бағасы қандай? (Осы жұмыстар арқылы мәтін түгел оқып талданады)
Бекіту сұрақтары:

  1. Кімге осы шығарманың қай кейіпкері ұнады? Несімен ұнады?

  2. Ақын екі кейіпкерді қалай бағалап тұр?

  3. Қайсысын дәріптеген? Неге деп ойлайсыңдар?

  4. Әбу еліне қандай пайда келтірді?

Әбу Насыр Әл Фарабидің еңбектерінен жасақталған шағын кітапханамен таныса аласыздар.
Әл Фараби туралы толығырақ білу үшін сіздерге электронды оқулық арқылы өмір дерегін ұсынамын.

  1. Ал Дойыл неге ұнамады? Олда білімге құштар емес пе еді?

Бұл жерде ақын Дойылдың кәсібін емес, мінез-құлқын мінеп тұр. Саудагерлік те өнер. Аулымызда жақсы істерге мұрындық болып жүрген көптеген кәсіпкер аға-апаларымыз да бар. Бұл шығармада адамның кәсібін емес, мінез-құлықтарын салыстырған. Тағы да ақын өлеңдеріне жүгінейік:
Қанатына жан шошынар қару тағып қаралы,
Біздің дарын ғасырымыз қайда асығып барады?
Дарын ғасыр бәсеңдетпей қарқынын,
Қатар демеп келе жатыр безбүйрек пен ұлыны,
Қас-қағымда сейфін тонап кететұғын банкінің
Дарынсыз деп кім айта алар ұрыны?
Қанша дарын өресі тар пенделікке күйттелді,
Кім дарынсыз дей алады Шыңғыс хан мен Гитлерді?
Жайпап өткен жанағанын,
Бірақ олар қара дарын
Елестеткен тек қасірет қараны.
Иә, дарын ең қаскүнем пендеде де болады.
Адамды адам ететұғын саналы
Әсемдікті бағалауға бағытталған жанары,
Ізгілік пен тазалыққа деген іңкәр талабы.
Иә, дарын барлық адамда да болады. Оны ізгілікке қарай бұру әр адамның адамгершілік қасиетіне байланысты. әңгіме дарында емес, дарынның қай арнада өрістеуінде.
Осы шығарманың «Арман» аталуының себебі неде, неліктен екі арманды салыстырып отыр.
Ақын қария арқылы жас ұрпақтың қандай арман иесі болғанын қалайды?
Сендер қандай арман жетегінде жүрсіңдер?
Үйден «Арманымның ақ желкені» деген тақырыпта ой-толғау жазып келеміз.
Бұл шығарма қандай жанр, қандай стильде жазылған?
Бұл шығарманы қалай оқу керек?
Бастан-аяқ бірыңғай дауыспен оқылмайды. Әр кейіпкердің қасиетіне орай дауыс ырғағы да өзгереді.
Қорытынды
Проблемалық сұрақтар:
Білімге көзқарас
Жас ұрпақтың біліммен қарулануға ұмтылысы
«Болашақ» бағдарламасы бойынша дарынды жастардың шетелдерде оқуы
Кейбір жастар жақсы жағдайға қызығып, шетелдерде қалып қойып жатыр. Осыған сіздердің көзқарастарыңыз қандай?
Үй тапсырмасы:
Міндетті деңгей: Өз қалаулары бойынша поэмадан үзінді жаттау
Мүмкіндік деңгей: Шығармашылық жұмыс: Ой толғау
Бағалау
Сабақтың тақырыбы: «Қаратөбе - өнер ордасы»
Сабақтың мақсаты: Қаратөбе өңірінің әдеби келбетін таныту;
Оқушыны даму аймағында жетілу дағдысын қалыптастыру;
Әдеби дәстүрлер арқылы ұрпақ жалғастығын ұғындыру;
Сабақтың түрі: Тіл ұстарту
Сабақтың әдісі: Деңгейлік жұмыс, электронды оқулықпен жұмыс, өз бетімен жұмыс, талдау
Пәнаралық байланыс: Өлкетану, әдебиет, тарих

Сабақтың барысы:


Ұйымдастыру бөлімі

Қызығушылықты ояту


Білу
Дөңгелек үстел «Ел мақтаныштары»
Мұхит – Молданияз – Рақметжан – Қажым – Берқайыр – Сағынғали – Қадыр – Жұрғали – Құрманғазы – Айсұлу – Қайыржан – Шолпан - ...
Мағынаны тану
Электронды оқулықпен жұмыс (мәтінмен жұмыс)



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет