Сабақ. «Біз осындай баламыз»


Өзін – өзі тану сабағының жоспары



бет2/9
Дата23.08.2017
өлшемі1,42 Mb.
#24840
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Өзін – өзі тану сабағының жоспары


Мектеп «Абай атындағы орта мектебі» КММ

Мерзімі: №21-сабақ Мұғалім: Байтанбалиева К.Ж.

Сынып 4-сынып Оқушылар саны - 12

Тақырып: Батылдық пен өжеттік

Құндылық: дұрыс әрекет

Қасиеттер: батылдық, отансүйгіштік, өжеттілік


Сабақтың мақсаты: Батылдық, өжеттік дұрыс әрекет екендігін оқушылаға түсіндіру.

Міндеттері:

1. Білімділік. Батылдық, өжеттік ұғымдары туралы түсінік беру;

2. Дамытушылық. Шешім қабылдай білу іскерліктерін дамыту.

3. Тәрбиелік. Батылдыққа, өжеттікке, отансүйгіштікке тәрбиелеу.



Ресурстар: (оқулық, дәптер, үнтаспа, слайд.)

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Тыныштық сәті.

Жайлы баяу музыка қойылады.



Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түкпір-түкпіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: “Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын”. Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде отыра тұрыңыз... Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз. Жаймен көзіңізді ашуға болады.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

«Өмірде ерлікке орын жетеді» тақырыбында әңгіме құрастыру.






ІІІ. Пікір алмасайық

  • Батылдық деген не?

  • Өжеттілік деген ше?

  • Өжет, батыл оқушылар бар ма арамызда?

  • Батылдық, өжеттілік көрсеткен кездерін болды ма?

  • Батыл болу үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?







ІV. Дәйексөз.

Батыл болмай, батыр болмайды.


Халық даналығы
Оқушылар дәйексөзді дәптерге жазып, мағынасын ашып, өз ойларымен жеткізеді.

-Бойында батылдығы бар адам батыр бола алады.Ал батыл болу үшін өжет, төзімді, шыдамды, сабырлы болған жөн. Ата-анасын, елін- жерін сүйетін, қорқуды білмейтін адам ғана батыр бола алады. Бұл мақалдың айтылуы тегін емес.







V. Әңгімелеу.

Қойшы қаһарман.



Ертегі

Баяғы өткен заманда Қайырымсыз деген хан өмір сүріпті. Ол өте мейірімсіз болыпты. Көрші елдерге соғыс ашып, басып алып, бейбіт халықты жылатады екен. ­Қатыгез ханнан әбден қорлық көрген жұрттың көз жасы көлге айналыпты. Күндердің бір күнінде хан әдетінше бір елді басып алуға жорыққа кетеді.

Ханның шексіз жақсы көретін бір қызы бар екен. Қыздың сұлу болғаны сонша, қараған жан көзін тайдыра алмапты. Оның көздері қарақаттай мөлдір екі беті алмадай, ал еріндері таңғы шық қонған шиедей қызыл болыпты. Хан қызын қырық уәзірге тапсырады. «Мен жорыққа кеткенде, қызыма біреу қолын тигізсе, қырқыңды да жазалаймын!»-дейді. Сөйтіп, қайырымсыз хан соғысқа аттанып кетеді. Осы уақытты пайдаланып, бір айлакер жалмауыз кемпір ханның қызы Әйгерімді ұрлап әкетеді. Сандарын соғып қырық уәзір қалады.

Хан жорықтан оралғанда, қызының жоқтығын естіп, «аһ» ұрады. «Кімде-кім менің қызымды тауып әкелсе, қалғанын беремін»,- деп жар салады. Жарлық бүкіл жұртқа тарайды. Бірақ қызды ешкім таба алмайды. Елдің ішінде бір ешкі баққан домбырашы Қаһарман деген тапқыр да ақылды бала бар екен.

Қайырымсыз хан қырық күн бүк түсіп, ешкіммен тілдеспей жатып алады. Қызынан еш хабар болмаған соң, ашуын халқынан алып, жазалай бастайды. Сонда Қаһарман ханға барып:

- Дат, тақсыр! Маған үш күн мұрсат беріңіз. Жазықсыз халқыңызды жазаламаңыз. Осы шартымды орындасаңыз қызыңызды тауып әкелемін,- депті. Хан оған келіседі.

Бала домбырасын алып, жолға шығады. Қарны әбден ашып, жалаң аяқ табанын тас тілген Қаһарман домбыраға қосылып зар-мұңын төгеді.

Әнді естіген бір қарлығаш қойшының жанына ұшып келіп: «Сен іздеген Әйгерім Алынбас таудың артында, Көзжетпес деген шыңырауда тұтқында отыр. Ол жалмауыз кемпірдің қолында. Оны жеңу үшін, «Өлмес су» бұлағынан су ішіп, күш жинауың керек»,- дейді. Қойшы , «Өлмес судан» су ішіп қанған соң, бұлшық еті бұлтиып батыр болып шыға келеді.

Ол бір қара тасты уысына алып қысқанда үгітіп жібереді. Осы жерде қарлығаш жалмауыз кемпірдің тағы бір сырын айтып береді. «Жалмауыз кемпірдің барлық күші тырнағында. Сол тырнағын шауып алсаң, ол әлсіреп қалады». Қаһарман Алынбас тауына да жетеді. Одан асып, Көзжетпес шыңырауына да түседі.

Тас қараңғы шыңырауды жалмауыз кемпірдің мысықша жанған көздері жарық қылып тұр екен. Оның артында Әйгерім ұйықтап жатыр. Жалмауыз кемпір Қаһарманды көре салып, оған ұмтылады. Екеуі алыса кетеді.

Бір күн, бір түн дамылсыз алысып, бірін-бірі жеңе алмайды. Екеуі де әбден әлсірейді. Сол сәтте Қаһарманның есіне қарлығаштың айтқан сөздері түседі. Дереу соңғы күшін жинап, бар пәрменімен қылышты жалмауыз кемпірдің қолына қарай сермейді. Оның сояудай-сояудай тырнақтарын әп-сәтте алмас қылышпен шауып түсіреді. Сол-ақ екен, әлі кеткен жалмауыз кемпір сылқ етіп құлап түседі. Бірақ шыңыраудың іші қап-қара болып түк көрінбей қалады.

Қаһарман жер сипалап жүріп, Әйгерімді оятады. Оның айдай жүзінен нұр сәуле шашырап, шыңырау іші қайтадан жап-жарық болады. Айдай сұлуды көрген Қаһарман оған ғашық болып қалады. Өзін құтқарған ержүрек бала батырға Әйгерім де бас иеді.

Екеуі қуанышпен еліне қайтады. Қызының аман оралғанын көрген Қайырымсыз хан есі қалмай қуанады. Ол бүкіл халықты жинап: «Не тілейсің? Мен сөзімде тұрып, айтқаныңның бәрін орындаймын»,- дейді. Сонда Қаһарман: «Сұрайтыным – Әйгерім, тілейтінім – жазықсыз кез келген адамға қылыш көтермейсіз»,- депті.

Хан сөзінде тұрып, Әйгерімді Қаһарманға қосып, сол күннен бастап тыныш жатқан елге соғыс ашып, бейбіт халықты жылатқанын қойыпты.




  • Қаһарманның ержүрек батырлығын қандай іс-әрекетінен байқайсыңдар?

  • Қаһарман батырдың тағы қандай жақсы қасиеттері туралы айта аласыңдар?

  • Батылық, өжеттік көрсеткен кездерің болды ма?




VІ. Сыныппен ән айту.

Батыр аға

Ө. Тұрманжанов

«Батыр!» деген барша сүйген жақсы сөз,

Алтын туы сияқты ол ғасырдың.

Батыр ата: «Батыр бол!»- деп ұрандар!

Естіңдер жас жеткіншек қырандар!

Батыр болып, туған жерді қорғауды –

«Шын бақыт!»- деп тілек етіп сұраңдар.






VІІ. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.
І. Сөзжұмбақты шешу.

  1. Абылай ханның Қабанбай батырға қойған аты. (Дарабоз)

  2. Ақжолтай батыр.(Ағыбай)

  3. Махамбеттің серігі. (Исатай)

  4. Рейхстагқа ту тіккен қазақ батыры. (Рахымжан)

  5. Желтоқсан оқиғасының батыры. (Қайрат)

ІІ. Тарихтағы батырларды, олардың бойындағы қасиеттерді еске түсірейік те батылдық ұғымына топтастырайық. Схема арқылы көрсету.

ІІІ. Жағдаятты шешу

Ойын

-Балалар жарты шеңбер құрып тұрады. Ортаға ұзындығы 2-3 метр болатын түзу жіп межеге белгіленеді. Ортаға бір ойыншыдан шығады. Ойыншыны ойын басқарушы орнында тұрып айналдырады. Бірнеше рет айналғаннан кейін сызылған сызықтың бойымен екі қолын жайып түп-түзу жүру керек. Кім межеге сызықтың бойынан ауытқымай түзу жүріп жетсе, сол батыл, жеңімпаз атанады. Жеңімпаздарды марапаттайды, қол шапалақтап, қошеметтейді.




жұмыс дәптер

оқулық


VІІІ. Үй тапсырмасы.

«Батыр ата» мәтін

Еңбекқор бала мен еріншек балаға мінездеме жазу.





ІХ. Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз. Бәріңізге үлкен рахмет!!!







«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: Преображенка орта мектебі Мерзiмі: 14.06.2016ж

Мұғалiм: Бахаева Ж.Б.

Сынып: 7 «а» Оқушылар саны: 12 Тақырып: Жақсылық – жан азығы

Құндылық : Дұрыс әрекет Қасиеттер: Адалдық, сүйіспеншілік, жақсылық жасау

Сабақ мақсаты: Жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын туралы білім бере отырып, дұрыс әрекет құндылығын дамыту.

Міндеттері:

  1. Білімділік. Жақсылық жасай білу іскерліктері туралы түсінік беру.

  2. Дамытушылық. Адалдық, сүйіспеншілік, жақсылық жасау қасиеттерін дамыту.

  3. Тәрбиелік. Оқушыларды адалдыққа, сүйіспеншілікке, жақсылық жасай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. 1.Оқушылармен сәлемдесу, оқу-құралдарын тексеру. 2.Түстер арқылы топқа бөлу. 3. 5 Т ережесін балалардың есіне түсіру. Тәртіп. Тазалық. Талап. Тыныштық. Татулық.
Тыныштық сәті. Баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыныздар, денелерінізді түзу ұстаныздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолынызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойланып барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан бояу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияныз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәуле шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралдарына айналды. Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарынызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты көреді. Сіздің басыныз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте-бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағынызғы сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарымызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінеде отыра тұрыңыз..

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады. Рахмет!

Үй тапсырмасын тексеру: №16 сабақ. «Жақсылық пен жамандық» ертегісін оқып, талдау. Мәтіннің мазмұны бойынша сұрақтар қою. 1.Адам ата ұрпағын не үшін сынады? 2.Неліктен адам Жақсылықтың айтқандарын орындады деп ойлайсыңдар? 3.«Жамандыққа ерсең жаман боласың, жақсылыққа ерсең жақсы боласың»деген ой туралы қандай пікір айта аласыңдар?








Дәйексөз. «Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе» Ы.Алтынсарин.

Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіңдер? Жақсылықты риясыз жасау дегеніміз не деп ойлайсыңдар? Жақсылықты риясыз жасайтын адамның бойында қандай қасиеттер қалыптасады?

Адамға жақсылық жасасаң, риясыз жасау керек. Өйткені ол жанашырлықпен, шын көңілмен, адал ниетпен жасалған іс. Оған ақы сұраудың, жақсылығымды қайтар деудің қажеті жоқ. Жасаған жақсылық бәрібір алдыңнан шығады. Жақсылық зая кетпейді.





Оқиғаларды әңгімелеу. /мұғалімнің сыйы/

В.А.Сухомлинский «Нағыз адам»

Сусыз далада құдық бар. Оның қасында бір үй тұр. Онда атасы мен немересі тұрады. Құдық басында ұзын арқанға байланған қауға тұр. Жолаушылар құдық басына тоқтап, салқын суға қанады, тынығады, қана жатып атайға алғыс айтады. Бір күні арқан тозып үзілді де, қауға құдыққа түсіп кетті. Атайдың арқаны жоқ еді. Енді құдықтан су тартып ішетін ештеңе қалмады. Немересі мен атай бірнеше күн су ішепді.Екеуі әбден қалжырады.Үшінші күні таңертең атайдың үйінің қасына арбалы жолаушы келіп тоқтады. Атай арбада сабан астында жатқан шелекті көрді. Жолаушы әуелде құдыққа, сосын немерелі атайға қарады да, атын қамшылап жүріп кетті. «Бұл қандай адам?» – деп сұрады немересі. «Бұл адам емес» - деп жауап берді атасы. Түске таман тағы бір жолаушы келіп тоқтады. Арбадан шелегін алды, оған арқан байлап су тартты. Атай мен немересін суға қандырды. Қалған суды құмға төкті де, шелегі мен арқанын алып жүріп кетті. «Бұл қандай адам?» – деп сұрады немересі. «Бұл адам емес» - деп жауап берді атасы. Кешке үшінші жолаушы келіп тоқтады. Ол арбасынан шелек пен арқан алды. Арқанды шелекке байлап су тартты. Суға қанып алды да, шелегі мен арқанын құдық басына қалдырды. «Бұл қандай адам?» – деп сұрады немересі. «Бұл – нағыз адам» - деп жауап берді атасы.



Сұрақтар: 1.Атасы мен немересі қайда тұрушы еді? 2.Олар қандай жағдайға тап болды? 3.Бірінші, екінші жолаушылар әрекеттерінен нені аңғардыңдар? 4.Үшінші жолаушыны қандай адам деп айтуға болады? Неге? 5.Жақсылық жасаудың қандай маңызы бар? 6.Қазіргі заманда «Нағыз адамдарды» кездестіреміз бе?

Шығармашылық іс-әрекет. Топтық жұмыс. «Жақсылық тамшылары»

Тапсырманы орындауға 5 минут уақыт беріледі.

Тапсырманы орындау кезінде баяу музыка қойылады.

Оқушылардың әрқайсына алдын-ала дайындалған, тамшы үлгісінде қиылған қағаздар үлестіріледі. Әр бала тамшыға өзі жасаған жақсы істерін жазып көрсетеді. Жазып болған соң, оқушыларға тақтадағы ақ плакатқа тамшыларды ілуді ұсынамын. Әр бала өзгелерге өзі жасаған жақсылықтарын жария етеді. /Шығармашылық жұмыс нәтижесін қорытындылау/ Тамшылар ілінген плакат астына көкпеңбек дария суретін апарып ілемін.






Топпен ән айту «Бала тілегі» Сөзі: С.Молдасанұлы Әні: Ф.Жолдасова

Бал -балалық балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған. Кел , достарым , әндетіңдер, билеңдер Гүлденсін деп атамекен қара орман.} 2 рет  

Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік - ұлан – байтақ елімде Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. } 2рет

Қалықтаған көгершіні көгімде, Мұңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсін, Ұлы Отаным,тілегім сол менің де . } 2 рет  







Үй тапсырмасы: №17 сабақ. Б.Әділовтың «Қанат пен Жанат»атты әңгімесін үйден оқып келу






Сабақты қорытындылау

Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік?

Сабақ ұнады ма? Сабақты қорыта келе оқушылар өз ойларын айтады.

Тақтаға ілінеді:

Жақынды, досты аяла, Қанатың сонда талмайды. Барыңды жұрттан аяма, Жақсылық жерде қалмайды. Жайдары жүзбен жарқыра, Қатыгез болсаң-сол қайғы. Қайырымды бол халқыңа, Жақсылық жерде қалмайды.


Соңғы тыныштық сәті. Баяу әуен орындалып тұрады.

Сабақта көрініс тапқан жақсы қасиеттер жүректерімізде сақталып, іс жүзіне асырылсын. Жақсы ой ойлайық, жақсы сөз сөйлейік, жақсы іс жасайық!






Каталог: uploads -> doc -> 05bc
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05bc -> Сабақ тақырыбы Бағдарлама мазмұны Сағат саны Мерзімі 1
05bc -> Сабақ № Өтетін уақыты: Тақырыбы: «Жас зымыраншылар». Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет