Сабақ. «Біз осындай баламыз»


Өзін- өзі тану сабағының жоспары



бет7/9
Дата23.08.2017
өлшемі1,42 Mb.
#24840
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9


Өзін- өзі тану сабағының жоспары

Мектеп:Привольное орта мектебі. Мерзімі: 23-24 сабақ

Тақырып: Жүрек жылуы

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:Қайырымдылық қамқорлық,кішіпейілділік, мейрімділік.

Мұғалім: Мекенева.Ж.Қ Сынып – 2 сынып Оқушылар саны:

Сабақтың мақсаты: сүйіспеншілік құндылығын негізінде «жүрек жылуы» түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:

- Қайырымдылық туралы түсініктерін ашу.

- Оқушылардың бойында қайырымдылық қамқорлық жасау қасиеттерін дамыту.

- мейірімділікке,кішіпейіл болуға тәрбиелеу.




Ресурстар: ( белсенді тақта, кітап, дәптер, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы,баяу музыка қойылады.



Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

1.Үй тапсырмасын тексеру.

Өздеріңнің жақсы көретің адамдарың туралы әңгімелеп беріңдер.

Үлкендер еркелеткенде қандай күйде боласыңдар?

Жақсы көретін адамдарға қандай тілек айтқыларың келеді?

Басқаларға жақсылық жасаған кездерің болды ма?





2.Дәйексөз

Табиғаттағы барлық жылу - күннен,

Өмірдегі барлық жылу – адамнан.

М. Пришвин

Осы дәйек сөзді қалай түсінесіңдер?



Ақпарат:Адам өзін жақсы көрумен,өзгелерді шаттыққа,махаббат,жылылыққа бөлейді.Содан біз жүрек жылуын сезінеміз,

слайд

3.Әңгімелеу
Маржан мен Жауқазын

Маржан бала кезінен табиғатты және оның байлықтарын сүйіп өсті. Ата бабасынан берілген қасиет шығар , атасы Есқалидің ауылдастары Мичуриннің ізбасары дейтін. Бірде Маржан серуендеп жүріп, бір жылаған дауысқа құлағын түрді. Абайласа, аяғының астындағы тастың қуысынан естіледі. Маржан тасты көтеріп, қалған сәтте, жауқазын «ух!» деп тыныстады.



  • Мұндай жағдайға қалай тап болып жүрсің?

Жауқазын әлсіз де нәзік даусымен мән жайды түсіндіре бастады.

Тасты алысырақ алып тастап, жауқазынның бүрісіп қалған жапырақтарын жөндеп, топырағын қопсытып, су құйды.



  • Жауқазын, сен налыма, менің жауқазынымсың, саған қамқоршы боламын, -деді.


Оқылған әңгімеге сұрақ- жауап:
1.Маржан жауқазынға қандай жақсылық жасады?

2. Тас пен Маржанның іс әрекеттерінен қандай айырмашылық байқадыңдар?

Маржанның орнында болсаңдар не істер едіңдер?


Интернет желісінен.

Сюжетті суреттер.



4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Өз айналаңа қандай қамқорлық жасадың ойыңды жинақтап шағын әңгіме жаз.



Жұмыс дәптері.

5.Өлең оқу

Ж. Әділжанқызы
Жүрек жылуы

Жан жағына нұр шашып

Арайлап жарқын таң атса,

Жер бетінде жайқалып,

Көгеріп өссе көк майса,

Жүрегім жыли бастайды.


Оралғанда сапардан

Алдымнан жақын жан шықса,

Кездескендедостарым

Құшағынмағанкеңашса,

Жүрегім жыли бастайды.



Интернет желісінен

6.Үй тапсырмасы:25-сабақ. Отан,отбасы туралы мақал-мәтел жаттап кел


оқулық

7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет



Тақтада үлкен жүрек моделі ілінген.жүрекше стикерлар

«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп «Көкпекті орта мектебі»КММ Мерзiмі: 14.06.2016ж Мұғалiм: Сарманова.А.Т Сынып: 4 Оқушылар саны 17 Тақырып : «Сабыр түбі -сары алтын»

Құндылық; Ішкі тыныштық Қасиеттер: Сыйластық, достық, сабырлық,



Сабақ мақсаты: Оқушылардың «сабырлылық», «ұстамдылық» адами қасиеттер туралы түсіндіре отырып, ішкі тыныштық құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:

  • Сабырлы ұстамды болудың маңыздылығын түсіндіру;

  • Жағымды қарым- қатынас жасау ескерліктерін дамыту;

  • Сыйластыққа, достыққа, сабырлыққа тәрбиелеу.




Ресурстар: 1.Оқулық дәптер

2. Баяу әуен

3.А3 қағазы, түрлі- түсті 4.қарындаштар, стикерлер,

5.Интернет желісі



Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастырукезеңi.Оқушылардың назарын сабаққа аудару.




  1. Тыныштық сәтi.

  • Балалар денелеріңді түзу ұстап, жоғары көтеріп, ыңғайланып отырыңдар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып,еркін тыныс алыңдар. Өздеріңнің тыныс алуларыңды бақылап, бақытқа, махаббатпен тыныштыққа толы таза шипалы ауаны тұла бойларыңа толғанын сезініңдер.




  1. Үй тапсырмасын тексеру «Жан жарасы жазылмайды» ертегісін мазмұндау

    1. Әкесі баласын сабырлы болуға қалай шақырды?

    2. « Ашуды ақылға жеңгізе біл» дегенді қалай түсінесің?

    3. Ал енді өздерің ашуланған кезде не істейсіңдер?




Ескерту

Сабаққа керекті құралдады дайындау. Оқушыларды топқа бөлу.

Су түбіне саяхат «Алтын балық»

Балалар өзінің ішкі күйіне үңілуімен су түбіне саяхат жасауына баяу әуен қосылады.

Әр топтан 3 оқушы ортаға шығып мазмұнын айту


  1. Дәйексөз.

Сабыр деген әр іске шыдамдылық

Қатты керек адамға бұл бір қылық

Қолы жетпей талай жан ызданады,

Осыдан көп шығады адамшылық.

Шәкәрім


  • Сабырлы болу дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Сабырсыздық адамды орынсыз ашуландырады. Ал орынсыз ашу асығыстыққа жол береді. Асығыс қабылдаған шешім, барлық уақытта орынды бола бермейді. Ондай жағдайда ақылға салып, ашуға берілмей, ойланып алу сабырлықты білдіреді. Сондықтанда Шәкәрім атамыздың бұл өлең жолында көп мағына жатыр.

Дәйек сөз жазылған парақшаны көрсету.

Оқушылар өз ойларын айтады.

2 мин.


  1. Оқиғаларды әңгiмелеу «Асыл шөп»

Зылиқа мен Батима деген біреудің қызметінде тұрған екі қыз төбесіне бір-бір жәшік жеміс көтеріп, қалаға сатуға келе жатыпты – мыс. Зылиқа аһлап-уһлеп шаршадым деп, Бәтима күліп, әзілденіп келе жатыпты. Сонда Зылиқа айтыпты:

-Сен неге мәз болып қуанып келесің? Төбемдегі жәшіктің ауырлығы ма басымнан кем емес. Өзің де менен күшті емессің .

- Мен жәшгімнің ішіне ауырд жеңілдететін бір асыл шөп садым, -депті Бәтима

- Ай, ондай болса, шөбіңнің атын айтшы, мен де жүгімді жеңілдетейін – депті Зылиқа

- Ол шөп сенің қолыңа түспей ме деп қорқамын, ал іздегің ткелсе, аты «сабыр» деген – депті Бәтима.

Сұрақ –жауап:


  1. Зылиха неліктен ашуланды?

  2. Төбелеріндегі жәшіктің салмағы бірдей болса да Батима неге шаршамады?

  3. Шын мәнінде «сабыр» деген шөп бар ма?




Әнгімелеп айтып беру 5 мин

Топпен жұмыс жасау

2 мин.


  1. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.


І топ; «Сабырлылар» Бәтиманың көңілді жүруінің себебі неде деп ойлайсындар?

ІІ топ; «Сабырсыздар» Сендердің ойларынша сабылы адам қандай болуы керек.

ІІІ топ; «Әдептілер» Зылиқаның «сабыр» атты шөпті таба алуы мүмкін бе?

Дәптермен жұмыс: Осы дәйексөзді дәптерімізге жазып алайық

Әр топ өз жұмыс-тарынын қорғау.


Дәптерге көшіріп жазу.

  1. Топпен ән айту.

«Көңілді күн» Ұ. Жолдасов – А. Дүйсенбі

Теріп едік жемісін сезім бақтың ,

Силастықтың алауын өзің жақтың

Сенің думен тойыңның әнін естіп

Есігіңді шыдамай өзім қақтым.

Қ-сы


Бүгін қандай тамаша

Көңілді күн 3 рет

Сенің қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол жан досым


2. Бір тамаша отырдың өмірге еніп,

Жүзің бал бұл жадырап көңілденіп

Есігіңнен мен кіріп келенімде

Қуандың ау балаша мені көріп

Қ-сы

Бүгін қандай тамаша



Көңілді күн 3 рет

Сенің қуанышыңмен құттықтаймын

Бақытты бол жан досым


Сыпыппен әнді орындау

  1. Үй тапсырмасы. Мәтінді оқу. М. Әшірбековтың «Жастарға» өлең




123 бет, жаттау


  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

«Өзіммен өзім»

Баяу сазды әуен қосып қою. Қазір сендер сабырлы болу жолдарын ойлап көріңдер?

«Менің сабырлы ұстамды болғым келеді. Мен үйде де, ауылда да, мектепте де өзімді ұстаймын, еш нәрсеге ренжімеймін. Ақырын басып баппен сөйлеп келе жатқан өзімді сыртымнан көріп тұрмын. Ол сондай тартымды, жарасымды екен. Маған сабырлы, ұстамды болған сондай ұнайды».



Оқушылармен тыныштық сәтін орындау.


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Өскемен қаласы әкімдігі «Ахмер орта мектебі» КММ

Мерзiм


Мұғалiм Сарсекенова Самал Маратовна

Сынып 3 «Г» Оқушылар саны 25

Тақырып «Мақтану—мақтаншақтық емес»

Құндылық дұрыс әрекет

Қасиеттер кішіпейілділік, қарапайымдылық


Сабақ мақсаты: Оқушылардың дұрыс іс-әрекет арқылы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

1.Білімділік: Мақтану, мақтау, мақтаншақ болжау туралы түсініктерін қалыптастыру.

2.Дамытушылық: кішіпейілділік, қарапайымдылық қасиеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік:Кішіпейілділікке,қарапайымдылыққа тәрбиелеу.



Ресурстар: үнтаспа, жұмыс дәптер, оқулық

Сабақ барысы:

I Ұйымдастыру кезеңi.

--Сәлеметсіздерме, балалар, бүгін мен сендермен өзін-өзі тану пәні сабағында кездескеніме өте қуаныштымын. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мақтану—мақтаншақтық емес». Біз бүгінгі сабағымызда мақтану, мақтаншақтық туралы айтамыз. Сабағымызды бастамас бұрын үш топқа бөлінеміз, (1-топ қызыл, 2-топ жасыл, 3-топ сары). Ал енді,балалар кімге қай түс ұнайды, бөлініп отыра қалыңыздар. 5-Т ережесін еске түсіру.



II Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену.

Балалар жайғасып отырады. Үнтаспадан ақырын әуен ойналады.

Қане, балалар, қазір бәріміз өз бойымыздағы мақтан тұтарлық қасиеттерді ойланып, айтып беруге дайындалайық.

III. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге «Алтын мүйіз» ертегісін оқып келу болатын. (3-4 оқушыдан мазмұнын сұрау).

Мәтін бойынша сұрақтар:

1.Алтын мүйіз неліктен өз табынынан кетіп қалды?

2. Алтын мүйіздің іс-әрекеті мақтануға жата ма? Неліктен?

3.Ол мақтаншақтығынан қандай қиыншылықтарға тап болды?

4.Алтын мүйіздің өз табынына оралуы.

Балалардың жауаптары тыңдалады.



Ескерту

IV. Дәйексөз.

«Мақтаншақ кісі- менмен кісі, менмендік адамның міні»

(Жүсіпбек Аймауытов)

1.Қандай адамды мақтаншақ адам дейді?

2.Менмендік дегенді қалай түсінесің?

3.Сендер қандай істеріңмен мақтана аласыңдар?






V. Оқиғаларды әңгiмелеу

Оқушылырға «Бақа мен өгіз» мысалын әңгімелеп беремін.

1.Бақа қалай мақтанады?

2.Мақтаншақтық неге апарып соғады?

3. Сендердің араларыңда мақтаншақ бала бар ма?

Балалардың жауаптары тыңдалады.






VI. Шығармашылық іс-әрекет, топтық жұмыс.

Отырған үш топқа, алдын ала дайындап қойған мәтінді таратып беремін. Әр топ өздеріне тиісті мәтіндегі оқығанын сахналап, оның мақтануға, не мақтаншақтыққа жататынын дәлелдеу.



1-топ тапсырмасының мәтіні:

Үстелдің үстінде көк қағазбен қапталып, тысына әдемілеп жазылған сынып журналын көрген мұғалім: «Енді журнал кірлемейтін, тозбайтын болды. Мұны жасаған адамға көп-көп рахмет!»--дегені сол еді. Орнынан ұшып тұрған Алмас: «Оны қаптаған мен» , --деп мақтанды. Шын мәнінде журналды қаптау керектігі ескертілген соң, қалың қағаздан Нұржан деген бала тауып әкеліп, жазуын Ерлан жазған еді. Ал Алмастың қаптағаны рас. Үш баланың тындырған ісін, Алмас бір өзі иемденіп тұр.

Мұғалім қалған оқушылырдың қатысы барын білетін. Ал олар біз де «Біз де көмектестік» деп қабаттасқан жоқ.

Мұғалім: «Менің естуімше, Нұржан, Ерлан үшеуің жаңалаған сияқты едіңдер. Әлде мен жаңылып естідім бе?», деп оқушылырға барлай қарады.

Өз қылығына ұялған Алмас: «Ия біз үшеуміз бірге жасағанбыз»,-деп кешірім сұрағандай мойындай сөйледі.

2-топ тапсырмасының мәтіні:

Жадыра республикалық біріншілікке қатысып, жүлделі орынды жеңіп алды.Ертеңіне сыныпқа кіре салып, «Мен бірінші орын алдым», -деп айқайлады. Сыныптастары Жадыраның жетістігіне шаттана қуанды.



3-топ тапсырмасының мәтіні:

Шаңғы тебумен айналысқанына үш күн болған Айдос достарына: «Мен ертең биік таудан әкеммен бірге сырғанайтын болдым. Шаңғыны жаңа үйреніп жүрсем де жаттықтырушым маған рұқсат берді»,- деді. Балалар оған таңырқап, күмәнмен қарады.

Жағдайаттарды сахналап көрсету.

Дәптермен жұмыс. Дәптердегі «Менің ойымша» айдары бойынша берілген бос жолдарға мақтану мен мақтаншақтық туралы өз ойларын жазады.

3-4 оқушыдан жазғандарын оқыту.






VII. Топпен ән айту.

«Жас дәуірдің түлегіміз» әні

(Сөзі: О.Өтетілеуұлы, әні: И.Нүсіпбаев).

Балалар, бұл өлеңде біз еліміздің Отанымыздың , орман-тауларын туған өлкемізді, ауылымызды мақтан тұтып отырмыз.






VIII. Үй тапсырмасы.

Оқулықтағы 105-беттегі «Мейірімділік—асыл қасиет»

деген тақырыбындағы, М.Төрежановтың «Сары тауық пен оның балапандары» деген әңгімесін оқып келу.

Ә.Дүйсенбаевтің «Ардақты ана» өлеңін жаттап келу.






Каталог: uploads -> doc -> 05bc
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05bc -> Сабақ тақырыбы Бағдарлама мазмұны Сағат саны Мерзімі 1
05bc -> Сабақ № Өтетін уақыты: Тақырыбы: «Жас зымыраншылар». Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет