Сабақ. «Біз осындай баламыз»


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары



бет9/9
Дата23.08.2017
өлшемі1,42 Mb.
#24840
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9


«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп Үлкенбөкен мектеп балабақша кешені

Мұғалiм Егеубаева Г.К.

Сынып 3

Оқушылар саны 15



Тақырып : Өмірді танып білуге құштарлық

Құндылық: Ақиқат
Қасиеттер: Мейірімділік, ізеттілік, бірлік, ынтымақ т. б


Сабақтың мақсаты:
«Өзін - өзі тану» адамгершілік құндылығы туралы түсініктерін кеңейту
Оқыту мен тәрбиелеудің міндеттері:
• Өмірді тану туралы түсініктерін кеңейту;
• Өмірді танып білуге қызығушылықтарын арттыру;
• Өмірді сүюге, жақсы өмір сүруге тәрбиелеу.



Ресурстар: кітап, үнтаспа,дәптер,

маркерлер,плакат



Сабақ барысы
1йымдастыру кезеңi.

Сәлемдесу, оқушылардың көңіл - күйін сұрау, сабаққа қатысуды тексеру. Бір - біріне тілектер айту.

  1. Тыныштық сәтi.
    - Балалар ыңғайланып отырып алыңдар да, терең дем алыңдар. Көздеріңді жұмыңдар. Өз денелеріңізді сезініңіздер және бос ұстаңыздар. Дене демалады, сана сезім сергиді. Өз денелеріңізді көз алдыңызға елестетіңіз... Басыңыздан бастап, аяғыңыздың ұшына дейін...
    Біз жақсы мен жаманның не екенін ажыратып, бойымыз жеңілдеп қалғандай. Бейне бір ақ түсті көбелекке ұқсап, ұшатын қанат пайда болғандай. Айналаға көз салсақ, тек қана әдемі, жақсы заттарға көзіміз түседі. Құлпырған гүлдер, оның маңында жақсы балалар... Олардың әрқайсысының жүзінде күлкі ойнайды. Жер бетіндегі барлық тірі зат біздерге: «Жақсы бала бол!» деп сыбырлағандай болады. Ал төбемізден нұр шашқан алтын күн бізге: «Жақсы болу өзіңнен», деп қарайды. Ия, ия шынында да, көбелектер секілді әдемі болып, тек қана әдемі жерде жүру керек екен - ау! Біз барлығымыз да жақсы екенбіз ғой! Жақсы болу өзімізден екенін біз де сезінгендейміз.
    Ал, енді «бір, екі, үш» деп, бұрынғы қалпымызға келейік.



  2. Үй тапсырмасын тексеру

- 2 сыныпта өзін - өзі танудан не үйрендіңдер?
- Өз өзіңе, өзге адамдарға, табиғатқа деген көзқарастарың өзгерді ме?
- Жазғы демалыста қандай қызықты оқиғаларды бастан кешірдіңдер?



Ескерту

  1. Дәйексөз. «Өзін өзі тану – адамгершілік құндылықтардың негізі» деп тақтаға жазып, мәніне тереңірек тоқтау. Дәйексөзді дәптерге жазып алу.






5.Әңгiмелеу.

Мәтінді әңгімелеп беру Мәтінмен жұмыс М. Төрежановтың «Алтын балық»әңгімесін кідіріспен әңгімелей отырып, ондағы әр - бір ойларға байланысты балалардың пікірлерін тыңдау.



Дәптермен жұмыс Өзін - өзі танудан не үйренгілерің келетінін дәптерде берілген алтын балықтан сұрап, сол тілектерді бос жолға жазу.




6.Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

Тақырыпқа байланысты эссе «Мен қандай баламын» жазу







7. Топпен ән айту.

«Жас ұлан» әні




8. Үй тапсырмасы. «Менің өмірімде болған қызықты кездер» тақырыбына эссе жазу.






9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.
- Балалар, тыныштық сақтап, үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейік. Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сабақтан алған білімдеріңді тағы бір еске алып жүрегімізге салып алайық.







«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: «Аманкелді атындағы орта мектебі» КММ Мерзiм: 14 маусым 20116 ж.

Мұғалiм: Толеубаева Ж.Т.

Сынып: 4-сынып Оқушылар саны: 8 оқушы Тақырып: Табиғатқа қамқорлық

Құндылық: Қиянат жасамау Қасиеттер: Сүйіспеншілік, қамқорлық, мейірімділік


Сабақ мақсаты:

Оқушыларды табиғатқа қамқорлық жасауға үйрете отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу

Міндеттері:

1. Оқушыларға табиғатқа қамқорлық ол қиянат жасамау екені туралы түсінік беру

2.Оқушылардың бойындағы сүйіспеншілік, қамқорлық қасиеттерін дамыту

3. Айналаны қоршаған ортаны сүюге, қамқор болуға тәрбиелеу

Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер)

Оқулық,дәптер, флипчарт, маркерлер,интербелсенді тақта, бейне материал

Сабақ барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңi.

Оқушылардың сабаққа қажет құралдарын түгендеу, суреттер арқылы 2 топқа бөлу.

5 «Т» ұстанымын еске түсіру.

1. Тәртіп

2. Талап

3. Тыныштық

4. Тазалық

5. Татулық

Тыныштық сәтi: «Орманға ойша саяхат»
Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны жұтып, шашыңызды желбіреткен желді және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Бір минут тоқтап айналаға көз салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Гүлдердің біріне жақындап, еңкейіп, оның нәзіктігі мен жұқалығына зейін салыңыз. Оны иіскеңіз және хош иісін жұтыңыз. Айналадағы бар нәрсені бақылап, ары қарай жүре беріңіз. Гүлдер, гүлдер мен ағаштардың иісі, құстардың дауысы және жәндіктердің ызыңы. Орманға ендей түсіңіз, қараңызшы, ағаштар биіктей әрі қалыңдай түсті. Жарық пен көлеңкенің ойынын қызықтаңыз, жапырақтардың сыбдырын тыңдаңыз. Біз өзімізді орманда бақытты әрі қауіпсіз сезінеміз. Алаңқайға шығып, осында бірнеше минут демалыңыз. Түбіне барып отырғыңыз келетін ағашты таңдаңыз. Ағашқа жақындаңыз да оны діңінен құшақтаңыз. Оның қуаттылығын сезініңіз, ондағы өмір қуатын сезінуге және ұғынуға тырысыңыз. Енді оның діңіне арқаңызды сүйеп отырыңыз. Көзіңізді жұмыңыз, терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым-жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). 
Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және бақытты сезіну қандай. Табиғат неткен ғажап, оны қалайша сүйетінімізді бен қадірлейтінімізді, бірде бір тірі жәндікке зиян тигізбес үшін қамқорлық жасауды түсінеміз. Сіздің өз ағашыңыз бар екенін және кез келген уақытта оған келе алатыныңызды есте ұстаңыз. Ал қазір мектепке қайтуға дайындалыңыз. Орныңыздан тұрып, айналаға тағы бір көз қырын салыңыз. Келген жолыңызбен кері қайтыңыз, жолыңыздағы жәндіктерді басып кетпеңіз. Міне, мектептің алдына да келдік. Айналаңызға тағы бір қараңыз, таза ауаны терең жұтыңыз, есікті ашып, өз орныңызға қайтып келіңіз. Осы жым-жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз! 

2.Үй тапсырмасын тексеру

130-беттегі А. Мырзағұлованың «Табиғат-ана» мәтінін оқып келу. Мазмұны бойынша сұрақтар: 
1. Табиғат-ананың ұлдарының бойында қандай қасиеттер бар екен?

2.Табиғат-ана ұлдарына неліктен сый жасағысы келді? 
3. Табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер? 
4. Табиғат-ананың көріктеніп сұлулығының артуының сыры неде? 
5. Анасы ұлдарына қандай сый тартады деп ойлайсыңдар? 
6. Өзің табиғатқа қандай қамқорлық жасадың?

Ескерту
2 мин

3 мин

8 мин



  1. Дәйексөз.

Мәтіндегі берілген ой мен оқушылардың сұрақтарға жауаптары дәйексөзбен қорытындыланады. «Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, оны айтуға табиғаттың тілі жоқ». 
Р.Сәтімбеков

  • Осы даналық сөздің мағынасын қалай түсіндірер едіңдер?

  • Ия, адамның өмір сүруі мен табиғат тығыз байланысты екенін жақсы білеміз. Енді сол Табиғат – анамызды қорғау, таза ұстау, болашақ ұрпаққа тапсыру – біздің басты міндетіміз.



5 мин

  1. Оқиғаларды әңгiмелеу

- Балалар, мен сендерге Кеңес Оразбекұлының «Үзілген гүл» атты әңгімесін айтып берейін.  

«Бүгін Жамал апай табиғат туралы, оның адамзат үшін маңызы жөнінде әңгімелеген. Гүлмінез сабақтан келе салысымен, асханадан пышақ пен шыны ыдыс алып, үй сыртындағы қыратқа шығып кетті. Біраздан кейін жүзі гүл-гүл жайнап, қайтып оралды. Қолындағы шыны ыдысқа қырдың ақ гүлдерін толтырып жинаған еді. Оларды бақша ішіндегі гүл егетін алаңға отырғыза бастады. Осы кезде үйден шешесі шықты. Қызын бақша ішінде көрдіде, жанына келді. 
-Қарашы, апа. Мына әдемі бәйшешектерді адырдан қазып алдым. Біздің Жамал апай айтты: «Табиғатты қорғау керек» деп... 
-Сен оларды қорғаудың орнына, өсіп тұрған жерінен үзіп әкелдің ғой. 
-Иә, міне, қарасайшы, тамырлары бар. Қайтадан отырғызып жатырмын. Мен бұларға күнде су құйып күтетін болам. Әйтпесе, далада оларға ешкім қарамайды. Жазға жетпей қурап қалатыны содан... Шешесі мырс етіп күліп жіберді де, іле салмақты күйге ауысып: 
-Сен дұрыс жасамадың, Гүлмінез,- деді. –Табиғатта не нәрсенің болса да өз орны, заңдылығы бар. Бұл бәйшешектер – көктемнің хабаршысы. Ерте гүлдейтіні де содан. Бұлар қурағанымен, орнын басқа гүлдер басады. Сонысымен де адамға қымбат. Мына гүлдер қай жерде гүлдесе, сол жерде ұрық шашып, ендігі жылы тағы өніп шығар еді. Ал сен оларды білместікпен зорлап әкелдің. Егер Жамал апайыңнан «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деп сұрап алғаныңда, бұл іс болмас еді. 
Гүлмінездің жүзі қызарып, төмен қарады. Шешесі қызының шашынан сипап: 
- Бұларды енді осы орнынан қозғамай-ақ қой. Екінші рет қателік жасамауға тырыс. Жүр үйге, тамақ суып қалады, -деді. Гүлмінез ілбіп басып шешесінің соңынан ерді. Сөйтсе де оның санасында «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сауал жаңғырықтай қайталанғандай болды. Осыны келесі сабақта апайынан сұрап алуға бекінді.»
Мәтін бойынша сұрақтар қою: 
1. Гүлмінез неліктен бәйшешекті үзіп әкеліп, үйінің маңына отырғызды? 
2. Гүлмінездің әрекетіне анасы қалай жауап берді? 
3. Гүлмінездің іс- әрекеті туралы не айтуға болады? 
4. Анасының «табиғаттың өз орны, заңдылығы бар»деген сөзін қалай түсіндіруге болады? Мысал келтіріңдер 
5. Гүлмінездің «Табиғатты қалай қорғаймыз?» деген сұрағына қалай жауап берер едіңдер? 



7 мин

  1. Шығармашылық іс-әрекет,топтық жұмыс.

Табиғат туралы бейнеүзінді көрсету. 

1-топ: «Табиғаттың сыйы» тақырыбына постер жасау. Мағынасына сай мақал-мәтел жазу

2-топ: « Табиғатқа сый» тақырыбына постер жасау. Мағынасына сай мақал-мәтел жазу

8 мин

  1. Топпен ән айту.

«Ертегілер әлемі»  Әйгерім Қалаубаева 


5 мин

  1. Үй тапсырмасы.

1. Оқулықтың 133-бетіндегі Э.Шимнің «Көктем иісі» мәтінін оқып келу. 
2. «Табиғатты қорғау!» тақырыбында сурет салу

2 мин

  1. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.(Ақырын баяу әуен қосу)

Көзімізді жұмып,еркін жайғасайық.

Енді,бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік,қандай жақсы нәрселерді үйрендік,қандай сабақ алдық сол жөнінде ойланайық.Осының барлығын жүрегімізге сақтап,көкейімізге түйіп алайық.

Жайлап көздеріңізді ашуға болады.Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!


5 мин

Каталог: uploads -> doc -> 05bc
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05bc -> Сабақ тақырыбы Бағдарлама мазмұны Сағат саны Мерзімі 1
05bc -> Сабақ № Өтетін уақыты: Тақырыбы: «Жас зымыраншылар». Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет