Сабақ. «Біз осындай баламыз»



бет4/9
Дата23.08.2017
өлшемі1,42 Mb.
#24840
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттері
: : Мейірімділік, Жақсылық, Қамқорлық

Сабақтың мақсаты:

 Оқушылардың бойына  жақын адамдарына деген құрметін сүйіспеншілік  арқылы ұғындыру.


Сабақтың міндеттері:

 Оқушыларға мейірімділік, жақсылық, қамқорлық қасиеттері туралы түсінік беру

 Оқушылардың мейірімділік, қамқорлық таныту, жақсы істер жасай білу іскерліктерін дамыту.

 Оқушыларды мейірімділікпен жақсылық жасауға, қамқор болуға тәрбиелеу




Ресурстар:оқулық, дәптер,ватман,маркер, ән мәтіні

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасып, оларды түгелдеу, көңіл-күйлерін сұрау.

5 Т – ережесі «Тәртіп , талап , тыныштық, тазалық , татулық»

Балалар ережені есімізге түсіріп , сыныптың тәртібін сақтап, оқып-білуге талаптанып,тыныштықты орнатып, тазалықты сақтап , бүгінгі күнімізді татулықпен өткізейік.

2.Тыныштық сәтi. Нұрға бөлену

 Әуен 


Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек — қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді.

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын… Ғаламның барлық түпкір — түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын… Нұр менің ішімде… Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз…

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Рахмет.


Оқушылар өз әсерлерімен бөліседі.

3. Үй тапсырмасын тексеру.

Оқулықтың 65- бетіндегі

 Р.Ақдемірдің   «Ана махаббаты» атты мәтіндіүйден оқу және өз ұсыныстарын жинақтап, осы әңгімедегі ерекше естеріңде қалған , риясыз сүйіспеншіліктің көріністерін суретке  салып келу тапсырылады.  (Оқушылардың үйден салып келген суреттерін  талқылау).

Сұрақтар:

- Балалардың саяхаттан бас тартуларының себебін қалай түсіндірер едіңдер?

- Отбасындағы жарасымдылықтың сыры неде?

- Осы мәтіннен риясыз сүйіспеншілік қалай көрініс тапты?

- Ананың махабаты риясыз сүйіспеншілікке жата ма?





4.Дәйек сөз:

«Адамның жақсысы - адамға сүйіспеншілікпен қарағандар»

Абай Құнанбаев

-Абай Құнанбаев атамызды есімізге түсірейікші, оның қандай шығармаларын білесіңдер?

- Сүйіспеншілікпен қарау деген нені білдіреді?

- Риясыз сүйіспеншілік дегенді қалай түсінесіңдер?

Дәйексөзді оқушыларға бір –екі рет қайталатып, жатқа айтқызып, дәптерге көшіріп жазғызамыз.



Ескерту

5.Мұғалімнің сыйлығы:

.Оқиғаларды әңгімелеу. (Сұхбат)

«Ана махаббаты» аңыз әңгіме

Бір күні балалары бір келісімге келе алмай анасына келіп сұрақ қояды:

-Анашым, сіз біздердің қайсысымызды ерекше қатты жақсы көресіз?

Анасы үндеместен, шырақты жағып былай дейді:

-Мынау- шырақ, ол — мен!

Оның жалыны- менің сендерге деген сүйіспеншілігім.Осыдан кейін анасы тағы бір шырақты алып, өз шырағы арқылы жақты.

—   Бұл менің- тұңғышым, оған мен өз жылуым мен сүйіспеншілігімді бердім. Қараңдаршы, екінші шырақты жағуыммен менің жылуым, сүйіспеншілігім азайды ма?

—  Жоқ!


-Менің шырағымның жалыны бір қалыпты.

Сонымен анасы қанша баласы бар сонша шырақ жақты. Шырақтың жалыны көбейіп, одан сайын көп жылу берді…

Аналарың сендерді үнемі сүйіспеншілікке бөлейді, ал сендерде аналарыңды үнемі риясыз сүйіспеншілікке бөлеңдер!

Сұрақтар:

1.Балалар не себепті келісімге келе алмады?

2.Ана өз сүйіспеншілігін қалай білдірді?

3. Риясыз сүйіспеншіліктің мәні неде?



6.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

Оқушылар 3-топқа бөлінеді.



1-топ «Ана» тақырыбына арналған өлеңді толықтыру керек.

Аялай біл, сен деп соққан жүректі,

………………… таси берсің, дәулетің.

Айналамда нәзік жанды ……………,

…………….. бір-бірінен көмекті.
Ауырмашы мәңгі соқсын ………..,

………….. қанша рет өтті түндерің

Сүріңгенде күш беріп …………….,

Қалайша сен барда мен қартаямын?


Аялай біл, сен деп соққан жүректі,

Әрқашанда таси берсің, дәулетің.

Айналамда нәзік жанды адамдар,

Аямайды бір-бірінен көмекті.

Ауырмашы мәңгі соқсын жүрегің,

Ұйқысыз қанша рет өтті түндерің

Сүріңгенде күш беріп аяладың,

Қалайша сен барда мен қартаямын?



2-топ Тірек сөздер беріледі сол сөздерді пайдаланып «Ана - өмірдің — гүлі,тіршілік басы» шағын эссе жазу.

Тірек сөздер:

Аяулы, ардақты, алақаны, ақ сүті,мейірімді,қымбат,мәпелеген, әлдилеген, кең пейіл,қамқор , күн шуағы, нұр шашады.

3-топ «Ананың мейірімі» тақырыбында сахналап көрсету.
7.Топпен ән айту.

Ана туралы жыр . Сөзі: Ғ. Қайырбековтікі

Әні: Ш.Қалдаяқовтікі

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған
Даланың әр гүлін жинадың сен маған
Сен бердің құстардың қанатын самғаған
Балалық қоштарың өзіңе арнаған
Қайырмасы:
Әлдилеп, аялап өсірген жемісің
Самал жел саябақ құшағың мен үшін
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын

Өтеуге борышын анашым жан сырым
Іздедім сен үшін әлемнің асылын
Әлемнің байлығын сыйлар ем кеш мені
Сыйлар ем ай - күнін қолыма түспеді
Қайырмасы:

Ете көр қанағат, әзірге берерім
Балалық махаббат, балалық жүрегім
Бол риза анашым, қолдағы осы бар
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал

8. Үй тапсырмасы

№ 16- сабақ: Мәтінмен жұмыс.  С. Байжановтың  «Адамды сүйе біл» әңгімесін оқып келу.

Дәптермен жұмыс.  «Өздеріңнің жақындарыңды қалай қуантар едіңдер?»  ойтолғау жазып келу.
9. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Қорытынды:

Ана – үйдің берекесі, қыз баланың өнегесі, шаруаның несібесі. Ананың көзінен нұр төгіліп, жан-жағына шуағын төгеді. Осы шуақпен жылынып, асыл Ананың құшағында мейір алып жүрген біз – алтын Ананы мәңгі қастерлеп, еңбегін бағалап өтейікші!

Бүгінгі керемет сабақ үшін сіздерге көп рахмет!

БаяумузыкақосыладыКөзімізді жұмып, тыныштықта  бүгінгі сабақты есімізге түсірейік. Енді, бүгінгі өткен сабағымыздан нені түсіндік, қандай жақсы нәрселерді үйрендік, өзімізге нені алдық сол жөнінде ойланайық. Осының барлығын жүрегімізге салып, көкейімізге түйіп алайық.  Жайлап, көздеріңізді ашуғаболады.








«Өзін-өзі тану» сабағының жоспары
Мектеп: №45 бейімделген орта

Мерзiм:

Мұғалiм: Жұмажанова Айдана Ерланқызы

Сынып: 5

Оқушылар саны: 24

Тақырып: «Табиғат – тылсым дүние»

Құндылық: қиянат жасамау.

Қасиеттер: кеңпейілділік, тіршілік иелеріне қиянат жасамау, қоршаған ортаны қорғау.


Сабақ мақсаты:

Оқушыларға «Табиғат тылсым дүние» екенін ұғындыра отырып, қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу



Міндеттері:

1. Қоршаған ортаға қамқорлық жасау түсініктерін кеңейту.

2. Тіршілік иелеріне қиянат жасамау білімдерін дамыту. 

3. Кеңпейілді болуға тәрбиелеу.



Ресурстар:

(күнделік, оқулық, жұмыс дәптері, қаламсап, қарындаш)



Сабақ барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңi. Сәлемдесу. Оқу құралдарына назар аудару.

2. Тыныштық сәтi.

«Нұрға бөлену»

- Көз алдыларыңызға нені елестеттіңіздер?

- Ішкі жан дүниеңіз нені сезді?



3. Үй тапсырмасын тексеру

Тапсырма: 27-сабақ, 94-бет.

Ә. Ысқабаев «Бесағаш бұлағы»

- Қасымбек Бесағаш бұлағына не үшін келді?

- Қарияның бұлақ көзін ашудағы мақсаты неде?

- Қарияның бұлақ көзін ашудағы мақсатын кеңпейілділік деп айта аламыз ба?

- Кеңпейілділік пен қомқорлықтың зая кетпейтінін қалай түсінесіңдер?


Сабақ барысын талқылау

1. Дәйексөз.

Жайқалсын жасыл әлем өлкемізде

Сән түзеп көрік берсін жер бетіне

Р.Сәттімбекұлы             

                             

Сұрақ: жер бетінің көріктенуіне қажет басты нәрсе?..

Дәйексөзді оқушыларға оқыту. Хормен оқу, дәптерге көшіріп жазу. Дәйексөздің мәнін ашу.






4. Оқиғаларды әңгiмелеу

«Қайыңның қасіреті» Қ.Толыбаев

    Қар кетіп жердің бетін дегди бастаған. Көктемнің жайма шуақ күні. Тау етегіндегі қалың ақ қайың орманын аралап серуендеп жүрміз. Зәулім ағаштың сала-сала бұтақтарын жапқан, жылқының жалындай жалбырап, төмен төгіле саудырап тұрған шыбықтары бұйра шашы секілді. Әр жеріндегі бітпеген жараның ауызындай қабыршықтар ағаштың сұлу сипатын бұзып тұр. Денесіне түскен зақымның зардабын жария еткендей, айғыз-айғыз. Бірден назар аударады

-  Қарашы, мына жерге біреу пышақпен тіліп, «Н» әріпін жазыпты, деп серігім қинала тұрып, қайың діңін сипалады. Келе-келе осы жарақат үлкен даққа айналады да өшпейді. Қайың діндеріне жағалай көз жүгірттім. Шынында, ағаш дініндегі дақтар аппақ денеге түскен жарақаттың тыртығындай шор-шор болып қарайып тұр. Кей тұстағы «М», «С» деп ойып жазған әріптер қармен, жаңбыр суына еріп, езіліп кеткендей баттия қап-қара дақ болып, жуан діңге жабысып қалған. Өмір бақи өшпейтін, айықпайтын дерт секілді.

-  Обал-ай ... Жарақаттанып қалған, қалпына келмес тыртық сияқты екен, - дедім, серігімді мұңнан серпілтек ниетпен. Ол жадырай көсілді:

- Ағаш – Жер-ананың құшығындағы бөбегі. Оны бізде, адамдар да мәпелеуге міндеттіміз. Өйткені ылғи да пайдасын көріп жүрміз ғой.

- Бір ақымақтың қылығына бола, сонша күйгенің не?..

-  Сол ақымақтың қылығы қара шешектей жайылып кетсе, ем қонбайды....

- Асқынып, алқымдап тұрған ештеңе жоқ. Тәрбие керек, ұрпақтарымызды кесірлінің жетігіне жібермеуге тиіспіз.

- Мектепте де, үйде де туған табиғатты қорғау мәселесіне орай жан-жақты тәлім тәрбие жұмысы жүргізіліп келеді. Мыналар кейбір ақпақ құлақтардың

қылығы шығар, - дедім серігімді жұбатпақ ниетпен. ол сәл тыншыды да, ойын түйді:

- Атамның «бір құмалақ бір қарын майды шірітеді» дегеніндей, сол ақпақұлақтардың ойсыз әрекетері күйедей жұғымтал болса ше?!

- Оның істегенін қасында жүрген серігі қайталады.

Рас, жарақаттанған ағаш өлмейді, сыны ғана бұзылады. Ал мына әріптерді жазғандар бұл дүниеден әлде қашан өткенде шығар. Бірақ діңгегіндегі дақтар өшпепті, тыртық болып қалған. Майдан кешкен жауынгердің тәніне түскен жарақат тыртығы секілді.

Сұрақтар:  

1. Балалар ағашқа қандай зиян келтірді деп ойлайсыңдар?

2. Ағаштар да жылайды ма екен?

3. Неліктен ағаштағы жазуды жауынгердің тәніне түскен жараға теңеді?

4. Табиғат заңдылықтарын бұзу қандай жағдайға әкеп соқтыруы мүмкін?

5. Адамзаттың табиғат алдындағы парызы қандай?

6. Адам табиғаттың ең сенімді досы бола ала ма?





5. Шығармашылық топтық жұмыс.

І-топ: Қима суреттерден табиғатқа қиянат жасамау туралы ереже жазу

ІІ-топ: «Қиянат жасамау» ұғымына өлең шығару
Қиянат жасамайы ..................................,
Қиянат жасамайық .................................
Қиянат жасамайық ................................,
Қиянат жасамайық ................................!

ІІІ-топ: Өлеңнің сөзін жалғастыру. «Өмір сүрейік алмасып»

Жапырақ-жүрек, жас қайың!

Жанымды айырбастайын.

_______________ бастасаң,

_______________ бастайын.

Келісесің бе, жас қайың?

Көрінер, мүмкін, кімге ерсі,

Өміріңді маған бір берші!

_______________ дүниені

_______________ бір көрші.



Дәптермен жұмыс




6. Топпен ән айту.

«Табиғат анамыз»

әні; сөзі - А. Аманжолова

1. Табиғат ол-анамыз,

  Табиғатқа баламыз.

Құшағында ойнаймыз,

Шаттық әнге саламыз.

2. Жазда аралап тауында,                                      

Барамыз біз бауына.

Өзеніне шомылып,

Жүгіреміз жауында.



3. Табиғат әсем кыста да,

Соғар боран-бұрқасын.

Ақ мамыққа орайды

Әрбір бұтақ, бұта...


Аудио, сөзі мен әні


7. Үй тапсырмасы.

28-сабақ 102-бет, Ы.Кененбаевтың «Аққулар мекені» мәтінін оқып келу.






8. Сабақтың соңғы тыныштық сәтi.

Баяу әуен қосылады. Бойымызды тік ұстап, еркін жайғасайық. Бүгінгі сабақта айтылған барлық жақсы ойларды, табиғатқа деген қамқорлықтарыңды, махаббаттарыңды жүректеріңе сақтаңдар! Барлығыңызға рахмет!






Каталог: uploads -> doc -> 05bc
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
05bc -> Сабақ тақырыбы Бағдарлама мазмұны Сағат саны Мерзімі 1
05bc -> Сабақ № Өтетін уақыты: Тақырыбы: «Жас зымыраншылар». Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет