Сабақ жоспары doc



бет5/15
Дата07.02.2022
өлшемі286 Kb.
#96862
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Оқиға ықтималдығы және оның қасиеттері. Шартты ықтималдық. Ықтималдықтарды қосу және көбейту ережелері.

1-тапсырма:
Мақсаты: Кесте толтыру. Сынақ пен оқиғаның анықтамасын тұжырымдау.
«Ойлан-жұптас-бөліс» әдісі арқылы оқушылар ойланып, жұптаса және топтасып , тапсырманы бірлесіп орындайды.
Оқушылар сынақтың не екенін, оқиғаның не екенін анықтап болған соң, тақтадағы кестені толтырады. Әр топ бес сынақ, бес оқиға жазады.
Мысалы:

Сынақтар

Оқиғалар

Тиын лақтырылды

Елтаңбаның пайда болуы











Критерийі

Дескрипторлары




Сынақ пен оқиғаны ажыратады;

- Сынақ пен оқиғаның анықтамасын топта дұрыс тұжырымдай алады;
-сынақ пен оқиғаны анықтайды;
-кестені толтырады;




2-тапсырма:
«Сәйкесін тап» ойыны.


Мақсаты: Кездейсоқ оқиғаның түрлеріне байланысты анықтамасын сәйкестендіру.
Мысалы:

Кездейсоқ оқиғалар түрлері

Анықтамалары

Сәйкес емес

Біреуінің орындалуы басқасының орындалуын болдырмайды.

Теңмүмкіндікті

Сынақтың шарттары әрқайсысының орындалуын бірдей мүмкіндікпен қамтамасыз етеді.

Тәуелсіз оқиға

Болу ықтималдылығы болған оқиғаға байланысты емес оқиғалар. 



3-тапсырма:
Мақсаты: Ықтималдықтың қасиеттерін қолдану.
«100 ұпай ал» ойыны. Оқушыларға белгілі бір ұпайлар көрсетілген,тапсырмалары бар үлестірмелерді таңдауды ұсынамын. Топта бірігіп жұмыс жасайды.
1-үлестірме (5 ұпай).
Сауытта 1, 2, …, 100 нөмірлерімен белгіленген 100 шар бар. Сауыттан жобалап бір шарды алады. Алынған шардың номірі 5цифры болатынының ықтималдығы қандай?
2-үлестірме (10 ұпай).
Сауытта 3 қызыл, 4 көк және 2 жасыл шар бар. Сауыттан жобалап бір шарды алады.Алынған шардың қызыл болатынының ықтималдығын табыңыз.
3-үлестірме.(15 ұпай)
Ойын сүйегін бір рет лақтырады.

  1. Жұп сандар ұпайы түсуінің ықтималдығы қандай?

  2. 3-ке бөлінетен сан түсуінің ықтималдығы қандай?

4-тапсырма:
Мақсаты: Кездейсоқ оқиға ұғымын қалыптастыру. Мысалдар келтіру..
Ақиқат және мүмкін емес оқиғаларға мысал келтіре отырып,кестені толтырады.
Мысалы:

Кездейсоқ оқиғалар

Ақиқат оқиғалар

Мүмкін емес оқиғалар

Сауытта ақ және қара шарлар бар. Сауыттан шамалап екі шар алынды. Екі шар да ақ .

1-ден 6-ға дейін ұпайлар саны бар кубик лақтырылды. Алтыдан көп емес ұпайлар санының түсуі.

1-ден 6-ға дейін ұпайлар саны бар кубик лақтырылды. Оннан көп емес ұпайлар санының түсуі.







Критерийі

Дескрипторлары




Кездейсоқ оқиға түрлерін ажыратады;

- кездейсоқ оқиғаға мысал келтіреді;
-ақиқат немесе мүмкін емес екендігін ажыратады; ;
-кестені толтырады;







«Бас бармақ» әдісі бойынша топтар бір-бірін бағалайды.

«Дескрипторлары» арқылы әр топ бір-бірін бағалайды

.
«Сен маған,мен саған» әдісі арқылы жұптар бір-бірінің дәптерлерімен алмасады.Бір-бірін ауызша бағалайды.


Жиналған ұпайлар санына қарай бағаланады.


28-30 ұпай -«5»
25-27 ұпай -«4»
16-24 ұпай «3»

Үштік» әдіс
(Ойлан, жұптас, бөліс). Оқушылар ойына келген жауаптар немесе - идеяларды барынша көп жазу арқылы, кейін өз идеяларымен бөлісу.
«Дескрипторлар» арқылы топты бағалау.



Кейбір оқушыларға тапсырманы орындау барысында жан-жақты әрі нақты көмек беру.

Кейбір оқушыларға дереккөздерден тапсырмаға сәйкес жауапты іздеуге қолдау көрсетемін.


Барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да олардың нәтижелері әртүрлі болған кезде, қателескен оқушыға көмек көрсету.


Күрделілігіне қарай алға ілгерілеп отыратын тапсырмалары бар карточкаларды беру.

Барлық оқушыларға тапсырмаға сәйкес нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының мақсатқа жетуіне көмек жасау.

Сабақ соңы
5 минут

Қорытынды: «БББ» кестесін толтыру арқылы не білгенін, не білетінін,не білгісі келетінін жеткізеді. «Орел и решка» әдісі арқылы тақырыпқа байланысты оқушылар бір-біріне сұрақтар қоя отырып, сабақты бекітеді.

Тиынның белгіленген жағына түскен адам жауап береді.. Сосын ауысып отырады. Жұптар бір-бірін бағалайды.

Алған білімдерін шығармашылық тұрғыда қолдана білуге қолдау көрсету.

Мұғалімнің өткізген сабақ бойынша рефлексиясы

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланыңыз. Сол бағандағы өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы бағасы
Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет