Сабақ жоспары Тақырыбы: «Шш» дыбысы мен әрпі Сабақтың мақсаты: Білімділік



бет1/6
Дата08.09.2017
өлшемі0,56 Mb.
#30969
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
МКҚК «Балалар шығармашылық үйі»

Үйірме атауы: Баланы дамыту мектебі. Сауат ашу

Сабақ жоспары

Тақырыбы: «Шш» дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:   «Ш» дыбысы және әрпін таныстыру. Құрамында жаңа дыбысы бар сөздерді дұрыс оқуға үйрету.

Дамытушылық: Ойын арқылы балалардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін, оқуға, жазуға қызығушылықтары мен ынта-талаптарын арттыру, ой қозғау, әңгіме құру арқылы сөздік қорын молайту.

Тәрбиелік: Балаларды адамгершілікке, ізеттілікке, білім алуға, мейірімділікке адалдыққа, еңбексүйгіштікке баулу.

Сабақтың түрі: теориялық сабақ.

Сабақта қолданатын технология: СТО технологиясының элементтері

Сабақтың материалды-техникалық көрнекілігі: суреттер, кеспе әріптері кеспе буындар,қызыл, көе текшелер, үлестірмелі материалдар

Сабақтың мазмұны және барысы

Психологиялық дайындық

«5» болсын алар бағамыз,

Білімнен бақыт табамыз.

Мақсатымыз білім алу,

Міндетіміз еңбектену.

Қызығушылықты ояту

-Дыбыс дегеніміз не?

-Дыбыстар нешеге бөлінеді?

-Дауысты, дауыссыз дыбыстарды қандай текшелермен белгілейміз? (қызыл, көк)

-Ал әріп дегеніміз не? -Әріпті көреміз, жазамыз, оқи аламыз.

Дыбыстан не құралады? (буын)

Буыннан не құралады? (сөз). Сөзден не құралады? (сөйлем)

-Өте жақсы. Ал енді, балалар, «Жасырын сөз» ойынын ойнап жіберейік. Ойынның шарты суреттегі заттардың бірінші дыбыстарын қосып оқығанда жеуге жарамды ақ немесе сары түсті тамыржемісінің немесе орыс халқының ертегісінің аты шығады.



(Шалқан)

Мағынаны тану.

-Дұрыс.Шалқанды кім біледі? Шалқанның құрамында ағзамызға қажетті дәрумендер бар. Емдік қасиеті бар. Сонымен қатар шаш күтіміне де пайдалы. Шалқанның жапырағын қайнатып, шашты жуса шашың түспейді, майланбайды. Пайдасы көп. Шалқан сөзін буынға бөліп көрелік. Неше буын бар? Барлығымыз «Шалқан» ертегісін білеміз бе? Ол ертегінің кейіпкерлері кімдер еді? Шал- кемпір, қызы, күшік, мысық, тышқан.



  • Ендеше, балалар, сендер ертегілерді ұнатасыздар ғой. Қане, «шалқан» ертегісін есімізге түсіріп, ертегі кейіпкерлерін қонаққа шақырайық. Көмекке келген кейіпкерлер сіздерге өз тапсырмаларын ала келген.

  • Баяғы өткен заманда бір шал шалқан егіпті. Шалқан үйдей болып өсіпті. Шал шалқанды жерден суырып алмақ боп,олай тартқылайды, былай тартқылайды, суыра алмайды.
    Шал көмекке кемпірді шақырады. Кемпір құр қол келмей сіздерге суреттер алып келген сол суреттердің аттарын атап берулеріңізді сұрайды.

1.Тапсырма. Суреттердің атын атау.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет