Сабақ саны Модуль мазмұны Уақыты Кіріспе 1 -сабақ Модульге кіру



бет16/17
Дата07.05.2017
өлшемі6,08 Mb.
#15732
түріСабақ
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

V. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Қ. Қайымовтың өлеңін түсініп оқып, жаттау.

2. 2-талсырма. Диалоги оқып, өзара жалғастырып сөйлесу.

3. 3-тапсырма. «Ана тілі» мәтінін түсініп оқып, жазба­ша мазмұндау.



VI. Сабақты қорытындылау.

VII. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Айтылуы бір, жазылуы бөлек сөздерді тауып, мағынасын анықтау. Көшіріп жазу.

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ

Мемлекеттік тіл

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, мазмұның ай­тып беру.

2. 3-тапсырма. Өлеңді түсініп оқып, «жүз» деген сөзді қандай сөз таптарына жатқызуға болатынын анықтау. Сұрақтарын қою.

3. 4-тапсырма. Үш деңгейлі тапсырмаларды орындау.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

3-сабақ

Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Диалог бойынша өзара сөйлесу.

2. 2-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті септік жалғауларын жазу. Сан есімдерге үлгі бойынша сипатта­ма беру. Осы сөйлемдердің сұрақтарын дайындау.

Жауап үлгісі:

1. Конституцияда «Қазақстанда мемлекеттік тіл - қазақ тілі» делінген.

2. 1989 жылы 22 қыркүйекте «Қазақстан Республикасының Тіл туралы» Заңы қабылданды.

3. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы 1997 жылы 11 шілдеде екінші рет қабылданды.

4. «Тіл туралы» Заңда 27 бап қамтылған, ол алты тараудан тұрады.

Үлгі: бір мың тоғыз жүз сексен тоғызыншы - нешінші?, реттік сан есім.

3. 4-тапсырма. «Қазақ тілі сабағында» мәтінін әңгімелеу.

4. 5-тапсырма. Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып, етістіктер мен сан есімдерді қатыстырып «Қазақ тілі сабағында» деген тақырыпқа диалог құрастыру.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 3-тапсырма. Сөйлемдерді түсініп жазу, сан есімнің түрлерін анықтау.

4-сабақ

Сөздіктердің түрлері

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Өлеңді жаттау. Сан есімдердің түрін ажырату.

2. 2-тапсырма. Кесте бойынша әңгіме құрау.

3. 3-тапсырма. Диалогті толықтырып, өзара сөйлесу.



V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. 4-тапсырма. Фразеологиялық сөздікті пайдалана отырып, берілген тұрақты сөз тіркестерінің мағыналарын анықтау.

5-сабақ

Нәтиже сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ.Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Тест және бақылау тапсырмаларын орындау.

I. Тест сұрақтарына жауап беру.

1. Сан есім неше мағыналық түрге бөлінеді?

A. 4


B. 5

C. 6

D. 7

2. Тілді ұмытып қалмау үшін не істеу керек?



A. ұлттық киім қию керек

B. мектепте қазақша сөйлеу керек

C. үйде қазақша сөйлеу керек

D. көшеде қазақша сөйлесу керек

3. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қашан қабылданды?

A. 1989 жылы 22 қыркүйекте

B. 1990 жылы 23 қыркүйекте

C. 1991 жылы 24 қыркүйекте

D. 1992 жылы 25 қыркүйекте

4. Сөздердің дұрыс жазылуын қарастыратын сөздікті атаңдар.

A. Фразеологиялық сөздік

B. Орфографиялық сөздік

C. Түсіндірме сөздігі

D. Аударма сөздігі

5. Осы шақ нешеге бөлінеді?

A. 2

B. 3

C. 4


D. 5

6. Ауыспалы осы шақта тұрған қатарды табыңдар.

A. Біз жиі ауылға баратын едік.

B. Біз күнде сабаққа барамыз.

C. Біз сабаққа келе жатырмыз.

D. Ертең ауылға баратын едік.

7. Дұрыс жазылған реттік сан есімді табыңдар.

А. Шығарманың ІІ - томы.

В. 7 сыныпта оқимын.

C. 5-қатарда отырдық.

D. ХХІ-ғасыр.

8. Берілген қатардан сан есімді тіркесті табыңдар.

A. Асанның жүзі

B. жүз қой

C. суға жүз

D. жүзіне қара

9. Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңы қанша тараудан тұрады?

A. алты

B. жеті


C. он

D. он бес

10.Емлеге сай жазылған тұйық етістікті табыңдар.

А. тойу


B. жуыу

C. жию

D. оқыу

II. Бақылау сұрақтарына жауап беру.



XX МОДУЛЬ
Лексикалық тақырыбы: Қазақ тілін үйренеміз


Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

Модульге кіру Лексикалық тақырып Бекіту. «Ертегі әлемінде» мәтіні Деңгейлік тапсырмалар Жаттығуларды орындау

45 минут

Сөйлесу

2-сабақ

Тіл дамыту

Жаттығуларды орындау Мазмұндама жазу



45 минут

3-сабақ

«Туған тілде сыры терең жаным бар» атты Б. Әділовтің өлеңін оқу Деңгейлік тапсырмалар Тіл туралы мақал-мәтелдер

45 минут

4-сабақ

Қазақ тілін үйренейік Жаттығуларды орындау

45 минут

5-сабақ

«Тіл мен Әліппе» Деңгейлік тапсырмалар Сұхбатпен жұмыс Жаттығуларды орындау М. Жұмабаевтың өлеңін жатқа оқу

45 минут

Қорытынды

6-сабақ

1. Тест

2. Бақылау сұрақтары



45 минут



Кіріспе бөлімі

1-сабақ

Ертегі әлемінде

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Е. Өтетілеуовтің өлеңін жаттау.

2.2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тапсыр­маларды орындау. Б. Әділовтің ертегісінен үзіндіге ат қою.

3. Деңгейлік тапсырмаларды «Жеке-топтық» оқыта үйрету ойындары арқылы да жүргізуге болады.

Сынып 3 оқушыдан топтарға бөлінеді. Тақырып ма­териалы бірнеше блоктарға бөлініп, әрқайсысына үш нұсқадағы тапсырма дайындалады. Бір сабақта әр оқушыға 4 тапсырмадан болса, жеткілікті (3 нұсқасы х4=12 тапсыр­ма әр топқа). Жауаптары жеке парақтарда дайындалады. Тапсырмаларды бәрі орындайды, бір-біріне көмектеседі (мұғалімнен кеңес алуға болады). Бірінші тапсырма­ны орындап болған соң, команда оны үлгі бойынша тексереді, сосын 2, 3, 4-тапсырмаларды орындайды. Әр тапсырма бағаланып, нәтиже бағалау парағына жазыла­ды. Сабақ соңына барлық тапсырмаларға берген жауапта­рын қорыта келіп, әр оқушыға ортақ баға қойылады.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

Сөйлесу бөлімі

2-сабақ

Тіл дамыту

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, әңгімелеу. Етістіктерді теріп жазып, тұйық етістік формасын жасау.

Үлгі: бітірді - бітіру (не істеу?)

2. 2-тапсырма. Б. Әділовтің ертегі-повесіндегі үзіндіні рөлге бөліп оқу. Төменде берілген сұрақтар бойынша жұмыс істеу.

Сұрақтар:

1. Үзіндіде не туралы айтылып тұрғанын анықтаңдар.

2. Қандай жағымсыз қасиет туралы айтылып тұрғанын байқаңдар.

3. Мәтінде қандай сан есімдер қолданған?

3. 3-тапсырма. Мәтін бойынша мазмұндама жазу. Мәтінге ат қою.

V. Сабақты қорытындылау.

VI. Үй тапсырмасы. Қайталау.

3-сабақ

Туған тілде сыры терең жаным бар...

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Бекіту.

1. 1-тапсырма. Д. Әділовтің өлеңін мәнерлеп оқу.

2. 2-тапсырма. Мәтінді түсініп оқып, үш деңгейлі тап­сырмаларды «Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны арқылы орындау.
«Брейн-ринг» оқыта үйрету ойыны

(Жарыс ойын)

Құрал-жабдығы:

1. Нөмірлері және атқаратын рөлі жазылған жетондар.

2. Тапсырмаларға арнап алты (төрт) бөлікке бөлінген кеспелер. Сандар жазылған кеспелер.

3. Сары («3» бағасы), жасыл («4» бағасы), қызыл («5» бағасы) түсті фишкалар және толықтыру жасағандарға берілетін көк түсті жарты фишкалар.

4. Үстелдердің сілтемесі.

5. Ортақ қосымша парағы.

6. Үш деңгейлік тапсырмалар жазылған кеспелер: ойынның екінші нұсқасына мұндай кеспелер түрлі түсті көк, жасыл және сары түсті қатырма қағаздан жасалады.

7. Жауап үлгілері жазылған кеспелер.



Ойынның жүру барысы

Сынып 7(5) адамнан топтарға бөлінеді: мұнда 6(4) ойыншы және бір жүргізуші болады. Ойынға қатысушыларға нөмір жазылған жетондар таратылады. Әрбір топ жеке үстел басында отырады. Үстелдің үстінде үстелдің сілтемесі және 6(4) бөлікке бөлінген кеспелер; осы карталардың үстіне тапсырма жазылған карточкалар келесі ретпен қойылады: астында бірінші деңгей сұрақтары (3), оның үстіне екінші деңгей сұрақтары (2), ең үстіне үшінші деңгей сұрақтары (1). Әр бөлікке бір сұрақтан (А суретін қараңыз). Үстіңгі сұрақтарға дайындықсыз жауап беріледі («блиц-турнир»), екінші сұрақтарға дайындалуға 3-5 минут уақыт беріледі. Астыңғы сұрақтардың жауабы ең күрделі, оларға 7-10 минут уақыт беріледі. Жүргізуші жайманы жаяды. Мысалға, «2» саны түсті делік, яғни 2-нөмірлі ойыншы жауап береді. Егер жауап толық болса, ойыншыға фиш­ка беріледі. Егер жауап толық болмаса, онда кез келген ойыншы оны толықтырып, жарты фишка даярланады, алайда олар әр түрлі болуы да мүмкін, онда ойын екінші нұсқасы бойынша жүргізіледі.



Екінші нұсқаның ерекшелігі: бөліктерге бөлінген әрбір жаймаға бір ғана тапсырма кеспесі (онда 1-2 сұрақтан) қойылады. Бір үстелге қызыл түсті кеспе, екіншісіне - көк, сосын сары, жасыл түсті кеспелер қойылады.



Топ қызыл үстелдегі тапсырманы орындаған соң, көк үстелге, одан жасыл және сары үстелдерге көшеді (Б суретін қараңыз).

Дайындалуға міндетті түрде уақыт беріледі (5-7 ми­нут).

Командалар бір уақытта ойнайды. Бір үстел басындағы ойынның уақыты немесе тиісті деңгей сұрақтарына жа­уап беру уақыты - 10-12 минут (әр ойыншыға 1,5-2 минут есебінен). Ойын барысында әрбір ойыншы фиш­ка алып отырады. Солардың санына және түсіне қарай баға қойылады. Сөйтіп бір ойында ер оқушы әр түрлі күрделілік деңгейдегі 18-24 тапсырма орындайды.



Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет