Сабақ. Scratch деген не? Бағдарлама компьютерге не істеуі керек екенін хабарлайтын қарапайым нұсқаулар топтамасы. Олар бағдарламалау тілі көмегімен жазылады



бет2/18
Дата20.02.2020
өлшемі4,11 Mb.
#58502
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
скретч


Scratch бағдарламалау ортасы

Scratch іске қосу үшін, http://scratch.mit.edu/сайтына кіріп, «Байқап көріңіз» сілтемесін шертіңіз.Scratchжобалары редакторының интерфейсі 1.3-суретте көрсетілген.





1.3-сурет. Scratch пайдаланушы интерфейсі

Сіз кем дегенде келесі үш панельден: Сахналар (сол жақ жоғары бетте), Спрайттар тізімі (сол жақ төменгі бетте) мен өз кезегінде блоктар бағаны мен скрипттер жолағынан тұратын Скрипттер белгісінен тұратын бір терезе көре аласыз. Оң жақ панельде де Костюмдер мен Дыбыстардеген екі қосымша белгі бар, олар туралы кейінірек айтамыз. Егер аккаунтжасап, сол арқылы Scratch сайтына кірсеңіз, Рюкзакты да көруіңіз керек(төменгі оң жақта),оның жобаңызбен бөлісуге және бар жобалардағы спрайттар мен скрипттерді пайдалануға мүмкіндік беретін батырмалары бар.


Сахна –спрайттарыңыз қозғалатын, сурет салатын және өзара әрекет ететін орын. Оның ені1.4-суретте көрсетілгендей, 480 қадам, ал биіктігі — 360 қадам. Сахна орталығы — х және у координаттары осьтерін есептеуді бастау нүктесі.



1.4-сурет. Сахнаортасында (0, 0) белгісі бар координаттар жазығы
Сіз меңзерді апара және тікелей Сахна астында орналасқан тінтуір жағдайын (х, у) көрсететін жолақтағы сандарды қарай отырып, Сахнадағыкезкелгеннүктеніңкоординатынанықтайаласыз. Сахна үстіндегі кішігірім басқару панелінде бірнеше тармақ бар. Таныстырылымрежімінің белгішесі (1) бағдарламалаудың барлық скрипттері мен құралдарын жасырады және бүкіл экранға Сахнаны ашады. Редакциялау жолағы (2) ағымдағы жоба атын көрсетеді. Жасыл жалауша (3) мен Тоқта (4) белгісі сізге бағдарламаны іске қосуға және тоқтатуға мүмкіндік береді.
1.1-ЖАТТЫҒУ

Тінтуір меңзерімен Сахнада жүргізіп, тінтуір жағдайын көрсететін жолақты қараңыз. МеңзерСахнадан тыс жерде жүргенде, не болады?Енді таныстырылымрежіміне ауысып, экран қалай өзгеретінін қараңыз. Таныстырылымрежімінен шығу үшін жоғарғы сол жақтағы белгішені (1) шертіңіз немесе пернетақтадаEscбасыңыз.


Спрайттар тізімі

Спрайттар тізімі сіздің жобаңыздың барлық спрайттарының аттары менбелгішелерін көрсетеді. 1.5-суретте көрсетілгендей, жаңа жоба Сахнаның ақ жолағы мен бір спрайттан – мысықтан басталады.





1.5-сурет.Жаңа жобаға арналған спрайттар тізімі

Спрайттар тізімі үстіндегі батырмалар сіздің жобаңызға төрт дереккөзден Scratchспрайттар кітапханасынан (1), кіріктірілгенPaintредакторынан(2) (сіз ол жерде костюмді өз бетіңізбен суретін сала аласыз), сіздің компьютерге қосылған камерадан (3) немесе жай ғана сіздің компьютерден (4) жаңа спрайттар қосуға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет