Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша жазу жұмыстары. Сабақтың барысы



Дата04.08.2017
өлшемі54,35 Kb.
#22747
түріСабақ
Сабақтың тақырыбы:Сын есім

Мақсаттары:

Сын есім туралы толық білім беру, сөйлем ішінен сын есімді тауып, сұрақ қоюға, сабаққа ынта- ықыластарын арттыруға көңіл бөлу, заттың әртүрлі белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерін ажырата білу.



Дамытушылығы: Ақыл-ойын, логикалық ойлау жүйесін дамыту.Байқағыштыққа, сауаттылыққа, жазу каллиграфиясын, сөздік қорын, күнделікті сөйлеу тілін жетілдіру,

Тәрбиелілігі: Кішіпейілдікке, адамгершілікке, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, жинақылыққа баулу.

Сабақтың әдісі:Әңгімелесу, түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ауызша, жазбаша жазу жұмыстары.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа қажетті оқу құралдарын қадағалау.

Қазақ тілім –өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.

- Міне, балалар кемеңгер, ғұлама ақындарымыздың тілі- туған тіліміз қазақ тілі сабағы екен, олай болса, қазақ тілін кім қалай білетінін байқап көрейік.

  1. Өткен сабақты қайталау.

  1. Топ.Зат есім деген не?Сұрақтарын ата, мысал келтір.

  2. Топ.Етістік дегеніміз не? Сұрақтарын ата, мысал келтір.

  3. Топ. Дара және күрделі етістіктер дегеніміз не? Мысал келтір.

  1. Заттарды сипатта.

  • Мынау не? АЛМА

  • Түсі қандай? ҚЫЗЫЛ

  • Көлемі қандай ? ҮЛКЕН

  • Дәмі қандай? ТӘТТІ

  • Иісі қандай? ЖҰПАР

  • Бүгін біз сөз табының тағы бір түрі яғни заттың белгілерін байқап, сындық ерекшеліктерімен танысамыз.

  1. Оқулықпен жұмыс.

407- жаттығу.

  1. Топ. Өлеңді мәнерлеп оқу.

  2. Топ. Қарамен жазылған сөздерді оқу.

  3. Топ. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою.Ол сөздер нені білдіреді?

Сын есім туралы ережені оқу, оқушыға оқыту.




  1. Дәптермен жұмыс.

408- жаттығу. Мақалды жатқа жаз.

Жақсы адам-елдің ырысы,

Жақсы жер- жанның тынысы.



  1. Топ. Сын есімдерді табу.

  2. Топ. Оның қай сөзбен байланысып тұрғанын табу.

  3. Топ. Мақалдың мағынасын түсіндіру.

Сергіту сәті

409- жаттығу.Жуас, қалың, тегіс сөздерін қатыстырып сөйлемдер құра.

Қой-жуас мал. Қалың орман тұнжырап тұр.

Анам қалың шұлық тоқып берді.Ауылдың жолы тегіс.

410-жаттығу.(ауызша орындалады)

Бағандағы сөйлемдерді салыстыру.сын есім не үшін қажет екенін дәлелдеу.


Оның құлағы, құйрығы және жүні бар.



Оның ұзын құлағы, қысқа құйрығы және жылы жүні бар .Жазда жүні сұр, ал қыста ақ болады.





Жауаптары:

Екінші бағандағы сөйлем сын есім болады.Өйткені сөйлемнің толық мағынасын ашып тұр және қандай? деген сұраққа жауап беріп тұр.



  1. Сабақты бекіту.

  1. Топ. Сызық арқылы сын есімді өзіне тән зат есіммен тіркестіріп жаз.

  2. Топ. Зат есімге бірнеше сын есім жаз.

  3. Топ. Семантикалық карта.

VII. Бағалау

VIII. Үйге тапсырма 411-жаттығу




Сөздер

Зат есім

Етістік

Сын есім

Сан есім

Түйе













Ұзын













Төрт













Әдемі













Жиырма бес













Ойнап жүр













Жазды













Оныншы














Е.Айшуақұлы атындағы орта мектеп

Ашық сабақ

Қазақ тілі

Сын есім

2-сынып

Өткізген: Махсотова
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет