Сабақтың мақсаты: Азықтан орташа сынама алу әдістерімен танысу



бет7/16
Дата29.09.2022
өлшемі140,74 Kb.
#151144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
ВС лаб и практика
Ток. түрлері. Упп, ????Кәсіпкерлік сессия, дәріс-6 оям, Сөж-1
Бастапқы ылғалды анықтау
Сабақтың мақсаты: Азықтың алғашқы ылғалдылығын анықтау барысымен танысу.
Сабақтың мазмұны: Құрамында су болу – азықтың қоректігінің және өсімдіктің жетілгендігінің басты көрсеткіші. Азықта су бос және байланысқан түрде болады. Бос су өсімдік клеткасындағы қантты, аминқышқылдарын, органикалық қышқылдарды және т.б. заттарды еріткіш болып табылады. Байланысқан су қозғалғыш боп келеді. Байланысқан су бос суда еритін заттардар ерітпейді де әр түрлі гидрофиль коллоидтары мицелінің құрамына кіреді. Барлық суды (бос және байланысқан) азықты 100-1050С –та кептіріп кетіруге болады. Азықты талдауға әзірлеу барысында оны ұзақ мерзім сақтау үшін ауалы-құрғақ күйге келтіру қажет, яғни азықтың гигроскоптық ылғалдылығы мен бөлме ішіндегі ауа ылғалдылығының өзара тепе-теңдігін жасау мақсатында табиғи азыққа тән бастапқы ылғалдылықты кептіру қажет.
Қажетті құралдар мен ыдыстар: Диаметрі 20-30см фарфор шәшке, мата қапшықтар, техникалық таразы, кептіргіш шкаф, азықты ұсақтайтын пышақ, диірмен
Анықтау барысы.

  1. Зерттелетін азықтың орташа үлгісінен сынама алып, турап ұсақтайды.

  2. Ылғалды азыққа шәшкені, ал құрғақ азыққа матаны нөмірлеп, кептіргіш шкафта 90-1000С –та 30 минут кептіріп өлшейді.

  3. Шәшкеге талданатын азықтың көрсетілген мөлшерін салып, таразыға тартады да, соңғы екі өлшеудің айырымы 0,5г-нан аспайтындай 60-650С-та кептіргіш шкафта құрғатады.

Кепкен азықты 4-6 сағат тостағаншада бетін қағазбен жауып, ауалы-құрғақ күйге келтіру үшін қалдырады да, содан кейін өлшейді. Бұл үлгіні сақтаған кезде азық ылғалдылығы кейін өзгеріп кетпес үшін, демек, талдауға үлесті көптеп қарастырмауға себепші болады.
Азықтың алынған ауалық-құрғақ сынамасын арнаулы лабораториялық диірменде тартып (кофе диірменде не келіде ұсақтап) содан кейін миллиметрлік електен өткізеді. Електе сүзіліп қалған бөлшектерді қайтадан майдалап, барлық ұсатылған үлгінің қалдығы 2%-дан аспағанша елейді. Содан кейін қалдықты үлгімен толтыратындай әрі азық үлесін алу кезінде жақсы араласатындай нығыз тығыны бар ыдыста сақтайды.
Алғашқы ылғалдылық көлемін мына формуламен есептейді:

АЫ - алғашқы ылғалдылық, %
- алғашқы ылғал массасы, г
- азық сынамасының массасы, г


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет