Сабақтың мақсаты: Азықтан орташа сынама алу әдістерімен танысу


Дәннің орташа сынамасын алу



бет4/16
Дата29.09.2022
өлшемі140,74 Kb.
#151144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ВС лаб и практика
Ток. түрлері. Упп, ????Кәсіпкерлік сессия, дәріс-6 оям, Сөж-1
Дәннің орташа сынамасын алу
Қоймаларда үйіп (биіктігі 1,5м-ге дейін) сақтағанда бір жолғы сынама алу үшін вагондық сүңгі, ал өте биік болғанда штангісі бұралатын сүңгі қолданады. Бір жолғы сынама алу үшін қоймадағыдан бетін әрқайсысының ауданы 100м2 бөліктерге бөледі. Сынаманы көршілес бөліктің шекарасынан 1 метрдей әр бөліктің бес жерінен (төрт бұрышынан және ортасынан) алады. Бес жерден бір жолғы сынаманы үстіңгі (10-15см тереңдіктен) орташа және төменгі қабаттарынан алады. Әр бөліктен алынатын дәннің жалпы массасы 2кг болуы керек.
Әр бөліктен алынған бидай сынамаларын қарап, салыстырады.
Егер бидай бір түрлі болса, онда оның барлық бір жолғы сынамасынан таза ыдысқа бөліп алады. Бұл бастапқы үлгі болып табылады (кейде жалпы сынама дейді).
Шаруашылыктан астық қабылдау пунктіне тасымалданатын көп бидай сапалық тұрғыда орташа тәуліктік үлгімен бағаланады.
Собықты жүгерінің орташа сынамасын алу. Собықты жүгерінің бір жолғы сынамасын қораптың алдыңғы және артқы борттарынан 0,5-0,7м арапықтан бойлық осьтік сызық бойымен екі жерден алады. Алдымен сынама алынатын жерден үстіңгі собықтарды алып тастайды да, 10см тереңдікте әр нүктеден қатар жаткан бес собықты алады. Собықтарды вагонға тиегенде не оларды түсіргенде әр вагоннан 20 сынама (5 собықтан) ала­ды. Мұндай бір жолғы сынамалар бірдей уақыт аралығында алынады. Әр вагоннан барлығы 100 сабақ іріктеп алады. Қоймадағы, қалқа астындағы, бурттардағы т.б. собықтардың бір жолғы сынамасын алу үшін жүгері бетін әрқайсысының ауданы 100м2 бөлікгерге бөледі.
Әр бөлікген бір жолғы сынаманы үш жерден қоймалар мен қалқаларда - диагональ бойынша, бурттар мен сапеткаларда - ортасынан алады.
Техникалық өндірістің сұйық және сулы қалдықтарының (қойыртпақ, сыра сүзбесі, мезга, жаңа сығынды т.б.) сапасын тексеру үшін бір бөлігінен олардың орташа сынамасын шөмішпен не "Агроприбор" ғылыми-өндірістік бірлестігінің ПВК-1 конструкциясы сынама алғышымен әр түрлі тереңдіктегі 10 жер­ден (сыра сүзбесі, қойыртпақ үшін су түгел ағып кеткеннөн соң) алады. Біржолғы сынамаларды араластырып, массасы кемінде 10кг бастапқы үлгіден орташа сынаманы іріктейді. Соңғының мөлшері 150 грамдай құрғақ зат алатындай болуы керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет