Сабақтың мақсаты: Азықтан орташа сынама алу әдістерімен танысу


Сүрлем мен пішендеменің орташа сынамасын алу



бет2/16
Дата29.09.2022
өлшемі140,74 Kb.
#151144
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
ВС лаб и практика
Ток. түрлері. Упп, ????Кәсіпкерлік сессия, дәріс-6 оям, Сөж-1
Сүрлем мен пішендеменің орташа сынамасын алу
Сүрлем мен пішендеменің орташа сынамасын алу бір текті шикізатпен толтырылған қоймаларда (мұнара, ор, шұңқыр) жүргізіледі. Егер сүрлем мен пішен әр түрлі өсімдіктен дайындалса, онда орташа сынама мұнараның не ордың кемінде 1/4 бөлігін алатын шикізаттың әр түрі үшін жеке-жеке жасалады.
Талдауға қажет сынаманы малға немесе басқа шаруашылықтарға берердің алдында ордан 10 күн ал мұнарадан 5 күн бұрын, бірақ пішендемені (сүрлемді) сақтаудан және консервілеу процесінің аяқталуынан кемінде 4 аптадан кейін ғана сынама алғышпен алады.
Сынамаларды ордан кемінде 2м тереңдіктен, ал пішендемені қалыңдығы 2 метрден жоғарғы тұтас қабатынан алады. Мұнаралардан сынаманы алдымен үстіңгі 2 метрлік қабаттан, ал оны ойлап алғаннан кейін пішендеменің қалған қабатынан алады. Әр сынаманы алу кезінде нүктелік үш сынама: біріншісін орта тұсынан екіншісін мұнара қабырғасынан 2м, үшіншісін 0,5м қашықтықтан алады.
Пішендеме сынамасы іріктеліп алынған сәттен бастап 24 сағат ішінде зерттелуі тиіс. Талдауға дейін сүрлем мен пішендеме сынамалары тоңазытқышқа сақталады. Мұздатылған күйінде мұндай сынамаларды зертханаға түскен кезінен бастап 24 сағат сақтауға болады.
Тамыр-түйнек жемістілердің орташа сынамасын алу
Тамыр-түйнек жемістілердің орташа сынамасын алу (қызылша, сәбіз, тарна). Тамыр жемістілердің химиялық құрамы мен сапасы олардың тамырының мөлшеріне байланысты. Сол себепті талдау үшін орташа сынамаға бір бөліктен ірі, орта және майда тамырларды пропорционалды түрде іріктейді де, оның өзіне алдымен тамыр-жемістілердің әр бөлігінен бастапқы үлгі алады. Егер бөлікте 100 орын (контейнер, жәшік, т.б.) болса, онда сынаманы қатталған үш жерден алады.
Әр топтың тамырларын өлшеп, олардың үлгідегі катысын анықтайды. Мысалы, үлгіде ірі тамырлардың саны 35кг, ортаңғысынікі 30кг және ұсағы 15кг болса, онда олардың үлгідегі қатынасы 43,8; 37,5 және 18,7% болады. Бастапқы үлгіні орташа сынамадағы ірі, орта және ұсақ тамырлардың қатынасы бұрынғысынша қалатындай етіп 10-12 есе азайту керек. Зертханаға 6-8кг тамыр жіберу қажет.
Массасы 80кг бастапқы үлгінін, орташа сынамаға 3,5кг ірі, 3кг орта 1,5кг ұсақ тамырлары алынуы тиіс. Зертханаға жіберген кезде тамыржемістілердің ылғалдығы кеміп кетпес үшін, жәшікке дымқыл мүкпен не үгіндімен орап салады.
Картоптың орташа сынамасы. Картоптың бір бөлігін таразысыз (үйіп) кез келген транспортпен (автомашина, арба, вагон, т.б.) тасылған кезде, орташа сынаманы әрбір транспорт бірлігінен іріктейді. Дара бір жолғы сынаманы тұтастай биіктігі, ені және ұзына бойына әр тұстан және қабаттан (үстіңгі, ортаңғы, төменгі) бірдей аралықтан алады.
Ыдысқа салынған бір жолғы сынаманы ағаш ожаумен не сынама іріктеуге бөлінген қаттаманың үстіңгі, ортаңғы және астыңғы бөлігінен отырып алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет