Сабақтың мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық»



бет10/14
Дата07.02.2022
өлшемі40,81 Kb.
#86163
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
0011481f-f144d001
hologram, Voprosy itogovoi 774 attestatsii kaz BSh 2020
Үй тапсырмасын тексеру.

Мейірімділік тақырыбына байланысты сұрақтар қою:

  1. Мейірімділік –асыл қасиет дегенді қалай түсінесіздер?

  2. Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

  3. Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер? Әңгімелеп беріңдер.

Сабақ барысын талқылау:

  1. Дәйексөз.

Мейірімділік – жүректен
Нақыл сөз
Дәйексөзді қалай түсіндіңдер?
Оқушылар дәйексөздің мағынасын талдап болған соң 2рет қыздарға айтқызу, 2рет ұлдарға айтқызу. Дәйексөзді дәптерге жазып,жаттап алу.


  1. Оқиға айту, әңгiмелеу

Екі дос және қария
Бір ауылда Арман және Сауран деген екі дос тұрыпты. Бір кұні олар бірге отырып, ұлы ерліктер жасау туралы армандайды, соның арқасында олардың есімдері ғасырлар бойы жоғалмайды деп отырғанда, сырқат кәрі көрші әйел оларға су әкеліп беруін өтінеді.Арман маңызды іспен айналысып отырғандықтан, ұсақ-түйекпен айналысуға уақытым жоқ дейді. Ал Сауран болса үнсіз орнынан тұрды да, су әкеліп береді. Осы әңгімеден соң көмек беру үшін күнде кедей әйелдің үйіне баратын болыпты.Тағы бірде достар төбе басында отырса, оларға қария келді де, тамақ сұрайды.-Бөгет жасама, - дейді оған Арман,- сен бар болғаны қария ғанасың, ал мен болсам жарық дүниедегі адамдардың бәрін қалай тамақтандыруды ойлап отырмын.Ал оның досы болса орнынан тұрып, киіз үйден нан әкеліп, оны қарияға берді. Қария Сауранға алғысын айтады да, былай дейді:-Қалтасы тесік жан ғана кедей емес. Кімнің жан дүниесі болса да, сол кедей. Өзі туралы осылай ойлаған адам ұлы емес, айналасындағыларға көп жақсылық жасаған адам ғана ұлы адам бола алады. Сірә, Арман сияқты жігіт қайдағы бір қарияның сөзін тыңдаушы ма еді? Ол күні бойы қайткенде жақсы және ұлы адам болатыны, қайырымдылығы мен қамқорлығына қалай алғыс айтатыны жайында айтумен болды.Ал Сауранның бос сөйлеп уақытын кетіруге мұршасы болмады. Ол қарттар мен ауруларға көмектесті, әлсіздерді жұбатты. Уақыт өтіп жатты. Достардың біреуі мылжың, сараң болды. Ал Сауран өзінің жастығына қарамастан, ауылдағы қарттармен ақылдасып отыратын ең сыйлы адамдардың бірі болды. Қайрымды да, ақылды жас жігіттің даңқы алысқа тарады. Адамдар тіпті оның құрметіне орай бір тауды соның атымен атаған дейді. Ал Арман туралы ешкімнің еске алмағанына көп уақыт өтіпті.

  1. Екі дос не туралы армандады?

  2. Олардың іс-әрекеттері қандай еді?

  3. Не себепті таудың атын Сауран қойған?

  4. Үлкендердің алғысына бөлену үшін қандай қасиеттер болу керек? Әңгімелеп бер.

  5. Сендер мейірімділікті, қайырымдылықты кімдерден үйреніп жүрсіңдер?





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет