Сабақтың мақсаты: балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық»


Жаттығу: «Өзін-өзі жарнамалау»



бет13/14
Дата07.02.2022
өлшемі40,81 Kb.
#86163
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
0011481f-f144d001
hologram, Voprosy itogovoi 774 attestatsii kaz BSh 2020
Жаттығу: «Өзін-өзі жарнамалау»
Ойынға қатысушылар жұмыс берушіге 5-10 минут ішінде өзінің психологиялық ерекшеліктерін,бойындағы қасиеттерін, жетістіктерін көрсетіп хат жазады. Хатқа қолын қойып,оны жүргізушіге береді. Барлық хат жиналған соң жүргізуші автордың атын оқымай,тек хаттың мазмұнын ғана оқиды. Ойында хатқа талдау жүргізіледі. Хат авторын табу керек.
Ақша қар” жаттығуы
Жүргізуші: Қазір біз сіздермен қызық жаттығу жасаймыз. Басты шарт: бір-біріңе қарамаңдар, тек менің айтқанымды істеңдер. Сендердің әрқайсыңның алдарыңда столда бір-бір парақ қағаз жатыр. Барлық парақ бірдей: түсі де, формасы да, сапасы да, мөлшері де. Көңіл бөліп тыңдап, менің айтқанымды істеңдер:
1. Парақты ортасынан бүктеңдер.
2. Оң жақ бұрышын жыртып алыңдар.
3.Тағы да ортасынан бүктеңдер.
4. Тағы да оң жақ бұрышын жыртып алыңдар.
5. Парақты ортасынан тағы бүктеңіз.
6. Оң жақ бұрышын жыртып алыңдар.
Осылай тағы бірнеше рет қайталаңдар. Енді қағазды ашып қараңыз, нағыз ақша қарға ұқсайды. Басқалардікімен салыстырып, өзіңдікінен айнымайтынын тауып көрші. Ақша қарлар бір-бірінен айнымайтын болсын.
Таптыңдар ма? Қатысушылар, таппадық деп жауап береді.
Жүргізуші: Неге таппадыңдар? Кім қалай ойлайды?
Әр түрлі пікірлер айтылады, ең соңында аудитория мынандай қорытындыға тоқталады: адамдар бір-біріне ұқсамайды, сондықтан жүргізушінің нұсқауы бірдей болғанменен ақша қарлар да әр түрлі болып шықты.
Қорытынды: балалардың бәрі әр түрлі. Олардың қабілеттері де, мүмкіндіктері де және мінез-құлықтары да әр түрлі болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет