Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушыларға презентация құру жолдары мен безендіру шаблондарын қолдануды үйрету



Дата05.06.2017
өлшемі45,85 Kb.
#17816
түріСабақ
Cабақтың тақырыбы: Анимация және тұсаукесердің көрсетілуі

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға презентация құру жолдары мен безендіру шаблондарын қолдануды үйрету

Дамытушылық:Компьютерлік желілер туралы түсінік бере отырып, оқушылардың информатика пәнінен алған білімдерін толықтыру.

Тәрбиелілік:Жан-жақты болуға, өз бетімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа оқу материалын игерту.

Сабақтың түрі:Аралас сабақ.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, топқа бөлу.



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Сөзжұмбақ

1. Жаңа, жақында пайда болған, жарияланған, жасалған кітапты, фильмді көпшілікке таныстыру не деп аталады? (тұсаукесер)

2. Тұсаукесерді безендіру үшін жолақтың қай тіркеме парағы жауап береді? (дизайн)

3. Тұсаукесерді құру идеясы жаңа туған графикалық интерфейстердің ғасыры дизайн мен тұсаукесер материалдарын құруға төңкеріс жасауы мүмкін деп шешкен Гаскинс қай университеттің студенті болды? (Беркли)

4.Слайдтарды көшіруге, жоюға, бір слайдтан екінші слайдқа ауысу мүмкіндігін жасайтын слайд аймағының сол жағында орналасқан аймақ? (құрылым)

5. Қолжетімді және топтарға біріктірілген барлық бұйрықтардан тұратын аймақ? (жолақ)

6. Слайд, тұсаукесерді басқаша қалай атаймыз? (презентация)

7.Жаңа тұсаукесердің бірінші слайды құрамына кіретін әдеттегі макет? (титул)

8. Ағымдағы слайдта DEL пернесінің қызметі? (жояды)

Ауызша сұрақтар:

1. Слайдқа суретті қалай кірістіреміз? (Кірістіру-Сурет)

2. Слайдқа музыканы қалай кірістіреміз? (Кірістіру-Дыбыс-Файлдан алынған дыбыс)

3. Слайдқа видеоны қалай кірістіреміз? (Кірістіру-Фильм-Файлдан алынған фильм)



ІІІ. Жаңа тақырып.

Әртүрлі арнайы әсерлердің көмегімен тұсаукесерді шынайы кәсіби түрге келтіруге болады. Анимациялық әсерлерді әдетте тұсаукесердің белгілі бір бөліктеріне назар аударту үшін қолданады. Power Point сендердің тұсаукесерлеріңді түрлендіру үшін қажетті әсерлер қатарын ұсынады. Тұсаукесердегі анимацияның екі түрін қарастыруға болады: слайдтар және нысандар.


Кейде анимацияның екі түрін бірге қолданады. Слайдтағы нысан ретінде мәтінді, суретті, кестені қарастыруға болады. Анимациялық әсерлерді дыбысқа және фильмдерге де қолдануға болады. Суреттегі анимацияны қарастырайық. Анимациялық әсерді жолақтың Анимация тіркеме парағының бұйрықтары көмегімен слайдқа тұтастай немесе оның жеке элементтеріне қолдануға болады. Қайсібір нысанға анимациялық әсер тағайындау үшін оны ерекшелеп, Анимация=>Анимацияны баптау бұйрықтарын таңдаңдар да, пайда болған сұхбаттық терезеде өздеріңді қызықтыратын әсерді таңдаңдар.
Өздеріңді қызықтыратын барлық нысандарға анимациялық әсерлер тағайындап болғаннан кейін олардың ретін өзгертуге болады. Әсерлердің ретін өзгерту үшін Әсер (Эффект) бұйрығын ерекшелеп, Реті (Порядок) батырмасын (анимациялар тізімі терезесінен төмен орналасқан) пайдаланады.
Слайдты көрсету екі режимде орындалуы мүмкін:
1. Слайдтар бірін-бірі автоматты түрде ауыстырады;
2. Слайдтардың ауысымы тұтынушының бұйрығы бойынша атқарылады.
Слайдтардың алмасуы
1. Қолмен-келесі слайд пернетақтаның немесе тінтуірдің кез келген батырмасын басқаннан кейін пайда болады.
2. Уақыт бойынша-әрбір слайдтың көрсетілу уақытын баптауға болады.
Слайдтарды көрсету тиісті режимдерге көшу батырмаларымен немесе F5 пернесімен жүзеге асырылады.

ІҮ. Практикалық жұмыс.

1.1 мамыр Бірлік күніне байланысты 6 беттік тұсаукесер құрамыз. Мәтін, сурет, музыка, видео кірістіреміз.

2.Тұсаукесерді анимация әсерлерімен толықтырамыз.
Ү. Сергіту сәті

1.Серігі бар қасында, кілемі бар астында

Құлағы бар қалқиған, құйрығы бар процессорға жалғанған. (тышқан)

2. Компьютермен енеді,

Қағазға басып береді. (принтер)

3. Мәліметті сұраған,

Экранға шығарған. (компьютер)

4. Тетігін бассаң алаңсыз,

Жазады қағазға қаламсыз. (пернетақта)


ҮІ.Сабақты бекіту

«Иә, жоқ» ойыны

1. Тұсаукесердегі анимацияны 2 түрге бөлуге болады: слайдтар және дизайндар. (жоқ)

2. Слайдтарды көрсету тиісті режимдерге көшу батырмаларымен немесе F5 пернесімен жүзеге асырылады. (иә)

3. Слайдтарды көрсету үш режимде орындалады. (жоқ)

4. Тұсаукесерге анимация жасау үшін жолақтың Дизайн тіркеме парағы жауапты. (жоқ)

5. Слайдтардың алмасуы 2 тәсілмен орындалады. (иә)

6. Слайдтарды көрсету режимінен шығу – ESC пернесімен орындалады. (иә)

7. Репетиция слайдты әрлеу үшін қолданылады. (жоқ)


ҮІІІ. Бағалау.

Екі жұлдыз, бір тілек кері байланыс. Оқушыларға баға қою.


ҮІІ. Үйге тапсырма. Анимация және тұсаукесердің көрсетілуі

"Сыңғырлау мектеп -балабақша кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Анимация және тұсаукесердің көрсетілуі
(ашық сабақ)

2016-2017 оқу жылы
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет