Сабақтың мақсаты: Оқушылырға дос, достық туралы әңгімелей отырып олардың достық қарым -қатынасын нығайту



Дата27.12.2016
өлшемі37,69 Kb.
#6229
түріСабақ
Ақтөбе қаласы, №19 орта мектебінің химия-биология пәнінің мұғалімі: Ережепова Турганкул Алухановна

Тәрбие сағаты

Тақырыбы:« Достық ой»



Сабақтың мақсаты:

1. Оқушылырға дос, достық туралы әңгімелей отырып олардың достық қарым –қатынасын нығайту.

2. оқушыларды адалдыққа , шыншылдыққа тәрбиелеу, өзімшілдік, менмендік, тағы басқа жаман әдеттерден аулақ жүруге үйрету.

3.Оқушылардың адамгершілік қасиетін, бір –біріне деген достық сезімдерін нығайту.



Көрнекілігі: қанатты сөздер, интерактивті тақта.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Сынып бөлмесін тәрбие сағатына дайындау.

ә) Оқушыларды шеңбер бойымен тұрғызу.

ІІ. Кіріспе бөлімі.

Достық әдеп сыйласым,

Дос өмірлік қимасым.

Дос арыңдай қымбатты

Достық сезім тым тәтті – дегендей, бүгін «Достық әңгімесі» тақырыбына өткізілген тәбие сағатымызды бастаймыз.

ІІІ. «Данышпан атаның өсиеті» (әңгіме)

Ертеде бір ақылды қария болыпты. Бір күні ақылды қарияға бір жігіт келіп: Ақсақал, мен қандай жігітпін, сынаңызшы, - депті.

Қарт жігітке : - Жолдасыңды көрсет, сонан соң айтамын- депті.

Жігіт жолдасын қартқа жіберіпті. Қарт жігіттің өзін шақырыпты. Жігіт келген соң, қарт:

-Шырағым, жаман жігіт емессің, - депті.

- Қалайша олай дейсіз? Мені бұрын көрген жоқсыз ғой?- депті жігіт. Қарт күліп:

- Жігітті жолдасына қарап бағала деген.Адам көбінесе өзінің мінезіне ұқсас адамдармен жолдас,дос болады . Шын жолдастар, достар бірінің жақсы қасиеттерін , екіншісі үлгі тұтады, бойына сіңіреді. Олар бір-біріне өте жақын, бірін-бірі тез түсінетін болып кетеді.

Осындай жолдастық ,достық қарым- қатынастарының арасындағы ең бағалысының бірі –адалдық.



V. «Дос деген кім?» Сауалға сызба арқылы жауап беру. Жауабы:Адамдар арасындағы байланыс.

Достық дегенді қалай түсінеміз? Әрбір оқушы өздері салған сурет бойынша түсіндіреді.

Ә) Жауабы: достықты шеңберге теңедім.





VІ. Досың бар ма?

Достық жасқа байланысты ма?

Қыз бала мен ер баланың арасында достық бола ма?

Дос қандай болу керек?



VІІ. Достық туралы көрініс.

А) Әйтімбет шешен достық жайында былай депті.

Дос-адал, салмақты, сабырлы, ақылды, төзімді, кешірімді,мейірімді,қарапайым,адамгершілік, жомарт.

Ә) Әбунасыр Әл – Фараби достық туралы былай депті.

Дос – сыр бөлісетін адам,мені өте жақсы түсінетін адам, көмекке әрдайым дайын адам.

Достық құстарда кездесе ма?

Достықтың неше түрі бар?

Амал дос пен адал досты қалай ажыратамыз?



ІХ. Дәйекті сөздер.

  1. «Әрқашан тілектес, досыңа көмектес»

  2. «Жүз теңгең болғанша, жүз досыңболсын».

  3. «Татулық – достық кепілі»

  4. «Айнымас досы бар адам – ең бақытты адам»

  5. «Дос көзден кетсе де,көңілден кетпейді».

Х. Жағдаяттарды талдау.

1. Сен бүгін сабаққа ақша әкелмедің. Саған аяқ астынан ақша керек болды,өзінің досынан ақша сұрадың. Сен досыңда ақша бар екенін білесің .Ақша бола тұра досың саған көмектесуден бас тартады. Сен қандай ойда боласың?



ХІ. Мақалды жалғастыр

« Кемшіліксіз(дос) іздеген адам ( доссыз) қалады.»

«Дұшпан күлдіріп айтады, дос жылатып айтады.»

«Досы көппен сыйлас, досы жоқпен сырлас»

« Досы жақсының ізі де жақсы»

«Дос мың болса да аз,Дұшпаның біреу болса да көп».



ХІІ. « Мінездеме беру » тренингі 5- саусағын салдырып, өзінің жақсы көрсетіп досының жақсы жақтарына мінездеме беру.

Адал дос –адал ,жомарт, адамгершілігі мол, төзімді ,ақылды, сабырлы, салмақты, мінезі ашық.

  1. Дос достың кемшілігі кешіре береді.( Ж. Баласағұн)

  2. Қоссыз қазақ болса да, Доссыз қазақ болмған.(Жұбан Молдағалиев)

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет