2015 жылдың 11 ақпаны күні физика пәнінен 11 сыныпта «Радиоактивтілік » тақырыбында ашық сабақ өттім. Сабақ өтудегі негізгі мақсатым, Искендирова Сания апайдың өзі жетекшілік жасайтын «Ізденіс» фокус тобына өткен коучингіндегі үйренген әдіс-тәсілдер мен стратегияларды амалда қолдануға арналды. Коучингте оқушыларды «Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету» стратегияларын сабақта қолданудың әдіс-тәсілдері сөз болды. Мен өзім өткен сабақта сыни тұрғыдан ойлаудың төмендегі «Дұрыс және дұрыс емес тұжырымдар», «Дана үкі» және «Ойлаудың алты қалпағы» және тағы да басқа стратегияларын қолдандым. Сабақ өте белсенді өтті , сыни тұрғыдын ойлауға үйретуде бұл стратегиялардың тиімді екеніне көзім жетті. Оқушылар тек мәтінмен ғана емес оның мазмұнымен жан-жақты танысты деп ойлаймын.