Сабақтың тақырыбы : Аңдар



Дата28.01.2018
өлшемі37,79 Kb.
#34192
түріСабақ
Пән аты: Қазақ тілі

Сынып: 2 «Б»

Күні: 24.11.17



Сабақтың тақырыбы: Аңдар

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың сөздік қорларының белсенділігін арттыру, аңдарды сипаттай білуге үйрету.

Күтілетін нәтиже:

Пәндік: Жаңа сөздерді меңгерту, тіл мәдениетін жетілдіру, тіл үйренуге қызығушылығын арттыру.

Тұлғалық: Аңдар туралы түсініктерін молайту, табиғатты аялай білуге , аңдарға қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: сурет бойынша жұмыс, топтық жұмыс,сөздік жұмыс, сұрақ-жауап, түсіндіру, триз.

Сабақтың көрнекілігі: слайд, тақырыптық суреттер, сөзжұмбақ.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі:

а) оқушылармен амандасу;

ә) түгендеу;

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару.



II.Үй тапсырмасын тексеру:

Үй жануарлары туралы сұрау.



ІІІ. Жаңа сабақ: Аңдар

Балалар сендер қандай аңдарды білесіңдер? Жаңа сөздерді қайталатып, фотоға түсіріп, естерінде қалған сөздерді тақтаға жазады.

Сөздік жұмыс:

Аң – зверь

Аңдар – звери

Піл – слон,

тиін – белка

қоян – заяц

қасқыр – волк

аю – медведь

арыстан – лев

керік – жираф

түлкі – лиса

Алдымен екі топты таныстыру. 1 – топ – жүйріктер, 2 – топ – батылдар (мағынасын түсіндіру – жылқы – жүйрік, арыстан – батыл, суреттерін іліп қою). Топ басшыларын жариялау. Сайыс ережелерімен таныстыру, әр сайыста жеңіске жеткен топта көп смайликтер ілінеді. Ойын соңында қай топта көп смайликтер болса, сол топ жеңіске жетеді.



1 – сайыс. Қазақша сөз тіркестерін тез аудару сайысы. Мұғалім екі топқа кезек – кезек сұрақ қояды. Топ мүшелері жылдам, әрі дұрыс жауап беруі керек.

Сөз тіркестері:



«Жүйріктер» тобы

Қара сиыр

Он үйрек

Қорқақ қоян

Қу түлкі

Жуас қой


Сұр қасқыр

«Батылдар» тобы

Сары балапан.

Үлкен аю.

Батыл арыстан

Ұзын керік

Жүйрік ат

Төрт қой Сергіту сәті

2 – сайыс. Аңдар мен үй жануарларын жеке – жеке бөліп плакаттағы суреттерге бөліп іледі. «Жүйріктер» тобы үй жануарларын үйдің суретіне, «Батылдар» тобы аңдарды ағаштың суретіне іледі, алған жануарлардың атын қазақша атау керек.

3 – сайыс. «Кім тапқыр» ойыны. Тақтамен жұмыс. Екі топқа «Түсіп қалған әріпті жаз» атты тапсырма беріледі. Екі топтан оқушылар кезек –кезек шығып түсіп қалған әріпті жазады. Қай топ бірінші, әрі жылдам қатесіз қойса, сол топ жеңеді. Жылдам жазған топқа екі смайлик, баяу орындаған топқа бір смайлик беріледі.

Т... лкі

Қас ... ыр

Ешк ...


Мысы ...

Т...йе


Үйр ... к

Ке ... ік

Ти ... н

Қ ... й


...теш

П ... л


Л ... қ

Қо ... н


Арыс ... ан

Сергіту сәті

4 – сайыс. Сөзжұмбақ шешу. Екі топқа сөзжұмбақ беріледі, берілген уақытта екі топ сөзжұмбақты шешеді, 2 – 3 минуттық әуен қосылып тұрады. Жауаптарына байланысты смайликтер ілінеді.
Сөзжұмбақ















О















Р






















М































А
















Н













1.Ең қорқақ аң.

2. Ең ұзын аң.

3. Бананмен

қоректенетін аң.















4. Медведь сөзі қалай аударылады?

5. Белка сөзі қалай аударылады?








5-сайыс. «Белгісіз аң» ойыны. Оқушылар аңдардың басын, аяғын, қолын т.б. дене мүшелерін алып, бір белгісіз аңды құрастырады. Сол аңға ат қойып, тұратын жерін, немен қоректенетінін айтады.

IV. Жаңа сабақты бекіту. «Тақырыптық айтыс» әр топ мүшелері үй жануарлары, аңдар туралы тақпақтарын оқиды.

Рефлексия: Балалар, сабақ сендерге ұнады ма? Несімен ұнады? Оқушылар сабақтан алған әсерлерін айтады. Оқушыларға смайликтер беріледі.

Бағалау: Оқушыларды топ бойынша, сабаққа қатысуларына қарап смайликтер арқылы бағалаймын.

V. Үйге тапсырма: 48 бет сөздер жаттау.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет