Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Ұзынкөл ауылы Жалпы білім беретін Ұзынкөл орта мектебі Химия пәні мұғалімі Дишенова Лунаргуль Наурызбайовна Сабақтың тақырыбы: Темір.
Сабақтың түрі: Кіріктірілген сабақ.
Кіріктіру нысаны: Химия ғылымы
Кіріктірілетін пәндер:(тарих, география, биология, физика, әдебиет, дін, астрономия, халықтық педагогика және медицина)
Сабақтың мақсаты: Темір металы жөнінде білімдерін кеңейту. Оқушылардың білімдерін жүйелендіру, пәнге деген біртұтас көзқарас қалыптастыру.
Сабаққа дайындалуда оқушы мен оқытушы іс-әрекеті:Оқытушы мен оқушы алдын ала дайындалуы, оқушының өздік жұмыс орындауы. Ізденгіштік қабілетін ескере отырып, оқушыға тапсырма беру.
Сабақтың міндеті:
Білімділік:Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары,қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.