Сабақтың тақырыбы: Қара шаңырақ



бет2/3
Дата06.07.2018
өлшемі0,56 Mb.
#47712
түріСабақ
1   2   3

Сабақтың ортасы


Тыңдалым алды тапсырмасы:

Оқушыларға төмендегі суреттер көрсетіледі, тірек сөздер айту арқылы жаңа тақырыпты болжайды. «Қара шаңырақ»



Тақырыпты анықтауға арналған критериалды бағалау парақшасы







0-3

0-3

0-3

Жалпы ұпайы

Болжамның дәлдігі

1










Орфоэпиялық норманың сақталуы




3







Топ ережесіне бағынуы







0




Жалпы ұпайы

4

Бағасы




0-2 ұпай аралығы – 2, 3-5 ұпай аралығы – 3, 6-7 ұпай аралығы – 4, 8-9 ұпай аралығы – 5.
Тыңдалым тапсырмасы:
Қара шаңырақ

Қазақта кенже ұлға мұра болып қалатын әкенің үйі «қасиетті қара шаңырақ», «үлкен үй» деп аталады. Бұл үй әкесі тірі кезінде де, қайтыс болған соң да қара шаңырақ атала береді. Халқына беделді, сыйлы, құрметті адамдардың қара шаңырағын оның ел-жұрты қанша уақыт өтсе де киелі деп санап, ұрпақтан-ұрпаққа дәріптеп жеткізіп отыырған.

Отбасынан қыз бала ұзатылып, үлкен ұл үйленіп, бөлек шығып кеткен соң, кенже ұлға қара шаңырақпен бірге әке-шешені бағып-қағу, күту міндеті де жүктеледі. Сондай-ақ осы кенже ұлға тиесілі болған қара шаңырақты басқа ұлдары кенже ұлдың үйі емес, әке шаңырағы деп есептеп, сый-құрметпен қарайды.Оны өздеріне тірек, медет тұтады. Сондықтан қазақы ортада ас беру, соғым басына шақыру сияқты әдет-ғұрыптарды атқаруда алдымен қара шаңырақ ескеріледі. Қара шаңырақтың кенже ұлға мұрагерлікке қалдырылу салты сонау сақ, үйсін, ғұндар заманынан бастау алады.
Мәтін оқылады, оқушылардың болжамдарын нақтылау мақсатында төмендегі сұрақтар қойылады:

1. Қара шаңырақ дегенді кім қалай түсінеді?

2. Оны неге қасиетті дейміз?

3. Қара шаңыраққа ие болып отырған ұлға қандай сый-құрмет көрсетіледі?

4. Қазақ халқында қай ұлға әке үйі мұра болып қалады?

5. Не себепті кенже ұлға әке үйі мұра етіп қалдырылады?


Оқушылар жауаптары әр түрлі геометриялық фигуралар арқылы бағаланады.
Егер жауап дұрыс және нақты болса

Егер жауабы дұрыс бірақ нақтылықты қажет етсе

Егер жауабы толықтыруды қажет етсе
Тыңдалымнан кейінгі тапсырма:

I топ. «Сұхбат» әдісі арқылы мәтінді топ ішінде талқылап, топ мүшесі басқа топтарға барып сұрақ қою арқылы мәтін туралы пікірлерін біледі.

II топ. Мәтінге байланысты сурет беріледі. Оқушылар АКТден тиімді пайдаланған түрде сол суреттерді әрі қарай өрбітулері керек.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет