Сабақтың тақырыбы: Күрделі сөздер



бет4/4
Дата06.02.2022
өлшемі66 Kb.
#48375
түріСабақ
1   2   3   4
2. Ойнайық та, ойлайық!
«Көкпар» ойыны арқылы 3 топқа бөлініп,қос сөздердің сыңарларын тауып жазу
82-жаттығу
Дос- Жігіт- Әмпей-
Сана- Қыз- Тым-
Ат- Шал- Егжей-
Ас- Шапан- Бытықы-
Қару- Ақсақ- Атау-
Сән - Қора- Далдың-
Кескін- Арық- Алапай-
Қиын- Қант- Ымы-
Апалы- Әуре- Қылтың-
3. Семантикалық картамен жұмыс


Түрлері
Мысалы

Мағынасы жақын және қарама-қарсы сөздердің қосарлануы

Бір сыңары мағыналы,екіншісі мағынасыз сөздердің қосарлануы

Екі сыңары да мағынасыз сөздердің қосарлануы

Кейінгі кезде қалыптасқан қос сөздер

1

Ығы-жығы





2

Ыдыс-аяқ





3

Бала-шаға





4

Ғылыми-әдістемелік





5

Ақ-қара





6

Туыс-бауыр





7

Мал-жан





4. Оқулықпен жұмыс
84-жаттығу.Сөйлемнен қосарлама қос сөздерді тауып,қосарлама қос сөздердің қай түріне жататынын анықтау
5.Шешендер сайысы
Алтын сандықтан шыққан мақал-мәтелдердегі қос сөздерді табу.
1. …………. көсем боласың, ………….. шешен боласың.
2. ………….ның ақылы сарқылмайтын көлмен тең.
3. Әдептілік ………… –адамдықтың белгісі.
4. Ақылды адам ……….. келеді, ………. байқай келеді
6. Мен оқыған шығарма
М.Әуезов шығармасынан үзінді (мәтін ішінен қос сөздерді айтып өту)
7. Жеке оқушымен жұмыс
86-жаттығу 1 Өлеңді түсініп оқу 2 Қарама-қарсы сөздер жасау
8. Мен таңдаған мамандық (Бекіту)Оқушылар пікірі
Үй тапсырмасы 1. 87-жаттығу. Мәтінді көшіріп жазып,қос сөздердің жасалуын түсіндіру.
2.Ережелерді жаттау
Оқушыларды бағалау
Қос сөздер, түрлері, емлесі
Қос сөздер екі сөздің қосарлануынан не бір сөздің қайталануынан жасалады. Қос сөздің екі түрі бар: 1) қайталама қос сөздер; 2) қосарлама қос сөздер.
Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталануынан жасалады: жиі-жиі, әрең-әрең, ойдым-ойдым, мая-мая, көзбе-көз, үйір-үйір, т. б.
1)Қайталама қос сөздердің жасалу жолдары: қосымшасыз-қосымшалы сөздердің қайталануы: тау-тау, қатар-қатар, биік-биік; таудай-таудай, айта-айта, жүгіре-жүгіре, т. б.
2)бір сыңары қосымшалы, бір сыңары қосымшасыз түбірдің
қайталануы: жан-жақтан, үй-үйді, бетпе-бет, апа-жезделі, т. б.
3)бір түбірдің әр түрлі қосымша жалғанып қайталануы: жөнді-жөнсіз, айтар-айтпасы, тұрар-тұрмастан, қолы-қолына, т. б.
4)екінші сыңары бірінші сыңарына еліктеу арқылы жасалған қос сөздер:ет-мет, ат-мат, шай-пай, түйе-мүйе, т. б.
5)екінші сыңары дыбыстық өзгеріске ұшырап жасалған қос сөздер:
жарқ-жұрқ, сарт-сұрт, жалт-жұлт, т. б.
6) күшейткіш буын арқылы жасалған қос сөздер: тап-таза, мөп-мөлдір, сұп-суық, аппақ, көкпеңбек, жып-жылтыр, теп-терең, т. б.
Екі түбірдің қосарлануы арқылы жасалған қос сөздер қосарлама қос сөздердеп аталады.
Қосарлама қос сөздің екі сыңары екі түрлі сөзден болады: сый-құрмет, ата-ана, ағайын-туыс, төсек-орын, қазан-ошақ ыдыс-аяқ, т. б
Қосарлама қос сөздің құрамы әр алуан болады:
1) Мағынасы бір-біріне жақын синонимдес қос сөздер: аяқ-табақ, жан-жануар, дос-жаран, ағайын-туыс, бақ-береке, ырыс-құт, т. б.
Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы антонимдес қос сөздер: үлкен-кіші, кәрі-жас, алыс-жақын, ащы-тұщы, алыс-беріс, жоғары-төмен, т. б.
2) Бір сыңары мағыналы, екінші сыңары мағынасыз қос сөздер: бала-шаға, киім-кешек, көйлек-көншек, жүн-жұрқа, қыз-қырқын, шал-шауқан, келін-кепшік, жігіт-желең, т. б.
3) Екі сыңары да мағынасыз қос сөздер: апыр-топыр, ығы-жығы, апыл-ғұпыл, оқта-текте, абыр-сабыр, әлек-шәлек, т. б.
4) Кейінгі жылдары қалыптасқан қосарланған қос сөздер: үгіт-насихат, оқу-ағарту, саяси-экономикалық, қазақша-орысша сөздік, т. б.
Қайталама қос сөздер де, қосарлама қос сөздер де әрқашан дефис арқылы жазылады. Мысалы, ар-намыс, ыза-кек, әдет-ғұрып, мая-мая, салдыр-гүлдір, тәп-тәтті, елу-алпыс, ербең-ербең, ас-мас, орын-орнына, тек күшейткіш буын арқылы жасалған аппақ және көкпеңбек қос сөздері ғана бірге жазылады.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет