Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері тақырыбын қайталауаға есептер шығару Сілтеме



бет12/38
Дата20.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43947
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




Күні







Сабақтың тақырыбы

Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуға есептер шығару

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға рационал сандар туралы білімдерін тексере отырып, таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуға, қосу тәсілдеріне есептер шығару арқылы өмірде қолдануға үйрету. Алған білімдерін дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей таңбалары әртүрлі рационал сандарды қосуға есептер шығару арқылы оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Топтық жұмыс



Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап әдісі

1) Таңбалары әртүрлі сандарды қосу ережесін тұжырымда?

2) Теріс санның модулі үлкен болса, қосынды оң сан болуы мүмкін бе?

3) Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?

4) Қосуды тиімді тәсілмен шешу үшін қосудың қандай қасиеттерін қолдануға болады?



Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып, өз бетіше білім алуға мүмкіндік алады. Ережелерді оқып, жазып, түсіне отырып, өз білімдерін көтеруге мүмкіндік алады.

Тапсырмалар

№437 мына теңсіздіктерден тура теңсіздіктерді теріп жазыңдар:

№438 Температураның өзгерісі бойынша кестені толтырыңдар

-60С+20С=-40С

-60С+(-30С)=-90С

-60С+40С=-20С

-60С+(-50С)=-110С

№440 теңдік тура болатындай сандарды тауып, жұлдызшаның орнына қойыңдар

№442 Алғашқыда-(-1,2м)

І сағатта - +40см-ге

ІІ сағатта - +30см-ге

Су деңгейі - ?

Ш: -1,2+40+30=-1,2+70=70-1,2=68,8

Ж: су деңгейі 68,8см биіктікте болды.

13.11.2013ж есептер шығару

№447,448,449,452,



Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§14  №439,441,443,446.

§14  №445,450,451,




Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Бақылау жұмысы.


Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Жалпы мақсаты



Оқушылар рационал сандар, оларға амалдар қолдану (қосу, азайту) тақырыптары бойынша жазба жұмысындағы есептерді шығару арқылы оқушылар өз білімдерін тексереді. Өз беттерінше еңбектену арқылы білімдерін дамытады, шыңдайды. Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке дағдыланады.

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың бақылау жұмысының есептерін шығару ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға, көмектеседі. Берілген қасиеттерді есеп шығаруда тиімді қолдана біледі. Тақырып материалдары арқылы өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. бақылау жұмысын орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты талап етеді.

Дерек көздері

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Тапсырмалар

6 сынып математика әдістемесінде берілген бақылау жұмыстарының нұсқалары

Өз бетінше жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1тапсырма: Тиімді тәсілмен есептеңдер

19,46+(-27,86)+(-3,14)-

-11,54=




-28,3+4,65-(-13,13)-2,81+

+(-3,12)=





Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

2тапсырма: Өрнектерді ықшамдаңдар

27а+(-23с)-(-15,3а)+8-

-16,3с=


-1,94х+3,55-9,71х+

+(-0,17у)-10=



Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

3тапсырма: Мәтінді есеп

Маржан 45тг-лік, 56тг-лік, 63тг-лік үш ойын билеттерін сатып алып, оларды 58тг, 65тг, 57теңгеге сатты. Маржан әр билеттен неше теңге пайда немесе зиян көрді?

Балалар мектеп шеберханасында құстарға сымнан тор ұялар жасады. Шеберханада 18м50см-лік 2 орам, 21м75см-лік 4 орам сым болды. Барлығы неше тор ұя жасалды?

Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

4тапсырма: Теңдеуді шешіңдер

а) 8•(-х)=-5,6

ә) -132,7+(-у)=-52,06



а) х+27,36=-9,14

ә) -40,2•х=160,8



Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

5тапсырма: Таңбалар ережесін пайдаланып, амалдарды орындаңдар

(-14,35)-(-53,5)-(+21,3)-

-(-16,15)=



24,6+(-35,9)-(-36,5)+

+(-15,2)=



Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§13,14,15 оқу, ережелерді жаттау, есте сақтау

Материал мәтінін оқу, ережені жаттау, есте сақтау

Бағалау

Мұғалімнің дербес бағалауы, формативті бағалау



Күні







Сабақтың тақырыбы

Бақылау жұмысын пысықтау, қатемен жұмыс жасату


Сілтеме

Оқушылардың жазған жазба жұмысы

Жалпы мақсаты



Оқушылар өздері жазған жазба жұмыстарының қателерін көру арқылы өз білімдерінің қандай деңгейде екендігін тексереді. Өз беттерінше еңбектену арқылы білімдерін дамытады, шыңдайды. Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке дағдыланады.

Күтілетін оқу нәтижелері

Жазған жазба жұмысының нәтижесін көре отырып, ой ұшқырлығын шыңдауды мақсат етеді, келесі жазба жұмыстарында қате жібермеуге тырысады, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін шыңдауды көздейді

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша жазба жұмысының нәтижесі тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Қатемен жұмыс жасау сыни көзқарасты талап етеді.

Дерек көздері

Математика әдістемесі бойынша берілген тапсырмалар

Тапсырмалар

Математика әдістемесі бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1тапсырма: Тиімді тәсілмен есептеңдер

Оқушыларға 1 тапсырма бойынша жазба жұмысында жіберген қателері туралы айтылып, өз беттерінше оны түзетулеріне мүмкіндік беріледі

Әр оқушы өз жұмысында көрсетілген қателерді өз бетінше түзетеді

2тапсырма: Өрнектерді ықшамдаңдар

Оқушыларға 2 тапсырма бойынша жазба жұмысында жіберген қателері туралы айтылып, өз беттерінше оны түзетулеріне мүмкіндік беріледі

Әр оқушы өз жұмысында көрсетілген қателерді өз бетінше түзетеді

3тапсырма: Мәтінді есеп

Оқушыларға 3 тапсырма бойынша жазба жұмысында жіберген қателері туралы айтылып, өз беттерінше оны түзетулеріне мүмкіндік беріледі

Әр оқушы өз жұмысында көрсетілген қателерді өз бетінше түзетеді

4тапсырма: Теңдеуді шешіңдер

Оқушыларға 4 тапсырма бойынша жазба жұмысында жіберген қателері туралы айтылып, өз беттерінше оны түзетулеріне мүмкіндік беріледі

Әр оқушы өз жұмысында көрсетілген қателерді өз бетінше түзетеді

5тапсырма: Таңбалар ережесін пайдаланып, амалдарды орындаңдар

Оқушыларға 5 тапсырма бойынша жазба жұмысында жіберген қателері туралы айтылып, өз беттерінше оны түзетулеріне мүмкіндік беріледі

Әр оқушы өз жұмысында көрсетілген қателерді өз бетінше түзетеді

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§13,14,15 оқу, ережелерді жаттау, есте сақтау

Үйге берілген оқуға арналған қосымша тапсырмаларды орындаулары қажет

Бағалау

Мұғалімнің дербес бағалауы, формативті бағалау




Күні







Сабақтың тақырыбы

Рационал сандарды көбейту

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға рационал сандар туралы білімдерін тексере отырып, рационал сандарды көбейту туралы, қосу тәсілдеріне түсінік беру, оны өмірде қолдануға үйрету. Алған білімдерін дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей рационал сандарды көбейту туралы түсініктері арқылы оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой толғау мәтінмен жұмыс

Рационал сандарды көбейткенде ең алдымен берілген сандардың таңбаларына назар аударылуы тиіс, өйткені таңбадан кеткен қателер нәтижесіне үлкен әсерін тигізеді. Рационал сандарды көбейту екі жағдайда кездеседі:

Таңбалары әртүрлі көбейткіштерді көбейткенде – көбейтінді теріс сан болады

(+)•(-)=(-) а•(-с)=-ас

(-)•(+)=(-) (-а)•с=-ас

Мысалы: 4•(-6)=-24; (-12)•5=-60;



Таңбалары бірдей көбейткіштерді көбейткенде – көбейтінді оң сан болады.

(-)•(-)=(+) (-а)•(-с)=ас

(+)•(+)=(+) а•с=ас

Мысалы: (-3)•(-15)=45; 17•3=51

Егер көбейткіштердің таңбалары бірдей бірақ олардың саны екіден көп, яғни жұп болса, көбейтінді оң сан болады.

Мысалы: (-4)•(-5)•2•3=20•6=120

Егер көбейткіштердің таңбалары бірдей бірақ олардың саны екіден көп, яғни тақ болса, онда көбейтінді теріс сан болады.

Мысалы: (-2)•(-3)•(-2)=+6•(-2)=-12

Санды 0-ге көбейткенде 0 шығады:

а•0=0; -а•0=0

Санды 1-ге көбейткенде көбейтінді сол санның өзіне тең:

а•1=а; (-а)•1=-а

Санды -1-ге көбейткенде көбейтінді қарама-қарсы санға тең болады:

а•(-1)=-а; (-а)•(-1)=а мұнда а≠0

рационал сандарды көбейткенде көбейтудің ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік қасиеттері орындалады. Мұнда қасиеттердің өзгерісі таңбаларға байланысты болады.


Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып, өз бетіше білім алуға мүмкіндік алады. Ережелерді оқып, жазып, түсіне отырып, өз білімдерін көтеруге мүмкіндік алады.

Тапсырмалар

№520 (ауызша), 521,522,525,526,

Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

№523,524

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Рационал сандарды көбейтуге есептер шығару

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға рационал сандарды көбейту туралы білімдерін тексере отырып, рационал сандарды көбейтуге есептер шығарту, қосу тәсілдеріне түсінік беру, оны өмірде қолдануға үйрету. Алған білімдерін дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей рационал сандарды көбейтуге есептер шығару арқылы оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап әдісі

1) Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қалай көбейтеміз?

2) Таңбалары бірдей рационал сандар қалай көбейтіледі?

3) Көбейткіштердің біреуі 0-ге тең болса, көбейтінді қалай өзгереді?

4) Рационал санды таңбасына қарай 1-ге көбейткенде көбейтінді қалай өзгереді?

5) Таңбалары бірдей көбейткіштер саны жұп немесе тақ болған жағдайда, көбейтінді қалай өзгереді?


Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, білімдерін өз бетінше тексереді, есте сақтауға тырысады.

Оқуға арналған қосымша тапсырманы тексеру

№523,524

Оқушылар үй тапсырмаларын тексертеді, қателерін түзеуге мүмкіндік алады.

Тапсырмалар

№527 Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттерін пайдаланып есепте:

1) -0,2•(-5)•13;

2) -2,5•(-1,3)•4;

3) -4,25•(+0,2)•(-100);

№528 Кестені толтырыңдар:


а

-3



-0.9

0.99

b

5

-0.6

5

-100

a•b













№529 -30С•t; t=5,7,10

-30С•5=-150С

-30С•7=-210С

-30С•10=-300С

№530 1сек – (-2,5)м\сек. 4сек - ?

-2,5•4=-10м\сек

№531 1) +40С•2мм=80С

2) -50С•2мм=-100С

3) +100С•2мм=200С

4) -80С•2мм=-160С



Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

№532,534

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттері

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға рационал сандарды көбейту туралы білімдерін тексере отырып, рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттеріне есептер шығарту, қосу тәсілдеріне түсінік беру, оны өмірде қолдануға үйрету. Алған білімдерін дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу. Есептер шығаруда тиімді қолдану дағдыларын шыңдау.

Күтілетін оқу нәтижелері

Ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектесетіндей рационал сандарды көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеттеріне есептер шығару арқылы оқушылар білімдерін шыңдауға, дамытуға, ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2010ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер

Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап әдісі

1) Таңбалары әртүрлі рационал сандарды қалай көбейтеміз?

2) Таңбалары бірдей рационал сандар қалай көбейтіледі?

3) Көбейткіштердің біреуі 0-ге тең болса, көбейтінді қалай өзгереді?

4) Рационал санды таңбасына қарай 1-ге көбейткенде көбейтінді қалай өзгереді?

5) Таңбалары бірдей көбейткіштер саны жұп немесе тақ болған жағдайда, көбейтінді қалай өзгереді?


Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, білімдерін өз бетінше тексереді, есте сақтауға тырысады.

Ой толғау мәтінмен жұмыс

Көбейтудің ауыстырымдылық және терімділік қасиеті – көбейткіштердің орнын ауыстырғанмен көбейтіндінің мәні өзгермейді

Оқушылар мәтінмен жұмыс жасаай тырып, өз бетінше еңбектенуге мүмкіндік алады.

Тапсырмалар

№535 амалдарды орындаңдар

1) -63•(7-11)=252; 4) (26-11)•(-0,4)=-6,0

2) 9,9•(3-5)=-19,8; 5) (32-40)•3,5=-28,0

3) -2,2•(8-3)=-11,0; 6) (0,99-1)•26=-0,26

№536 есептеңдер

1) 1,9•(-13)+30=-24,7+30=5,3

2) -3,5•9,2-7,8=-32,2-7,8=40,0

3) -6,1•(-0,5)-4,15=3,05-4,15=-1,1

№538 Мәтінді есеп

№539 Мәтінді есеп

№540 Теңдеуді шешіңдер

№542 Теңдеуді шешіңдер



Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

№536(4,5,6)

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалімнің бағалауы.

Рефлексия

Каталог: uploads -> doc -> 0b87
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b87 -> Сабақ жоспары Күні: Оқу тобы : Қатысқан оқушылар саны: 32
0b87 -> Сабақ мақсаты : б балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру
0b87 -> Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
0b87 -> Орта мерзімді жоспар құруда тізбектелген сабақтар топтамасында сабағымның мақсаты мен күтілетін нәтижені, оқуда қолданылатын әдіс -тәсілдер мен модулдерді басты назарға алдым
0b87 -> Бағдарламасы, «Қазақстан тарихнан әңгімелер»
0b87 -> Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Негізгі және туынды зат есім туралы берілген ұғымды
0b87 -> Селолық «Наурыз тойы» кешінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттау берілген болатын. Бұл сайысқа «Сырға салу»салт-дәстүрін ұсынып жүлделі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет