Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері тақырыбын қайталауаға есептер шығару Сілтеме



бет9/38
Дата20.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43947
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38



Күні







Сабақтың тақырыбы

Жиын және оның элементтері. Ішкі жиын.

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға жиын, оның элементтері, ішкі жиын туралы түсініктерін кеңейту, білімдерін толықтыру, оны өмірде қолдануға үйрету. Алған білімдерін дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың жиынды табуға есептер шығарулары - ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектеседі. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2006ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ жауап

  1. Жиын дегеніміз не?

  2. Жиынның элементтері дегеніміз не?

  3. Бос жиын дегеніміз не?

  4. Жиынды қалай белгілейміз?

  5. Ішкі жиын қандай жиын?

  6. Жиындар нешеге бөлінеді? Мысал келтіріңдер

Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өз бетінше алған білімдерін тексереді, толықтырады, нақтылайды

Тапсырмалар

№235 А={1,3}; В={3,5,9}; С={7,11,15}; D={10,21}; жиындарының қайсысы F={2,3,5,9,10,21} жиынының ішкі жиыны? Белгіленуін пайдаланып жазыңдар.

№238 Жиындардың аттарын атаңдар

1) Жай сандар; 2) Жұп сандар; 3) Дұрыс бөлшектер; 4) Ондық бөлшектер;

№239 15-суреттегі АВ кесіндісінің нүктелер жиыны Е. АС кесіндісінің нүктелер жиыны F. Осы жиындарды Эйлер-Венн диаграммасы арқылы кескіндеңдер. Белгіленуін пайдаланып жазыңдар.

№240 Бос орындарға тиісінше «шектеулі жиын», «шектеусіз жиын» сөздерін қойып, сөйлемді толықтырып жазыңдар.

1) натурал сандар жиыны-«шектеулі»;

2) қандай да бір екі санның еселіктерінің жиыны-«шектеусіз»;

3) қандай да бір екі санның бөлгіштерінің жиыны-«шектеулі»;

4) түзудің бойындағы нүктелер жиыны-«шектеусіз»;

5) шеңберді қиятын түзу мен шеңбердің ортақ нүктелерінің жиыны-«шектеулі».

№241 А={9,24,36,47,52,60,71,81,90} жиынынан:

1) 3-ке қалдықсыз бөлінетін сандарының Е жиынын элементтерімен: Е={9,24,36,52,60,81,90}

2) 2-ге қалдықсыз бөлінетін сандардың F жиынын элементтерімен: F={24,36,52,60,90}

3) 6-а қалдықсыз бөлінетін сандардың L жиынын элементтерімен: L={24,36,60,90}

4) 2-ге де, 3-ке де, 6-ға да қалдықсыз бөлінбейтін сандардың К жиынын элементтерімен жазыңдар: К={47,71}.

№242 Жиындарды және олардың өзара байланыстарын тиісті белгіленулерімен жазыңдар: 1) Т={Ø}; 2) 3) құрама сандар; 4)



Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§6 №236, 237

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Жиындардың қиылысуы мен бірігуі

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға жиын, оның элементтері, ішкі жиын туралы түсініктерін кеңейту мақсатында жиындардың қиылысуы мен бірігуі туралы мәлімет беру, осы арқылы білімдерін толықтыру, оны өмірде қолдануға үйрету. Алған білімдерін дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың жиынның қиылысуы мен бірігуін табуға есептер шығарулары - ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектеседі. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2011ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой толғау

Жиындардың қиылысуы – А жиынына да В жиынына да тиісті элементтерден ғана тұратын жиын: А∩В=С.

Мысалы: А={2,4,5,9,11} және В={2,5,9,15} жиындарының қиылысуын табу керек болсын. А∩В={2,5,9}.

Егер А және В жиындарының ортақ элементтері болмаса, олардың қиылысуы бос жиын: А∩В=Ø

Жиындардың бірігуі – әрбір элементі А немесе В жиынының кем дегенде біреуіне тиісті болатын жиын: АUВ=С.

Мысалы: А={2,4,5,9,11} және В={2,5,9,15} жиындарының қиылысуын табу керек болсын. АUВ={2,4,5,9,11,15}.


Оқушылар мәтінмен жұмыс жасай отырып өз бетінше білім алуға талпынады, білімдерін толықтырады, дамытады

Тапсырмалар

№245 24264 санындағы цифрлардың Е жиынын және 45695 санындағы цифрлардың F жиынын элементтерімен жазыңдар:

1) жиындардың қиылысуын С жиынын элементтерімен;



2) жиындардың бірігуін В жиынын элементтерімен жазыңдар.

№246 және жиындарының қиылысуын элементтерімен жазыңдар. Элементтер санын көрсетіңдер.

№247 32 санының бөлгіштерінің Р жиынын, 56 санының бөлгіштерінің К жиынын элементтерімен жазыңдар. Жиындардың қиылысу мен бірігуін элементтерімен жазыңдар. Эйлер-Венн диаграммасы арқылы кескіндеңдер.

№248 21-суретте Эйлер-Венн диаграммасымен А және В жиындары кескінделген.

1) А жиынын элементтерімен жазыңдар;

2) В жиынын элементтерімен жазыңдар;

3) А∩В=С;

4) АUВ=С;

№249 Бір аптада дүкеннен 19 адам телевизор, 13 адам мұздатқыш сатып алды. Олардың 8-і телевизор да мұздатқыш та сатып алды. Неше адам телевизор ғана, неше адам мұзатқыш қана сатып алды? Оны Эйлер-Венн диаграммасы арқылы кескіндеп көрсетіңдер.



Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§7 №244,250,251

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Жиындардың қиылысуы мен бірігуі

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушыларға жиын, оның элементтері, ішкі жиын туралы түсініктерін кеңейту мақсатында жиындардың қиылысуы мен бірігуі туралы мәлімет беру, осы арқылы білімдерін толықтыру, оны өмірде қолдануға үйрету. Алған білімдерін дамытуға мүмкіндік беру. Өз бетінше еңбектенуге баулу

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың жиынның қиылысуы мен бірігуін табуға есептер шығарулары - ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға көмектеседі. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

6 сынып математика оқулығы 2011ж

Әдістемелік материалдар 2002ж



Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ жауап

1) Жиын дегеніміз не?

2) Жиының элементтері қалай құралады?

3) Ішкі жиын дегеніміз не?

4) Бос жиын дегеніміз не?

5) Бос жиын кез келген жиынның ішкі жиыны бола ала ма?

6) Жиынның қиылысуы дегеніміз не?

7) Жиынның бірігуі дегеніміз не?

8) Жиының негізін қалаған ғалым?

9) Жиын ғылымға қашан келді?


Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, өз бетінше алған білімдерін тексереді, толықтырады, дамытады

Тапсырмалар

№252 «Марс» және «Уран» сөздерінің әріптерінен:

1) А жиынын құрастырып жазыңдар;

2) В жиынын құрастырып жазыңдар;

3) А∩В=С; ондағы элементтерін санын жазыңдар

4) АUВ=С; ондағы элементтерін санын жазыңдар

№253 К-АЕ кесіндісінің нүктелер жиыны, ал Р-FB кесіндісінің нүктелер жиыны:

1) С-К және Р жиындарының қиылысуы. С жиынына тиісті нүктелердің жиынын көк түспен бояп көрсетіңдер. Белгіленуін пайдаланып жазыңдар; 2) D-К және Р жиындарының бірігуі. D жиынына тиісті нүктелер жиынын қызыл түспен бояп көрсетіңдер. Белгіленуін пайдаланып жазыңдар.

№254 Берілген А және В жиындарының қиылысуын С жиынын элементтерімен жазыңдар. Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеп, олардың ішіне жиын элементтерін тиісінше орналастырыңдар:

1) А={5,6,9,10,15,27}; В={5,6,10,18,21};

2) А={3,7,16,28,49}; В={1,3,28,49,51};

№255 Берілген А және В жиындарының бірігуі С жиынын элементтерімен жазыңдар. Эйлер-Венн дөңгелектері арқылы кескіндеп, олардың ішіне жиын элементтерін тиісінше орналастырыңдар. Элементтер санын көрсетіңдер:

1) А={15,19,45,71}; В={7,16,13};

2) А={a,b,c,d}; В={x,y,z};

№256 Жасыл, қызыл, сары түсті шарлардан тізбе жасалған. Ондағы сары түсті емес шарлар саны 23. Қызыл түсті емес шарлар саны 20. Жасыл түсті емес шарлар саны 15. Тізбеде барлығы неше шар бар? Жасыл түсті шар нешеу? Сары түсті шарлар нешеу?



Берілген тапсырмаларды жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

§7 №257,258

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді

Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия

Каталог: uploads -> doc -> 0b87
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b87 -> Сабақ жоспары Күні: Оқу тобы : Қатысқан оқушылар саны: 32
0b87 -> Сабақ мақсаты : б балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру
0b87 -> Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
0b87 -> Орта мерзімді жоспар құруда тізбектелген сабақтар топтамасында сабағымның мақсаты мен күтілетін нәтижені, оқуда қолданылатын әдіс -тәсілдер мен модулдерді басты назарға алдым
0b87 -> Бағдарламасы, «Қазақстан тарихнан әңгімелер»
0b87 -> Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Негізгі және туынды зат есім туралы берілген ұғымды
0b87 -> Селолық «Наурыз тойы» кешінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттау берілген болатын. Бұл сайысқа «Сырға салу»салт-дәстүрін ұсынып жүлделі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет