Сабақтың тақырыбы Натурал сандардың бөлінгіштік белгілері тақырыбын қайталауаға есептер шығару Сілтеме



бет2/38
Дата20.06.2018
өлшемі0,94 Mb.
#43947
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38



Күні







Сабақтың тақырыбы

Ондық бөлшек және оларға амалдар қолдану тақырыбын қайталау

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (5-6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Ондық бөлшектер және оларға амалдар қолдану тақырыбы туралы түсініктерін естеріне түсіру, есептер шығаруда тиімді қолдану арқылы білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, тәрбиелеу.

Білімдерін шыңдай отырып, оны өмірде қолдануға үйрету.


Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға мүмкіндік беретіндей ондық бөлшек және оларға амалдар қолданып табуға есептер шығару олардың білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

5-6 сынып математика оқулығы


Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап әдісі

1) Ондық бөлшектер қандай бөлшектер?

2) Ондық бөлшек пен жай бөлшектің айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

3) Жай бөлшекті ондық бөлшекке және ондық бөлшекті жай бөлшекке қалай айналдырамыз?

4) Ондық бөлшектерге қолданылатын амалдар?

5) Ондық бөлшектерді қосып, азайту қалай орындалады?

6) Ондық бөлшектерді қалай салыстырамыз?

7) Ондық бөлшектерді көбейту мен бөлу қалай орындалады?


Оқушылар сұраққа жауап бере отырып білімдерін толықтырады, өз беттерінше еңбектенуге дағдыланады

Оқулықпен жұмыс

№1 1) Ондық бөлшектерді жай бөлшекке айналдырыңдар:
0,09; 15,2; 1,3; 6,5; 0,65; 11,2; 321,48;

2) Жай бөлшектерді ондық бөлшекке айналдырыңдар:



№2 Амалдарды орындаңдар

1) 6,3-2,3+7,5; 4) 9,5-5,3+3,3;

2) 8,1+1,9-3,8; 5) 16-2,3+4,5;

3) 12,9-5,7+6,031; 6) 17,5-2,5+13,82;

№3 Мыс пен мырыштың қоспасының массасы 4,7кг. Ондағы мырыш 1,9кг. Қоспа құрамындағы мыстың массасын табыңдар. Ш: 4,7-1,9=2,8кг.

№4 Бағбан жинаған жүзімді екі жәшікке салды. Бірінші жәшіктегі жүзім 8,4кг, ал екінші жәшіктегі жүзім одан 1,2 есе кем. Екінші және екі жәшікте неше килограмм жүзім бар? Ш: (8,4:1,2)+8,4=7+8,4=15,4кг.

№5 Амалдарды орындаңдар:

1)

2)

3)

4)



Жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

6сынып математика оқулығының №6,7 есептері

№6 Амалдарды орындаңдар:

1) 2,8:0,7-0,63; 5) (0,17-0,09)*4,5;

2) 8,4-6:0,75; 6) 12,42:2,7+0,3*1,8;

3) 6,25*0,2+0,8:0,64; 7) 1,75:25+0,91*1,9;

4) 38-15*0,6:0,25; 8) 1,6*0,5:(0,16*1,25);

№7 Ені 0,35км, ұзындығы одан 1,4 есе ұзын тік төртбұрыш пішінді егістік жерге 41,16ц күріш себілді. Егістіктің 1га неше килограмм күріш себілген? (1км2=100га)


Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді


Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Жай және ондық бөлшектерді сандық сәуледе кескіндеу, дөңгелектеу

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (5-6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Жай және ондық бөлшектерді сандық сәуледе кескіндеу, дөңгелектеу тақырыбы туралы түсініктерін естеріне түсіру, есептер шығаруда тиімді қолдану арқылы білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, тәрбиелеу.

Білімдерін шыңдай отырып, оны өмірде қолдануға үйрету.


Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға мүмкіндік беретіндей жай және ондық бөлшектерді сандық сәуледе кескіндеп, дөңгелектеуге берілген есептерді шығару олардың білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

5-6 сынып математика оқулығы

Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап әдісі

1) Ондық бөлшектер қандай бөлшектер?

2) Ондық бөлшек пен жай бөлшектің айырмашылығы мен ұқсастығы неде?

3) Жай бөлшекті ондық бөлшекке және ондық бөлшекті жай бөлшекке қалай айналдырамыз?

4) Жай бөлшек дегеніміз не?

5) Жай және ондық бөлшектерді сандық сәуледе кескіндеу қалай орындалады?

6) Ондық бөлшектерді қалай дөңгелектейміз?



Оқушылар сұраққа жауап бере отырып білімдерін толықтырады, өз беттерінше еңбектенуге дағдыланады

Оқулықпен жұмыс

№1 Бірлік кесінді ретінде 7см кесіндіні алып, коорд.сәуле сызыңдар. Оның бойынан:

№2 Бірлік кесінді ретінде 4см кесіндіні алып, коорд.сәуле сызыңдар. Оның бойынан:



№3 Бірлік кесіндісі 10см-ге тең коорд.сәуле сызыңдар. Оның бойынан: 0,15; 0,4; 0,65; 0,8; 0,95; 0,75 сандарын кескіндеп, әріптермен белгілеңдер. Әріптерді координаталарымен жазыңдар.

№4 Жақшаларды ашыңдар

1) 4)

2) 5)

3) 6)

№5 Сандарды дөңгелектеңдер

1) Ондықтарға дейін: 1685,524,6556,1548;

2) Жүздіктерге дейін: 386,617,1256,6381;

3) Ондық үлеске дейін: 3,03; 4,25; 10,25; 0,998; 1,54; 0,806

4) Жүздік үлеске дейін: 0,212; 3,564; 16,745; 95,9673; 0,998;


Жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

6сынып математика оқулығының №6 есептері

№6 1) Вагонда 56 жолаушы және 2 жолсерік бар. Вагонда шамамен 50 адам бар ма әлде 60 адам бар ма? Қай жуықтау дәлірек;

2) Жердің радиусы 6371км. Марс планетасының радиусы Жер радиусының 0,53-іне тең. Марс планетасы радиусының ондық үлестерге дейін дөңгелектенген жуық мәнін жазыңдар


Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді


Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу тақырыбын қайталау

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (5-6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Пайыз. Санның пайызын және пайызы бойынша санды табу тақырыбы туралы түсініктерін естеріне түсіру, есептер шығаруда тиімді қолдану арқылы білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын шыңдау, тәрбиелеу.

Білімдерін шыңдай отырып, оны өмірде қолдануға үйрету.


Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға мүмкіндік беретіндей пайызды есептеуге берілген есептерді шығару олардың білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

5-6 сынып математика оқулығы

Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сұрақ-жауап әдісі

1) Пайыз дегеніміз не?

2) Пайызды жай бөлшекке айналдыру қалай орындалады?

3) Пайызды ондық бөлшекке қалай айналдыруға болады?

4) Санның пайызын табу қалай орындалады?

5) Пайызы бойынша санды табу қалай орындалады?


Оқушылар сұраққа жауап бере отырып білімдерін толықтырады, өз беттерінше еңбектенуге дағдыланады

Оқулықпен жұмыс

№1 1) Пайызды ондық бөлшекпен жазыңдар: 1%, 6%, 10%, 25%, 50%, 75%, 100%, 120%, 170%.

2) Пайызды жай бөлшекпен жазыңдар: 2%, 5%, 20%, 60%, 80%, 140%, 180%.

№2 Берілген сандардың пайызын табыңдар:

1) 1сағаттың: 1%-ы, 20%-ы, 10%-ы, 100%-ы.

2) 1 метрдің: 1%-ы, 7%-ы, 40%-ы, 10%-ы.

№3 Жеміс сусынын дайындау үшін алынған кептірілген жемістердің 35%-ы алма, 30%-ы алмұрт, 25%-ы өрік, қалғаны алхоры. Кептірілген жемістердің неше пайызы алхоры?

№4 Сыныптағы 28 оқушының 75%-ы спортпен айналысады. Сыныптағы оқушылардың нешеуі спортпен айналысады?

№5 Заттың бағасы 760тг: 1) егер заттың бағасы 15%-ға қымбаттаса, оның қымбаттатылған бағасы неше теңге?; 2) егер заттың бағасы 30%-ға арзандаса, оның арзандатылған бағасы неше теңге?

№6 Өрнектерді ықшамдап, мәнін табыңдар:

1) мұндағы х=3;

2) мұндағы у=4;


Жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

6сынып математика оқулығының №8,9 есептері

№8 Жерге себілген 200бидай тұқымының 150-і көктеп шықты. Бидай тұқымының өнімділігі неше пайыз?

№9 Есептеңдер:

1)



2)

Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді


Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия



Күні







Сабақтың тақырыбы

Бақылау жұмысы.


Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (6сынып)

Жалпы мақсаты



5 сынып математика курсыда өтілген тақырыптардың материалдары бойынша есептер шығару арқылы оқушылар өз білімдерін тексереді. Өз беттерінше еңбектену арқылы білімдерін дамытады, шыңдайды. Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке дағдыланады.

Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың 5 сыныпта өтілген материалдарға есептер шығару ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға, көмектеседі. Берілген қасиеттерді есеп шығаруда тиімді қолдана біледі. Тақырып материалдары арқылы өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. бақылау жұмысын орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты талап етеді.

Дерек көздері

Математика оқулығы бойынша берілген тапсырмалар

Тапсырмалар

Математика оқулығы бойынша

берілген есептер



Жеке жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1тапсырма: берілген сандардың ЕҮОБ мен ЕКОЕ табыңдар

1) 48 және 28 ЕКОЕ

2) 56 және 7 ЕҮОБ табыңдар



1) 54 және 63;

2) 36 пен 9 сандарының




Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

2тапсырма: Амалдарды орындап, нәтижесін жай көбейткіштерге жіктеңдер

1) (65,26:2,52+1,9)*10,9--48,99=


2) (21,10+13,2*24):1,82-

-2,7=



Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

3тапсырма: Мәтінді есеп

Сыныптағы 28 оқушының 75%-ы спортпен айналысады. Сыныптағы оқушылардың нешеуі спортпен айналысады?

Сыныптағы оқушылардың 15-і музыка үйірмесіне қатысады, бұл барлық оқушының 30%-ын құрайды. Сыныпта барлығы неше оқушы?

Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

4тапсырма: Өрнектің мәнін табыңдар

1) 17,5+х+3,47 мұндағы х=5,3 және 2,5;


2) 8,91-у+5,09 мұндағы у=6,5 және 9,7;

Әр оқушы өз нұсқасында берілген тапсырманы өз бетінше орындайды

5тапсырма: Теңдеуді шешіңдер

7(х+0,8)-2,5=6,6

(у+4,6):3=1,8




Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

5 сыныпта өтілген материалдарға 10 мысал келтіру

Материал мәтінін оқу, ережені жаттау, есте сақтау

Бағалау

Мұғалімнің дербес бағалауы, формативті бағалау


Күні







Сабақтың тақырыбы

Бақылау жұмысын пысықтау, қатемен жұмыс жасату


Сілтеме

Оқушылардың жазған жазба жұмысы

Жалпы мақсаты



Оқушылар өздері жазған жазба жұмыстарының қателерін көру арқылы өз білімдерінің қандай деңгейде екендігін тексереді. Өз беттерінше еңбектену арқылы білімдерін дамытады, шыңдайды. Ұйымшылдыққа, еңбексүйгіштікке дағдыланады.

Күтілетін оқу нәтижелері

Жазған жазба жұмысының нәтижесін көре отырып, ой ұшқырлығын шыңдауды мақсат етеді, келесі жазба жұмыстарында қате жібермеуге тырысады, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін шыңдауды көздейді

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша жазба жұмысының нәтижесі тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Қатемен жұмыс жасау сыни көзқарасты талап етеді.

Дерек көздері

Математика оқулығы бойынша берілген тапсырмалар

Тапсырмалар

Математика оқулығы бойынша

берілген есептер



Жеке жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

1тапсырма: берілген сандардың ЕҮОБ мен ЕКОЕ табыңдар

1) 48 және 28 ЕКОЕ

2) 56 және 7 ЕҮОБ табыңдар



1) 54 және 63;

2) 36 пен 9 сандарының




Әр оқушы өз жұмысында көрсетілген қателерді өз бетінше түзетеді

2тапсырма: Амалдарды орындап, нәтижесін жай көбейткіштерге жіктеңдер

1) (65,26:2,52+1,9)*10,9--48,99=


2) (21,10+13,2*24):1,82-

-2,7=



Әр оқушы өз жұмысында көрсетілген қателерді өз бетінше түзетеді

3тапсырма: Мәтінді есеп

Сыныптағы 28 оқушының 75%-ы спортпен айналысады. Сыныптағы оқушылардың нешеуі спортпен айналысады?

Сыныптағы оқушылардың 15-і музыка үйірмесіне қатысады, бұл барлық оқушының 30%-ын құрайды. Сыныпта барлығы неше оқушы?

Әр оқушы өз жұмысында көрсетілген қателерді өз бетінше түзетеді

4тапсырма: Өрнектің мәнін табыңдар

1) 17,5+х+3,47 мұндағы х=5,3 және 2,5;


2) 8,91-у+5,09 мұндағы у=6,5 және 9,7;

Әр оқушы өз жұмысында көрсетілген қателерді өз бетінше түзетеді

5тапсырма: Теңдеуді шешіңдер

7(х+0,8)-2,5=6,6

(у+4,6):3=1,8

Әр оқушы өз жұмысында көрсетілген қателерді өз бетінше түзетеді

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

5 сыныпта өтілген материалдарға 10 мысал келтіру

Материал мәтінін оқу, ережені жаттау, есте сақтау

Бағалау

Мұғалімнің дербес бағалауы, формативті бағалау



Күні







Сабақтың тақырыбы

Қатынас. Берілген сандарды қатынасқа бөлу

Сілтеме

Математика оқыту әдістемесі 2006ж (5-6сынып)

Математика оқулығы 2010ж (6сынып)



Жалпы мақсаты



Оқушылардың жай бөлшек туралы түсініктерін естеріне түсіре отырып, не себепті қатынас деп аталатынын түсіндіру, есте сақтауға ықпал ету, есептер шығаруда тиімді қолдану арқылы білімдерін толықтыруға мүмкіндік беру.

Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын шыңдау, тәрбиелеу.

Білімдерін шыңдай отырып, оны өмірде қолдануға үйрету.


Күтілетін оқу нәтижелері

Оқушылардың ой ұшқырлығын дамытуға, сыни тұрғыдан шапшаң, терең ойлауға мүмкіндік беретіндей қатынасқа берілген есептерді шығару олардың білімдерін толықтыруға мүмкіндік туғызады. Ойша есептеуде білімдерін тереңдетуге, өз білімдерін байытуға мүмкіндік алады. Тапсырманы орындау барысында оқушылар берілген есептердің шығарылу жолдарын өздігінен табуға мүмкіндік алады.

Түйінді идеялар

Оқушыға түрткі болатындай «миға шабуыл» әдісі бойынша тапсырма жауабына тәуелсіз ойлануына, өзіндік ойын жазып, түсініктеме беру қабілетіне ықпалын тигізеді. Берілген тапсырмаларды орындау сыни көзқарасты, ой ұшқырлығын тереңдетуді талап етеді.

Дерек көздері

5-6 сынып математика оқулығы

Тапсырмалар

Оқулық бойынша берілген есептер


Жеке жұмыс

Жұптық жұмыс

Топтық жұмыс


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ой толғау

Екі санның бөліндісі сол сандардың қатынасы деп аталады. Мысалы: 8:5; 3:4; т.б.

Мысалы: егер АВ=8см, CD=5см болса, онда: 1) 8:5 делінсе, оның оқылуы «АВ кесінд.ұзындығы CD кесінд.ұзындығыан есе ұзын»;

2) 5:8 болса, онда оқылуы «CD кесінд. ұзындығы АВ кесінд. ұзындығының -індей».

Жалпы түрі: - а санының bсанына қатынасы немесе а-ның b-ға қатынасы деп оқылады. Мұндағы а-алдыңғы мүше, b-соңғы мүшесі. Егер екі мүшенің орнын ауыстырсақ, онда берілген қатынасқа кері қатынас алынады. Қатынас бөлінді немесе бөлшек арқылы жазылғандықтан, жай бөлшектің негізгі қасиеті қатынаста да орындалады.

Яғни бөлшектің алымына да бөліміне де бірдей санды көбейткенде немесе бөлгенде қатынасқа тең қатынас шығады. Екі санның қатынасын процент түрінде де жазуға болады ол үшін берілген қатынасты 100-ге көбейтіп процент белгісін тіркеп жазамыз. Мысалы: мұны проценттік қатынас деп атайды. Шаманы берілген қатынаста бөлуді қарастырайық.

Мысалы: 250г шайдың құрамындағы қант массасы шай массасының қатынасы 3:7 қатынасындай. Шайдың құрамындағы шай мен қант бөліктерін табыңдар. Ш: 3+7=10, 250г шайды 10-ға бөлеміз: 250:10=25-бұл бір бөлік. Енді егер шайдың 7 бөлігінің 3 бөлігі қант десек, онда бір бөлікті 3-ке де, 7-ге де бөліп, 250г шайдың неше бөлігі шай неше бөлігі қант екенін табуға болады. 25•3=75; 25•7=175. Ж: қант 75г, шай 175г.



Оқушылар сұраққа жауап бере отырып білімдерін толықтырады, өз беттерінше еңбектенуге дағдыланады

Оқулықпен жұмыс

№38 қатынастарды оқыңдар, есте сақтаңдар:

1) 9:2; 2) 7:4; 3) 10:3; 4) 15:18; 5) 7\3:5.

№39 Қатынастарды жазыңдар:

1) 8-дің 5-ке; 4) 1,4-тің 7-ге;

2) 15-тің 7-ге; 5) 0,25-тің 5-ке;

3) 0,6-ның 2-ге; 6) 0,8-дің 0,5-ке;

№40 Қатынасты есептеңдер:

1) 18:6; 3) 9:5; 5) 133:19; 7) 78:3;

2) 4) 6) 8)

№41 қатынасты қысқарту арқылы оған тең қатынасты жазыңдар:

1)

1) 21:49; 2) 3) 80:5; 4) 5) 42:45; 6) 7) 126:27;

№42 қатынасқа кері қатынасты жазыңдар:

1) х:7=35; 3) 24:х=1,2; 5) 45:х=30;

2) х:0,6=5; 4) 87:х=2,9; 6) х:3=37;


Жеке ойланып, жұппен талқылап, сосын топпен талқыға сала отырып шығарады

Оқуға арналған қосымша тапсырмалар

№43 1) Екі санның қатынасы 3-ке тең. Соңғы мүшесі 7-ге тең. Алдыңғы мүшесін табыңдар; 2) Екі санның қатынасы 2-ге тең. Алдыңғы мүшесі 8-ге тең болса, соңғы мүшесін табыңдар

№44 берілген қатынасқа кері қатынас жазыңдар: 1) 7:5; 2) 3:8; 3) 9:4; 4) 11:8;

5) 17:5; 6) 3:2; 7) 12:11; 8) 36:13;


Үйге берілген тапсырманы өз беттерінше орындап келеді


Бағалау

Топ басшылары топты, әр топ бір-бірін, мұғалім өзі бағалайды

Рефлексия


Каталог: uploads -> doc -> 0b87
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b87 -> Сабақ жоспары Күні: Оқу тобы : Қатысқан оқушылар саны: 32
0b87 -> Сабақ мақсаты : б балалардың көкөністер туралы біліктілігін арттыру, көкөністердің топтарымен таныстыру
0b87 -> Сабақтың тақырыбы: Алғашқы адамдардың пайда болуы Сабақтың мақсаты
0b87 -> Орта мерзімді жоспар құруда тізбектелген сабақтар топтамасында сабағымның мақсаты мен күтілетін нәтижені, оқуда қолданылатын әдіс -тәсілдер мен модулдерді басты назарға алдым
0b87 -> Бағдарламасы, «Қазақстан тарихнан әңгімелер»
0b87 -> Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Негізгі және туынды зат есім туралы берілген ұғымды
0b87 -> Селолық «Наурыз тойы» кешінде қазақтың салт-дәстүрін насихаттау берілген болатын. Бұл сайысқа «Сырға салу»салт-дәстүрін ұсынып жүлделі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет