Сабақтың тақырыбы Төлеген Айбергенов. «Аппақ қыс» Сабақтың мақсаты



Дата06.07.2018
өлшемі21,29 Kb.
#47871
түріСабақ

Мұғалімі:

Жексенбаева. А.М.

Пәні:

Әдебиеттік оқу 4-сынып

Сабақтың тақырыбы

Төлеген Айбергенов. «Аппақ қыс»

Сабақтың мақсаты

 . Төлеген Айбергенов туралы мәлімет бере отырып, «Ақ қыс» өлеңінің мазмұнын, мағынасын меңгерту.
. Ақынның қыс мезгілін – ақ қолғапқа, іздерді – рояльдың ақ пернелеріне, сықырлаған қар дыбысын – аппақ әуенге теңеуі арқылы оқушылардың қиялын, ой - өрісін дамыту.
Өлеңді оқу кезіндегі балалардың сенімдерін қоса талдауға мүмкіндік беру.

Күтілетін нәтижелер

* «Аппақ қыс» өлеңінің мағынасын түсінеді

.Табиғат тылсым күшін,қардың әдемілігін таниды.

*Сөздік қорларын молайту арқылы сөйлеу тілдері, жазу мәдениеті дамиды.

*Қысқы табиғатты тамашалау арқылы әр жыл мезгілін өзінше бағалауға,әсемдікті,әдемілікті түсінеді,қастерлеуге үйренеді.





Сабақ түрі

Аралас сабақ

Оқытуда қолданатын әдіс-тәсілдер

Диалогтық әдіс, Қар үйіндісі, топтық,жеке

Керекті жабдықтар

Балалар қолымен жасалған қар түрлерінің макеттері. Қыс келбетін бейнелейтін суреттер. .




Сабақ кезеңдері

Мұғалім әркеті

Оқушы әркеті

Кіріспе

8мин


Психологиялық дайындық

.

Топтасу:Қар түрлеріне байланысты

1-топ:Ұлпа қар

2-топ:Қасат қар

3-топ:Үлпек қар
Үй тапсырмасын бекіту

«Қар үйіндісі »әдісі

Бағалау парағымен танысу

Топ ережесі:



  • Бірін-бірі мұқият тыңдау

  • Ойланып,тиянақты жауап беру

  • Топта ұйымшыл болу

  • Тапсырманы тиянақты орындау

  • Өз ойын ашық айту.

  • Бірін-бірі әділ бағалау.

Оқушылар сабаққа дайындалады,топтасады

Әр топтан бір оқушы шығып түсінігін айтады,

топтық бағалау

Топ ережесін еске түсіру





Тұсаукесер

2мин

 Қызығушылықты ояту.

-

«Қыс қызығы» этюдінен үзінді көрсетемін.

-Қысқы табиғат туралы не айта аласыңдар?

?



Видеоподекаст

арқылы тамашалау




Негізгі бөлім

23мин


 II. Мағынаны тану. (жетекші сұрақтар)

Автор туралы мәлімет

Төлеген Айбергенов өмірі Сонымен, біз бүгін Төлеген Айбергенов атамыздың «Аппақ қыс» атты өлеңімен таныс боламыз.
Төлеген Айбергенов – қазақ кеңес ақыны. 1937 жылы қарақалпақ елінің Қоңырат ауданында дүниеге келген. Ташкенттегі Низами атындағы педагогикалық институтты бітірген. Қоңырат ауданында, Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында мұғалім болған. 1965 жылдан бастап Алматыға келіп, Жазушылар одағында жұмыс атқарды. 1958 жылдан бастап өлеңдері «Қазақ әдебиеті», «Лениншіл жас» газеттерінде жариялана бастады. Айбергенов «Арман сапары» (1963), «Өмірге саяхат» (1965), «Құмдағы мұнаралар» (1968) өлеңдер жинағының авторы.

Өлең мазмұнын ашу
Сөздік жұмыс
Өлең не туралы жазылған? – Қыс мезгілі туралы. Ақын қыс мезгілін қалай сипаттаған? Қар бетіндегі адам іздерін неге ұқсатады? Жүрген кездегі қардың сықырлағанын ақын неге теңейді?
Оқулығымызда рояль сөзіне анықтама берілген. Рояль – пернелі музыкалық аспап, фортепьяноның бір түрі.
Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашамыз, бүгінгі күнді, сынып жұмысын, ақынның аты - жөнін жазамыз. Туған жылын, тақырыпты жазамыз.
Жазу барысында оқушы қалай отыру керек? Денеміз тік, дәптеріміз қиғаш тұрады. Сөздік жұмысты көшіріп жазамыз.

-Ал балалар, ақын қысты қалай суреттеген?

-Ақын қысты кейіптеп отыр.

-Кейіптеу дегеніміз не?

Табиғат құбылыстарын жандандырып, адам кейпінде суреттеуді кейіптеу деп атайды. 

Оқушылардан өлеңнен  түсінгендерін сұрау.

 

     Алғашқы бөлімде қысты ақ қолғап киген жанды адам ретінде кейіптеп отыр.Ал өзен, теңіз, тау-төбелерді ақ сәукелелі қызға теңеп отыр. Жосылған іздерді рояльдің тіліне ұқсатып отыр.



   Екінші бөлімінде ақ қысты әдемі сұлу өлеңге теңеп отыр.Аппақ қарларын басқан сайын дыбыс естілетініне мән береді.

Сол әуен жырлап кететіндей болып отыр. Мұнда да ақын кейіптеуді кең қолданған.

   Соңғы бөлімде ақынның қыс мезгілін ұнататыны аңғарылады.Қыстың сүйкімді күні төбеңнен төніп, оянбасыңа қоймайды. Ал осы қарда омбылап жүргенде еріксіз есіңе көктем түсетінін айтады. 

Рояль – музыкалық аспап

Сәукеле – ұзатылған қыз киетін бас киім.

Жұмбақ жасыру.

Аппақ, аппақ ақ мамық,

Жерде жатыр тапталып

Ол не? /қар/

Қар дегеніміз не?

- «Қар-қыста жауатын, ақ түсті кристалдардан тұратын атмосфералық жауын-шашын»

- Жұмбақта қар қандай екен?

- Қардың тағы қандай түрлері бар екен жаңылтпаштан анықтаймыз.



Жаңылтпашты қайтала

Бұл қар – сүр қар

Сүр қар – кір қар

Үстінде ойнама,

Үстіңді былғар.

- Жаңылтпаштан қардың қандай түрлерін білдің?

 Тағы қандай қардың түрлерін білесің

Сергіту сәті «Аққала соғамыз»
3. Шығармашылық жұмыс.

1-топ  Іздерді табу 2-топ  Жаңылтпашты оқу

3-топ  4жол өлең шығару.           

Не? Несімен ұнайды?         Неге тәрбиелейді?

    


Ызғар    ақша қарымен,ұлпа қарымен,                төзімділікке,шыдамдылыққа

Суық        күмістей шағылысқан        денемізді шынықтырады
    


Автор туралы

қосымша мәлімет


Оқулықпен жұмыс

Топ арасынан өз бетімен іштей оқу,мәнерлеп оқу,талдау,

Топтастыру

Сөздік жұмысы
Теріп оқу

Сыни сұрақ


.

Қызық қосымша ғылыми мәлімет беру


Шығармашы-

лық жұмыс

Топтық бағалау.

Сергіту бейне ролик арқылы жасайды



Қорытынды

10мин


Инсерт әдісі

V-түсінгенім

+-қосамын

?-сұрағым




Үйге тапсырма

1мин

Өлеңді мәнерлеп оқу.




Рефлексия

1мин


-Балалар, бүгінгі сабағымызды қандай түспен көрсетер едіңдер?

-Балалар, жалпы ақ түс өте жақсы түс. Ақ түс- әділдіктің, ізгіліктің, мейірімділіктің, тазалықтың белгісі. Ендеше, мен сендерге кіршіксіз ақ өмірлеріңе ақ жол тілеймін. Әрдайым аспанымыз ашық болсын, ашық аспаннан жапалақтап 



Ақ қар жаусын.






Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет