Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет34/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39

  • Сәуле, жуынып-шайынған болсаңыз асханаға жүріңіз, — деді жай ғана.

  • Рахмет, аға, - деді қыз.

Сәуле өзінің жатын бөлмесіне барып шығуға кеткен мезетте Раушан Айдынбекке сыбырлай сөйлеп былай деді.

-Айдынбек, байкадың ба, мына қыздың бет-әлпеті тап бір аңыздағы су перісінің бет-әлпетінен аумайды. Сәл қорқынышты да екен!

  • Сен де айтады екенсін-ау! - деп күліп жіберді Айдынбек, - сен өзін су перісін өз көзіңмен көріп пе едін?

  • Жоқ, әрине, - деді Раушан, - жай, аңыздарға салынған суреттерден көргендеріммен салыстырып жатқаным ғой!

  • Аңыз - аңыз. Өмір - өмір. Суретшілер сала береді емес пе? Мен байқаған Сәуленің бет-әлпетінде ешқандай да қорқынышты ештеме жоқ. Қайта оған қызығатын жігіттер көп емес пе? Бұл өзгеріс, бәлкім, шаршағандығынан болар.

  • Солай болса, солай шығар, - деп Раушан сәл басылып қалды.

  • Ештемесі жоқ, ең бастысы, жаман нәрсені ойға ала бермеу керек! - деді Айдынбек.

Раушан үндемеді. Айдынбектің дәлелді сөздері қанша дегенмен де басу болды. Енді Раушан Сәулеге тіке қарауды да қойғысы келген. Сол кезде жатын бөлмесінің есігін еппен ғана ашып Сәуле шықты. Ол сәл ыңғайсыздана, ұяла асханаға келді. Өзінің белгілі орнына отырды. Үшеуі үнсіз отырып таңғы дәмді астан алды. Шәй ішті. Тек содан соң ғана Раушан Сәулеге анау- мынауды түсіндіріп, ері екеуі кешікпей қызметтеріне кетті.
ТӨРТІНШІ БӨЛІМ

СУ ӘЛЕМІНІҢ САЗДАРЫ

Бассейнде

Қалаға әбден қалыптасып алған Сәуле бүгінде емін-еркін жүре алатын күйге жеткен. Енді Айдынбек те, Раушан да, академиядағы ғалымдар да бұл қызға онша аландамайды. Қызға қажетті бейнебайланыс құралдарын берген соң оны енді әуелгі бір кездегідей «Қайдан іздеп табамыз» деп уайым да кешпейді. Ал, Сәуленің негізгі бітірер жұмысы үй ішін тазалайтын, тамақ даярлайтын, тәртіпке келтіретін автомат жүйелердің жұмысын бақылау, дүкендерге бару, бассейнге шомылу. Бассейн Сәуленің екінші өмірі. Басқаны ұмытса да оған баруды ешқашан да есінен шығарған емес. Есінен шығара алмақ та емес. Бассейндегі бүкіл жаттықтырушылар да Сәуленің су астында жүзгіш қабілетіне тәнті болып алған. Олар мұндай жүзгіш, су астында мұндай ұзақ бола алатын қыз бала түгілі, ер баланы да кездестірмеген осы кезге дейін. Енді қанша жаттықтырушы болса да олардың өздерінеде жап-жас қыздан көп нәрсені үйренулеріне тура келгендей. Сәуле белгіленген күндердің бірінде келмей қалса, иә болмаса кешігіп қалса, бүкіл бассейннің қызметкерлері аяқтарынан тік тұрып алаңдай бастайды. Соңы білетін Сәуле де оған барғанда кешікпеуге тырысады. Жалпы, бассейн қызметкерлері қыздың су астынан ұсталғаның біледі. Сондықтан да оған ерекше тұрғыдан жағдай жасап, оны ерекше тұрғыдан қадағалайды. Бассейнде болса да қарауыл жігіттер де аз емес. Тек Сәуле ме, кез келген адамның өміріне қатер төнбеуін қамтамасыз ету олардың қай-қайсысының да төл міндеті. Ал Сәуленің жөні болса да мүлдем бөлек.

Сәуле бүгін жүзу бассейніне белгіленген уақыттан ертелеу келген. Ондай кезде өзін арнайы қадағалайтын жаттықтырушы әйел екеуі ғана оңаша болады. Бұл жолы да екеуі біршама әңгімелесіп алған. Бірақ ол әйел өзін әңгімеге қанша тартса да Сәуле өте сақ. Ашып ештеме айтқан емес. Сөйлегеннен гөрі тезірек суға түскенді, су астына сүңгігенді, су астында неғұрлым ұзақ болғанды қалап тұрады. Оны жаттықтырушы әйел де жақсы түсінеді. Сондықтан да ол да әңгіме дегенді доғарып, қыздың су асты әлемінен мол ләззат алуына жағдай тудырады. Бір жағынан қыздың құпия сырын біле түсу де оған қызық. Қазақ Ғылым академиясының ғалымдарының арнайы берген тапсырмасы тағы бар. Одан басқа да қызды бақылайтыңдар толып жатыр-ау. Солардың бәрі де қызды жалықтырмауға тиісті. Бұл — психолог дәрігерлердің тапсырмасы мен ұсынысы. Сәуле суды көптен аңсап қалғандай бассейнге жиі- жиі қарады. Өзінің төл жаттықтырушысы Ләззатпен шамалы әңгімелесіп болған соң арнайы бөлмеге барып, киімін ауыстырды. Содан соң биік тұғырдың үстіне шығып жаттықтырушысына бір қарады да, суға басын төмен қарата бір-ақ секірді. Ләззат өзі әдетте отырып алып суда жүзгендерді тамашалайтын орындығына келіп жайғасты. Бұл кезде Сәуле суға сүңгіген кезде пайда болған су толқыны әлі де болса басылмай, жиек-жиекке соғылып, қайта толқып жатқан еді. Ал қыз сүңгіген жер айнала дөңгелене ақ көбіктенген. Ол ақ көбіктер енді бірте-бірте жан-жаққа тарай да бастады. Қашан сол ақ- көбіктер жоғалып, су беті тынышталғанша Сәуледен еш ха­бар болған жоқ. Әдетте ол су астында көп болмайтын. Басқа суда жүзіп жүргендер мен суға сүңгушілер не істесе бұл да соны қайталайтын. Сөйтіп ол ешкімнен де ерекше болып көрінбеуге тырысатын. Сонысына әбден үйреніп қалған Ләззат оны «Әне шығады, міне шығады» деп күтумен отырды. Ал Сәуледен еш сыбыс жоқ. Ол бейнебір су тереңіне батып, тұншығып қалғандай.

Ләззат сәлден соң орнынан тұрып, бассейн жиегін жағалап жүріп қыздан бір белгі көруге тырысты. Жоқ, көрінетін де, белгі беретін де түрі жоқ. Егер бұл жағдай қандай да бір өзенде немесе бір шағын көлде болса, онда Ләззат әлде қашан айғайлап, дауыстап көмек шақырған да болар еді. Енді қапелімде қолынан не келе ойсын. Қырсыққанда, әншейінде то­лып кететін, шүпірлеп балықтарша жүзіп, сүңгіп жүретін ұл - қыздар да жоқ. Бассейн іші тым-тырыс-ау. Тек Ләззат қана қалғандай еді мұнда. Ләззат суға сүңгуге де енді дайындала берген. Тек сол кезде ғана басқа жүзушілер келе бастады. Олардың біразы кіреберіс есіктің алдына жиналып та қалған. Енді жүзу қызығы да басталып кетпек. Ләззат не істерін білмей қапы састы. Сәуленің су астында жақсы әрі үзақ жүзе алатының жақсы біледі. Бірақ оның мүншама ұзақ бола алатынын білмеген болатын бұл кезге дейін. Енді сәлден соң ол «Академияға хабарласам ба екен» деген де ойға келді. Бірақ артынша ол ойынан тез айныды. Сөйтті де бар жауапкершілікті өзіне ғана артқысы келгендей кіреберіс есікке жақындап суда жүзуге асығып тұрғандарға қарап:

  • Кешірім өтінемін. Бассейндегі суды тазалау керек. Шамалы күте тұрыңыздар, дайын болғанда өзім шақырамын, - деді.

Күтіптүргандар ештемедемеді. Ештемені түсінбеді. Текбір- бірлеріне карасып кана койған. Ләззат есікті

жауып, жылдам басып келіп, Сәуле киім ауыстырған орынға келді. Тез-тез қозғалды. Өзінің жүзгіштігі де Сәуледен кем түспейтін. Соны есіне алып, жігерленіп, бөлмеден шыққан бойда суға секіретін тұғырға жылдам көтерілді. Сәуле гүмп етіп сүңгіген жерді көздеді. Көздерін жұмып, екі қолын тіке ілгері қарай созып, алға қарай иіліп, қайта түзеліп барып, суға атылған сүңгідей гүмп берді. Су тереңіне бойлай бере екі көзін де ашып алды. Бассейннін терең түбіндегі адам қолымен жасалған бояулы сызықтары ап-анық көрінді. Ләззат енді сол жолақтарды қуалап жүзе жөнелген. Аузындағы түтіктен шыққан ауа түйіршіктері бұрқұрқ, күрк-күрк деп кішкене-кішкене ақ шар түйіршіктерге айналып, ол шарлар бір-бірін қуалай жоғары қарай жылдам көтеріліп кетіп жатыр... кетіп жатыр.

Ләззат оның біріне де назар аударған жоқ. Оның қазіргі мақсаты оларды қызықтау емес, Сәулені табу еді. Екі көзі тек ілгері қараған. Екі қолын тіке алға қарай созған бойда балықтарға ұқсап, белін бұлғақтата жылдам жүзе түсті. Су астына түспегеніне көп болса да қажетті деген әдістерін ұмыта қоймапты. Жүзісі де жаман емес. Сәулемен қатарласып жарыса қалса, одан қала да қоймас-ау, сірә. Бассейннің асты өзіне әуелден жақсы таныс. Адасамын, қатерлі бір жағдайға дұшар боламын дейтін мұхит тереңі емес бұл. Бассейн тереңіндегі әрбір сызық, әрбір бұрылыс жаттанды болып та қалған өзіне. Ендігі басты мақсат уақыт жібермей Сәулені табу. Кіреберіс есікте қаншама жүзгіштер суды аңсап тұр. Ләзат су астында жузіп келе жатса да сыртағыларды да осылай есіне алды Ал ең қиыны Сәуле көрінер емес. Оның жабық бассейндегі шектеулі су астында қайда кетіп қалуы мүмкін екеніне еш ақылы жетер емес. Дегенмен, бассейнді жай бір су әлемі деп те айту қиын. Мұнда небір қалтарыстар, үңгірге ұқсатылған қараңғы орталар мен небір бұрылыстар да бар. Бассейннің көлемі де шағын бір көл болмаса да, көлшікті көзге елестетеді. Адам баласы еркін жүзсін, небір қиын-қыстау жағдайға жаттықсын, қиындыққа шынықсын деп жасалған болатын бұл бассейн. Сондықтан да мұның келушілері де лек-лек. Кім-кімге де бұл бас­сейн үлкен бір доп тебетін стадионның орнын елестетеді Ләззат осының бәрін ой елегінен өткізген соң барып назарын бас­сейн суы астындағы үңгірлерге аударды. Сәуле енді болса сол үңгірлердің біріне еніп, ішінде демалып отырмақ. Ал қорықпайтын нәрсе, ол бассейннен ешқайда шығып кете алмайды. Ондай жол жоқ, жасалмаған. Ләззаттың жайбарақаттау, онша шошынбай суға сүңгіп, еркін жүзіп, шарлап, іздеп келе жатқаны да содан еді.

Бассейннің қабырғаларын жағалай жүзіп шықкан соң үңгір-үңгірлерді, қарауға тура келген. Бірақ су асты маскасындағы аз ғана уақытқа есептелген оттегі азайып қалған соң кейбір үңгірлерді тез – тез қарап шығуды көздеген. Қараңғылықты шарлай түскен. Содан бір кезде су асты қараңғылана түсе ме деп ойлаған мезетте, керісінше ол тұстан бір жарық көрінсе болама? Кәдімгі теңіз жәндіктерінен тарайтын люминесценциялық жарық сәуле. Ләззат ерімен бірге кезекті еңбек демалыстарында талай рет теңіз бен мұхит жағалауларында болған. Сонда су астына арнайы туристік сүңгуілермен теңіз, мұхит тереңін тамшалаған – ды. Су астында өз денесінен жарық шығаратын жәндіктерді сонда талай көрген. Сондықтан да оларды жай жарықтан оп – оңай ажырата алады. Ал мына жарық адамнан емес, тап сондай бір су асты жәндігінен шығып жатқандай. Жатқандай емес-ау, дәл соның өзі! Тек бұл бір ғана тұстан, бір ғана денеден таралып тұр. Ләззат маңдай тұсындағы оттегінің шамасын көрсетіп туратын титтей ғана дөңгелек экран-мониторға бір қарап алды. Әлі де бірнеше минуттар бойы жүзуге болатын сияқты. Оттегі таусылған жағдайда да бұл мұхит пен теңіз тереңі емес, тез арада су бетіне шығып кетуге мол мүмкіндік бар. Ләззат соған есептеген. Бұл әрекеті текке кетпеді. Бір мезетте анадайдан қыздың мүсін көлеңкесі шалынды көзіне. Тап кәдімгі су құдайшасының алтын мүсінін осы жерге мүсіндеп қойғандай.

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет