Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет33/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39

Қолында бейнекамера болғанда, мұны әлде қашан бейнетаспаға түсіріп те алған болар еді. Ол жоқ. Оны алуға да болмайды, мына сәтте. Тырс еткен дыбыс шыға қалса Раушан да, Сәуле де селт оянып кетпек. Содан кейін біраз әңгіменің басталатыны тағы бар. Раушан өзін Сәуледен онсыз да қызғанып жүрген жоқ па еді?! Ал мына түн мезгілінде өзінің қыз бөлмесінің есігін ашқанын білсе, нағыз күмәнданғанның көкесі сонда бол мақ. Айдын­бек бұл жағынан да сақтанды. Қызға соңғы рет жақсылап, анықтап бір қарады да, жаймен ғана кейін шегініп, өз бөлмесіне қарай кетті. Соның артынша қыз да бір қозғалып, шалқалай жатқан калпынан жалыққандай оң бүйіріне қарай ауды. Көрпесін де бас жағына қарай тарта түсіп жамылған. Мұның бәрін Айдын­бек көзімен көріп тұрмаса да, оның қимыл-козғалысы мен көрпенің суылынан анық сезді. Айдынбек жаңағы ғажайып көріністі әлі де болса қимай, сол есікке қарап біршама отырды. Бірақ енді таңданатын ештеме де жоқ еді. Қыз жатқан бөлменің ішіндегі жарық бірте-бірте азая берген. Пәтер іші қара көлеңкеленіп қалды. Айдынбек өз төсегінің жанына жаймен отыра кетті. Жатқысы келмеді. Жатуға негіз де жоқ еді. Ұйқысы шайдай ашылып кеткен. Енді не істеу керек? Раушан ояна қалса, өзінің ұйкысызданып жүргенін көріп, тағы да уайым кешеді. Оны да ойлаған. Ғалым енді киімін шешпестен Раушаннын жанына жаймен ғана жата кетті. Бұл кезде таңның өзі де атайын дел қал­ған. Енді сәлден соң бөлменің күншығыс жағындағы терезелерінің барлық перделері жарықтан ағара бастады. Шырт ұйқыда жатқан Раушаннын да табиғи жүзі көрінді. Ол боянғаннан боянбаған кезінде әдемілеу екен. Қанша боянса да, қанша әрленсе де табиғи сүлулығына жетер емес. Раушан ұйқыға жатар алдында бетін, ернін жуатын. Айдынбектің опадалап атаулыдан жиіркенетінін ол жақсы біледі. Тек көпшілік әйелге тән әдет болған сон олардан кейін қалғысы келмейді. Опа-далаптың неше түрін сатып алады. Күндіз жағып, жатар алдында ұмытпай жуып тастайды. Айдынбек онын бәрін көріп-сезіп жүрсе де, ештеме демейді. Өмір, қоғам солай.

Айдынбек ұйықтай алмады. Раушанмен қатар жатқанымен көзін жұмған жоқ. Екі көзі күншығыс жақтағы терезелерде болды. Перделердегі жарық уақыт өткен сайын ағарып келеді. Жарық көбейген сайын Раушанның табиғи бет-әлпеті де айқындала берген. Енді сәлден соң Айдынбек мейірленіп, Раушанның қара-сарғыш шашынан сипап қойды. Раушан қозғалар емес. Бірақ Айдынбектің аялы алақанын сезіп те жатқан сияқты. Қозғалмағаны, үндемегені біржағынан еріне еркелегені. Айдынбек те онысын іштей сезіп отыр. Тек үйде Сәуле пайда болғалы бері көңілі сынық. Оған жуыспаса да өзін екі әйелдің ортасында жүргендей сезінеді. Сырттағы сөз де дәл солай таралып жатқан тәрізді. Жұрт не десе ол десін, Айдынбекке ғылыми зерттеуін аяғына жеткізу керек. Соны ойлайды. Жұрттың сөзі мен өсегінен қорқамын деп алдына қойған мақсатынан бас тартар жайы жоқ.

Ол тағы да Раушанға қараған. Онысын сезе қойғандай Рау­шан тағы бір аунап түсті. Тек көзін ашқан жоқ. Айдынбектің жанында отырғанын бірден-ақ сезсе керек. Кенет ол ерінің киімшең жатқанын киімінен ұстап көрді. Артынша көзін де ашып алған. Айдынбек ештемені көрмегендей, ештеме болмағандай, тып-тыныш жатыр. Сәуленің денесінен тараған ғажайып жарық та әлі көз алдынан кете қоймаған. Онымен салыстырғанда Рау­шанның денесі жай ғана бір табиғи дене екен. Сонда да өзіне сүйкімді, тартымды. Ондай қалау болмаса өзі мұңдай отбасын құрамас та еді. Раушанға елжірей түскен ол енді оның маңдайын оң қолынын ыстық алақанымен сипап өтті. Раушан оянды. Көзін ашыпта алды. Тек ерінің жанында неге бұлайша киімімен жатқанын түсіне алмады. Кейде оның осылайша киімін шешуге шамасы келместен төсекке құлап, осылайша ұйықтап шығатыны да болатын. Бүгінгісі тіпті де басқаша сипат алғандай. Бірақ Раушан мұны ешқандай да жамандыққа жорыған жоқ. Түнде жатар алдында Айдынбектің жеңіл киімдерін шешіп жатқызғаны есінде. Енді оның қайтадан киініп алғаны түсініксіз. Раушан көкейінде жүрген сұрақтарын ешқашан да ә дегеннен қойған емес. Ол қасиет бойына жастайынан біткен қасиет. Жұбайының ол қасиетін Айдынбек те жақсы біледі. Сондықтан да ол қайта шешініп жатпақ болған-ды. Бірақ үлгермеген.Танатып қалды. Раушан енді сәл еркелеп Айдынбекке қарай бұрылды да:

  • Неге киіммен жатқансың, Айдынбек? - деді.

  • Түнде тамағым құрғап оянып кеткенмін, — деді Айдын­бек, — содан орнымнан тұрып, автомат асханаға барып салқын су ішкенмін. Содан қайтып шешінуді жөн санамадым. Қайта шөлдесем, тағы киініп жүремін бе деп ойладым.

  • Мені неге оятпадың? - деді Раушан ерінің бет-әлпетіне қадала қарап.

  • Оятқым келмеді. Жақсы ұйықтап жатыр екенсің. Ұйқынды бұзғым келмеді.

  • Сен-ақ сөйтесіңде жүресің. Бәсе, маған бөлме іші жарық болып кеткен сияқты көрінді. Бірақ сені өйтіп шөлдеп жүр деп қайдан ойлайын. «Ұйқы - жартылай өлімге тең» деген осы да.

  • Иә, мен сенің тәтті ұйқынды бұзуға батпадым, Раушан. Егер бірдеме қатты мазалап бара жатса бір жөн.

  • Жарайды, түсінгеніңе рахмет, Айдынбек. Тек бұдан кейін қанша қатты үйықтап, қанша шаршап жатсам да ондай жағдайда міндетті түрде мені оят. Қажет десен, мен ана автомат асханаға шәй да қойдырып беремін ғой, - деді Раушан ерінін әжімді бетін қос алақанымен сипап, ой, тұрайын. Ана авто­мат жүйелерге тапсырыс берейін. Әне-міне дегенше жұмысқа асығатын уақытта келіп қалады емес пе? Сәуле де оянған болар ендігі?

  • Оны білмедім. Бірақ сен ол жаққа әзірге бармай-ақ қой, ұйықтай берсін. Оның біз сияқты қалып бара жатқан жұмысы да жоқ.

  • Иә, ұйықтаса, ұйықтасын. Түсінемін ғой мен оны. Өзі бір ғажайып жан. Мінезі де бір қызык. Әсіресе, қазақ тілін қалай тез үйреніп, игеріп алды десеңші? Қабілеті де, қасиеті де ерекше қыз өзі, айтары жоқ!

  • Иә, ол жағына еш күмән жоқ, - деп Айдынбек жеңіл ғана күрсініп қойды.

Ерлі-зайыптылар осындай қысқа әңгімеден кейін төсектерінен тұрды. Бұл кезде далада барынша жарықтанып, көрші-қоландар тырс-тырс жүріп, жоғарғы қабаттардан төмен қарай бірі тепкішекпен, енді біреулері көтерме жәшікпен түсіп, жұмыстарына қарай асығып кетіп бара жатты. Раушан ширақ қозғалып авто­мат асханаға таңғы асқа тапсырыс берді де, өзі жуынып-шайынатын бөлмеге енді. Бұл кезде Айдынбек шамалы жаттығу жасап, бет-әлпеті мен тұла бойын үлкен айна арқылы барлап алды. Өз бойынан жарық бөлетін дене мен жарық шығармайтын дененің айырмашылығының қандай болатынын байқап көргісі де келгендей де еді. Ол айырмашылықты дәл қазір таба алмақ емес. Сондықтан да енді Сәулеге әуелгіден де басқаша бір көзқараспен қарауына тура келгендей бір күйді де кешті. Ойыңда: «Раушан түндегі құбылысты көрмей-ақ та, білмей-ақ та қойса екен. Шошымаса екен» деген сөз тұрды. Ал бір жағынан қарамағындағы, бақылауыңдағы қыздың тағы бір құпия-сырын ашқанына ішінен қуанып та қойды. Сол ішкі қуанышы көңілін көтеріп те жіберген. Өзінің әдеттегі жаттығуларын аяқтаған бетте жуынып-шайынатын бөлмеге барған. Ол кезде Раушан да сыланып-сипанып, боянып- әрленіп болып, автомат асханаға қарай кеткен болатын. Айдын­бек жуынып-шайынып шыққан бетте көрші бөлмедегі Сәуленің де оянғанын, төсегінен тұрып, оны жинап, бөлмесіндегі үлкен айнаның аддына тұра қалып, бет-әлпетін барлағанын сәл ғана ашық тұрған есіктен аңғарды. Содан соң қыз жаймен басып Айдынбекпен жай ғана амандасты да, одан өтіп Раушанға жетіп:

  • Қайырлы таң, әпке! - деді сәл ғана жамиып.

  • Қайырлы таң, сіңлім! — деді Раушан да көтеріңкі көңілмен.

Дәліз бойында екеуі бір-біріне қадала қарап тұрып қалған. Сол мезетге өзінің жатын бөлмесінен Айдынбек шықты. Ол енді Сәулеге ойлана көз салды. Сәуле де бірдемені сезгендей жаңа ғана әдемілеген жүзін Айдынбектен бұрып әкетті. Раушан екеуіне кезек-кезек қарап қояды. Іштемені де түсінер емес. Адам баласының миындағы құпия-сырды білуден қиын нәрсе жоқ емес пе? Сондықтан да ештемені ажырата алмаған. Айдынбек те көп тұрған жоқ. Сәулеге таңырқай тағы бір қарады да, қайтадан өзінің жатын бөлмесіне кетті. Сол кезде Раушан мен Сәуле тағы да көз түйістіріп қалды. Бұл жолы Раушан Сәуленің бет-әлпетінен осы кезге дейін байқап көрмеген өзгерісті анғарғандай болды. Сәуленің бет-әлпетінде су асты тіршілік иелеріне тән ерекшеліктер бар екен. «Мына қыз өзі аңызда айтылатын су перісінен аумайды ғой» деп өз-өзінен сәл шошынып та қалды. Тек ол ойын сыртқа естірте айта алмады. Сөйтіп тұрғанда автомат асхана жақтан таңғы астың дайын болғаны жөнінде берілетін дабыл да безек қақты. Раушан кілт бұрылып асханаға қарай кетті. Сәуле қапелімде не дерін білмеген адамдай сол орнында тұрып қалған. Онысын байқаған Айдынбек бөлмесінен шықты да:

Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет