Сахиев Жүніс. Су әлемінің саздары. ғылыми-фантастикалық роман. «Фолиант» баспасы, Астана – 2008



бет30/39
Дата26.01.2018
өлшемі9,74 Mb.
#34042
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39

Үлкен данғылдың бойымен көлік зымырап келе жатқанда Сәуле сырттағы ғажайып көріністерге ынтыға түсіп, терезеге тақала берді. Енді оның қалаға деген қызығушылығы әуелдегіден де арта түскен. Болатбек оған жиі-жиі көз тастап қояды. Қыздың бет-әлпетінде бояудын табы білінбейді. Табиғи сұлулық. Қара мөлдір шашы арқа тұсына қарай төгіліп, орындықтың жақтауын көмкеріп жатыр. Оны көрген Болатбектің шаштан бір сипауға деген әуесі де оянып кетті. Оның: «Осылайша көңілін көтеріп, қыдыртып-қыдыртып, содан соң үйге алып барсам, оңашада сырлассам» деген де арманы болды Болатбектің. Осындай әдіспен талай-талай қыз-келіншектермен ойнап-күлген. Соңғы кездері мұндай әдеті жиілеп те кет­кен. Бүгін де сондай бір танысудың сәті түсіп отыр. Онын үстіне осы кезге дейін көріп, танысып жүрген қыздарының еш біріне ұксамайды бұл. Мүлдем бөлек. Тіпті, мұндай қыз тек бұл қала емес, күллі Жер шарында да жоқ десе де болғандай. Сұлулығында шек жоқ. Күні бойы осы қыздың бетіне қарап отыр десе де Болатбек одан бас тартпас еді. Тек өзі емес, достарының кай-қайсысы көре қалса да бұл қызды құлай сүйер еді. Сондықтан да Болатбек, ішінен: «Бүгінгі бұл сәтті кездесуді бос жіберіп алмауым керек», - деп өз-өзіне серт етті. Сөйтіп өзінше бір терең арман-қиялға батып отырғанда қыз кенеттен былай деп тіл қатты:

  • Ана бір жолаушылар көлігі не себепті жүрмей тұр?

  • Қайсы?

  • Болатбек елең етіп, қыз сүйріктей ғана сүқ саусағымен нұсқап көрсеткен жаққа жалт қарады.

  • Ә, анау ма? Ол ток күшімен жүретін жолаушылар көлігі.

  • Тоқпен?

  • Иә.

  • Ендеше, ол неге жүрмей тұр?

  • Сіз өзіңіз бір қызық қыз екенсіз, — деді жігіт бір қарап қойып.

  • Жоқ, ол неге жүрмей тұр? — деді қыз сұрағын қайталап.

  • Сымда ток жоқ. Ток жоқ болған соң тұр да. Сол да түсініксіз бе сізге?

  • Ендеше оларға көмектесейік те. Обал ғой. Көлік ішінде қаншама жас балалы әйелдер отыр.

  • Қалай көмектеспекпін мен оған? Мына жеңіл көлікке тіркеп алып тартайын ба?

  • Жоқ, — деді қыз жігітке көзінің қиығымен қарап, — оны сіздің жеңіл көлігіңіз емес, мына мен тартамын!

  • Қойшы, қарындас, не болса соны айтпай, — деді жігіт әлдеқайда асыққандай алдына қарап, — бұл не әзіл, не ойыныңыз. Онан да тезірек тамақ ішетін жерге жетелік. Одан әрі қарай да қыдыратын жеріміз толып жатыр емес пе? Сізді үйіңізде болса да іздейді.

  • Жоқ! — деді қыз сәл ренжігендей болып, — солай қарай бұрыңыз көлігіңізді. Сонда баралық. Менің ісім, одан әргісі.

  • Жарайды, жарайды, - деп жігіт көлігін солай қарай бұрды.

Көлік жолаушылар көлігінің жанына келіп тоқтаған кезде оның ішінен жылаған жас балалардың да дауыстары естіліп қалды. Қыз көлік есігін тез ашып, сыртқа жылдам шықты. Содан соң ол көлік ішінде жүйке тамырлары жұқарып, не істерлерін білмей отырған кәрі кісілергеде көз тастады. Сөйтіп ба­рып көліктің алдына шыққан. Болатбек ішінен қынжылып: «Не істемек өзі бұл қыз?! Көрсін, көрсін» деп отырған орнынан қозғалмады. Қыз тіпті кешіге берсе, оны дәл осы жерге тастап, зымырап кетіп қалуды да ойлады ішінен. Қыз көліктің дәл ал­дына қарсы қарап тұрып алып, екі қолын жоғары көтерді. Бірақ іштегілер де, сырттан бақылап тұрғандар да онын не жасағалы тұрғанын түсіне алмады. «Мына қыздың дені дұрыс па, өзі» де­ген де ой келді бәріне. Көлікті жүргізуші әйел кісі қызға «Жолдан былай тұр, қазір тоқ келсе, жүреміз» деген де белгі беріп үлгерген. Қыз оған елең ете қоятын емес. Қос қолын көтерген бойда міз бақпай тұр-ау. Көлікті жүргізуші әйел енді шыдамастан көліктен түсе бастамақ еді, кенет көліктің қозғалтқышта­ры тоқ келгендей зыр ете түсті. Жүргізуші әйел де, іште отырған жолаушыларда елең етіскен. Қыз жолдың шетіне шықты. Көлік жаймен ғана жүре берді. Сол кезде барып бәрі де жоғарыға қараған еді, көліктің қос темірі жоғарыдағы тартылған қос сымға тимептіде. Ешкім ештеме айта алмаған. Не десін? Мынандай жұмбақ істі ешқайсысы да ешкашан да күтпеген еді. Көлік әдеттегісінше зымырап жөнелген. Іштегілер де, сырттағылар да мәз. Жеңіл көліктегі жігіт қорқайын деді. Ол енді қыздың өзіне қайтып жақындағанын қаламады. Бірақ, амал не, жігіт емес пе? Көлігіне от қосып, үлкен көлікті қуа жөнелді. Қыз соның ішінде кеткен. Онын қандай жылдамдықпен көлікті қуып жетіп, оған қалай мініп алғанын түсіне алмады. Біраздан соң үлкен көлік кезекті аялдамаға тоқтады. Сол кезде барып Болатбек қыздың көлік жүргізушінін жанында жайбарқат әңгімелесіп отырғанын көрді.

Енді капелімде не істесін. Үлкен көлік қайтадан жүріп кетті. Бұл да жүрген. Одан біресе озып, біресе қалып, ара-тұра дабыл беріп те келеді. Көлік ішіндегі жолаушылар болса да мәз. Сөйтіп ол көлік өзінің қажетті жеріне де жетті. Есік ашылып, жолаушылар бір-бірлеп түсіп жатыр. Бәрі де Сәулеге алғыстарын жаудыруда.

Болатбек оның бәрін де мұқият бақылап отырды көлігінін терезесінен. Енді көліктің ішінде тек жүргізуші әйел мен Сәуле ғана қалған. Болатбек көлігінен ата шығып солай қарай жүгірді. Ашық тұрған есігінен жедел ішке кірді. Екі көзі Сәуледе. Оның реңі алғашқыдан сәл де болса бозарыпты. Басқа еш өзгеріс жоқ. Баяғы Сәуле. Емін-еркін сөйлеп, емін-еркін күліп қойып отыр. Ештеме болмағандай. Сәлден соң қыз Болатбекке қарап жымиып та алды. Үстінен үлкен бір жүк түскендей саябырланып та қалған. Қасындағы келіншекте не өң, не түс жоқ. Бар болғаны Сәулеге жасанды жымиып қарай береді. Жүргізуші Болатбектің қызға кім болып келетінін де түсінбеген. Бір қарағанда екеуі ерлі-зайыптыларға да ұқсамаған. Болатбек осылайша бір сәт не айтып, не қоярын білмей үнсіз отырып, Сәуленің сұп-суық он қолынан ұстады да:

  • Қолыңыз неге сонша суық? Жүріңіз, қайталык, — деді.

  • A-а... Сіздің тұрақты мекен-жайыныз қай жерде еді? - деді сол кезде жаңадан ұйқыдан оянғандай болған жүргізуші келіншек Сәулеге.

  • Білмеймін, деді қыз.

  • Қалайша білмейсіз? Сонда қалай, сіз бұл қалада тұрмайсыз ба?

  • Осындамын. Бірақ мекен-жайымды білмеймін, - деді Сәуле.

  • Жүріңізші тезірек. Әйтпесе, қазір көзге түсеміз. Мұнда енді халық сақшылары да келіп жетеді. Ал сіз, апай, бұл оқиғаны ешқайда хабарламай-ақ қойыңыз. Мен бұл қызды қазір кешіктірмей алған жеріме апарып тастаймын. Өтінемін, сізден.

  • Жарайды, - деді екеуін аяп кеткен көлік жүргізуші келіншек, - мен бәрінде түсіндім. Ешкімге айтпаймын. Тезірек кете қойындар. Тек бір нәрсе бар, бұл оқиғаның куәгері жалғыз мен емес. Мұнда жолаушылар болды, оны өздеріңде білесіндер.

  • Иә, оныңыз рас, — деді Болатбек, — олардың тыныш қалмайтыны да белгілі ғой. Сондыктан да, Сәуле қарындасым, тезірек кетейікші бұл жерден. Мен де қараптан-қарап бір нәрсеге іліккелі тұрмын.

Болатбек қыздың қолынын суықтығына қарамастан қысып ұстап алған бойда сыртқа қарай тарта жөнелді. Мән-жайды түсінген Сәуле оған қарсылық жасаған жоқ. Келіншекке қарап жымиды да, онымен жылы қоштасып, екеуі көлікке қарай асықты. Жеткен бойда көлікке отырып, есіктерін сырт-сырт жауып алды. Көлік гүр етіп оталып зымырап ала жөнелді. Үлкен көліктегі жүргізуші әйел әлі де болса өң мен түстің арасында түрғандай бұларға ұзақ қараумен отырды. Сол кезде төбесінде айналып жанып тұратын шамы бір-бір көлік зымырап келіп дәл жолаушылар таситын осы көліктің жанына кілт тоқтай қалды. Сол кезде барып келіншек дәл төбе тұсынан біреу суық суды құйып жібергендей селт ете түсті. Артынша әскери киім киген екі кісі көлікке еніп, бастап келгені төс қалтасынан кішкене куәлігін алды да, ішін айқара ашып келіншекке көрсетті.
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   39




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет