Семинар бойынша 5- семинар бақылау сұрақтары: Дүниені танып-білу мүмкіндігі мәселесі. Танымның түрлері


Танымның субъектісі және объектісі



бет2/7
Дата05.06.2023
өлшемі26,1 Kb.
#178313
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
5-6семинар

2.Танымның субъектісі және объектісі. 
Таным- бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған.
Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық 
ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып 
табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып
мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным - 
адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің 
әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары 
қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Таным теориясы немесе 
Эпистемология - бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным 
табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. 
Таным теориясы туралы термин философия ғылымына 1854 жылы шотланд 
философы Дж.Феррердің еқбектері арқылы енді. Бірақ таным туралы мәселе 
өте ертеден бастап-ақ қойылып келеді. Өйткені танымнан тыс білім де, 
ғылым да да болуы мүмкін емес. Таным теориясы этика, эстетика, адам 
туралы философиялық ілімдермен тығыз байланысты. Дегенмен, ол жалпы философия теориясының дербес бөлімі ретінде өзінің мағынасын сақтайды. 
"Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер 
төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Уақыт өте келе бұл мәселені саналы қойылуы және оны шешуге тырысуы салыстырмалы тәртіпті пішін алып,сол кезде білім 
туралы ілім қалыптасты. Философтар таным теориясының мәселелері 
төңірегінде ой қозғай бастады.

3.Танымдағы сезімдік пен рационалдық. Сезімдік танымның формалары.
Таным өте күрделі процесс, ол ұдайы даму үстінде болып отырады. Ол адамға зат пен құбылыстардың сыртқы, көзге түсер қасиеттері мен қатынастарынан бастап, оның тереңде жатқан ішкі салыстырмалы тұрақты байланыстарына дейін бойлауға мүмкіндік береді, яғни заттың мәнін, ішкі құпиясын меңгеруге жағдай жасайды.Таным процесі екі сатыдан тұрады: сезімдік және рационалдық таным. Бұл екі саты бірінен кейін бірі болатын жекеленген деңгейлер емес, олар біртұтас таным процесінің екі қарама – қарсы, бірақ бір – бірімен өте тығыз байланысқан жақтары. Әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері де бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет