Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019


л цұйылатын квастың өзіндік құны - 46,73 теңге



бет7/111
Дата08.02.2023
өлшемі3,33 Mb.
#167962
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   111
Байланысты:
100 proektov malogo biznesa kaz 020819
6 3тоқ бжб 1, жиренше шешен, Жоспар 2022-2023жж. Ақбота
л цұйылатын квастың өзіндік құны - 46,73 теңге.




Лауазымы

Штаттық
бірліктер

Айлық қызметақы, теңге

Жылдық қызметақы, теңге

Оператор

1

45 000

540 000

Оператор көмекшісі

1

45 000

540 000

Зертханашы

1

45 000

540 000

Қызметкерлер құрамы бойынша жалпы

3

135 000

1 620 000


Инвестициялық жоспар.
Квас өндіру жөніндегі ауыспалы шыгындар: Негізгі құралдарды сатып алу - 409 000 тг:

Атауы (Жабдық)

Саны, дана.

Баға, теңге

Ашыту аппараты

1

120 000

Мөлшерлеу контейнері

1

35 000

Краны бар бөшке (50л) құйылатын квасты сатуға арналған

4

128 000

Салқындатқыш қаптама температураны сақтаға арналған

1

12 000

Тығындарды жабуға арналған бұрағыш жэне саптау

1

25 000

Бөтелкелерді сақтауға арналған термоқорап

1

17 000

Квас ашытқысының концентратына арналған бөшке (50 л)

1

2 000

Тоңазытқыш

1

70 000

Барлығы




409 000


Квас өндірісі бойынша тұрақты айсайынғы шығындар:

  1. Шикізат пен материалдар шығындары = 2 556 018 тг:

  • Квас брикеттері = 1 740 960 тг

  • Квас ашытқысының концентраты = 207 666 тг

  • Қант = 602 381 тг

  • Ашытқы = 5 012 тг

  1. Ыдыс-қаптама шығындары = 1 234 000 тг

  2. Кассалық аппарат- 70 000 тг.

  3. Коммуналдық қызметтер = 120 000 тг

  4. Жалақы = 1 620 000 тг

  5. Үй-жайды жалға алу = 600 000 тг

  6. Өкілдік шығындар = 36 000 тг

  7. Басқа шығындар = 48 000 тг

  8. Көлік шығындары = 80 000 тг


ҚРУКП НПГІРК
АТАМЕКЕН




Көрсеткіштер

Жыл үшін барлығы, теңге

Сатудан түсім




құйылатын квасты сату

5 040 000

бөтелкедегі квасты сату

3 600 000

БАРЛЫҒЫ

8 640 000

Шығындар




Жабдық

409 000

Шикізат жэне материалдар

2 556 018

Ыдыс жэне қаптама

1 234 000

Жалақы

1 620 000

Әлеуметтік салық жэне элеуметтік аударымдар

177 600

Кассалық аппарат

70 000

Коммуналдық шығындар

120 000

Жөндеу жэне ТҚК жэне өтемпұл шығындары

80 000

Өндіріс шығындарының барлығы

6 444 015

Өкілдік шығындар

36 000

Үй-жайды жалға алу, теңге

600 000

Көлік шығындары

80 000

Басқа шығындар

48 000

Басқа шығындардың барлығы

764 000

ЖАЛПЫ ШЫҒЫНДАР

7 208 015

САЛЫҚ САЛЫНҒАНҒА ДЕйІНГІ ТАБЫС

1 431 985

ЖК үшін ЖТС және МЗС

180 600

ТАЗА ТАБЫС

1 251385


ЖК үшін әлеуметтік және зейнетақы аударымдары
ЖК үшін әлеуметтік салық: 8640000 теңге *3% *0,5= 129600 теңге, ЖК үшін әлеуметтік аударымдар: 42500 теңге (1ЕТЖ) *10*3,5%*12 ай = 178 500 теңге (егер табыс айына 10ЕТЖ жоғары болса, онда әлеуметтік аударымдарды есептеу 10 ЕТЖ жүргізілуі тиіс). ӘС=0, ЖК ӘА: 149058 теңге (дәлірек, ӘА>ӘС, онда ӘС=0, ал ӘА=ӘС). ЖК үшін зейнетақы ауда- рымдары: 42500 теңге (1ЕТЖ) *10% = 4250 теңге *12 ай=51000 теңге. Қызметкерлердің әлеуметтік аударымдары міндетті зейнетақылық салымдарды алып тастағанда жалақы сомасынан 3,5 % тең: (1 620 000 теңге (ЖА) - 162 000 (МЗС))*3,5% = 51030 теңге.
Салықтар және бюджетке төлемдер.
Жоба аясында салық салудың жеңілдетілген жүйесі бойынша табыстан 3% - 259 200 теңге (8 640 000 теңге * 3%/100) корпоративтік табыс салығы төленетін болады. Оның ішінде ЖК ЖТС 259 200 теңге * 0,5= 129 600 теңгені құрайды.
8


7. БАЛМҰЗДАҚ ӨНДІРУ







Жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жобаның мақсаттары: Вафельді ыдыстарда жұмсақ балмұздақ өндіру және сату.
Өнімі: жұмсақ балмұздақ.
Жоба құны: 1 557 500 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 12 ай.
Жоба тұжырымдамасы
Бұл бизнес жоспар табиғи ингредиенттерден тұратын балмұздақ өндірісіне жасалған және бағытталған. Оның үстіне
отандық өндірістің балмұздағын өндіру жоспарланып отыр, себебі біздің нарыққа Ресей мен Белоруссиядан балмұздақтар
келеді. Сонымен, біз отандық тауарды шығаратын боламыз. Әрбірімізде айқын балалық шақтан қалған сәттер бар, олар-
дың көбі сол шақта дәмін көрген тәттілермен байланысты. Көп жағдайларда осы балалық қуаныштар басқа нәрсемен емес,
дәл балмұздақпен байланысты болған.
Тауар сипаты.
Балмұздақ - ересектер мен балалар жақсы көретін ең танымал тәттілердің бірі. Балмұздақ сату - бұл тиімді, шығыны
аз және өзін тез ақтайтын іс. Дүңгіршектерде сату - ісін енді бастаған бизнесмен үшін жақсы нұсқа. Балмұздақты сату
СЭС мемлекеттік органдарының санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысына және әкімдіктің рұқсатына сәйкес жү-
зеге асырылады.
Құрғақ қоспалар негізіндегі жұмсақ балмұздақты сату. Дайындауға арналған ұнтақты қолдану және оны сумен өз
бетінше араластыру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, вафельді түтіктерді (қағаз немесе пластикті ыдыстарға қараған-
да, олар көбіне танымалырақ) сатып алу қажет.
Маркетингтік талдау және сату.
Бизнестің бұл түрі барынша жылдам өзін өзі ақтайды. Егер сіз балмұздақ саудасын көшеде жүзеге асыратын болсаңыз,
бұл жағдайда жабдық шығындары дүкен немесе дәмхана ұйымдастырумен салыстырғандай үлкен болмайды. Оның үсті-
не, егер сіз орынды сәтті таңдаған жағдайда, сатылым көлемдері күннен күнге тұрақты болса, бұл жағдайда бір ай ішінде
барлық өзінің салған инвестицияларыңызды ақтап алу мүмкіндігі бар.
Аймақтардың келесі факторлары аймақта осы бизнесті дамыту үшін маңызды болып табылады:

  • Ыстық климат;

  • Демалыстар мезгілі;

  • Қазақстанда адам басына балмұздақты орташа тұтыну көршілермен салыстырғанда айтарлықтай төменірек және
    жылына 0,5 кг құрайды, ал Ресейде - 5кг, Еуропада - 8 кг. Дегенмен осы өнімге сұраныс ұлғаюда.

Сату. Тамақ өнімінің өндірісіне қатысты басқа барлық жағдайларда секілді сіз СЭС жергілікті бөлімшесінде рұқсат
алуыңыз қажет.
Барлығы дайын болған соң: рұқсат алынды, жабдық пен сатушы бар, өз бизнесіңізді
бастауға болады. Бизнестің табысының жартысы - сауда үшін қолайлы орын. Сауда
үшін аса қолайлы орындар адамдар көп жиналатын жерлердегі кинотеатрлар, сау-
да-ойын-сауық орталықтары, шағын дәмханалар жанындағы нүктелер болып табыла-
ды. Орын таңдалғаннан кейін (сауда үшін жер телімін беру санитарлық-эпидемиологи-
ялық қорытынды болған жағдайда беріледі), жақын тұрған бөліммен немесе
дүңгіршекпен электр қуаты туралы келісу керек.
Сіздің болашақ нүктеңіздің жанында кімдер жұмыс жасайтынына, олардың клиенттері
қаншалықты екеніне міндетті түрде назар аударыңыз, кіріңіз, танысыңыз. Өзіңізді та-
ныстырыңыз, немен айналысқалы жатқаныңызды айтып беріңіз, сізге қажеттінің барлығын айтып берген жағдайда, бал-
мұздақтың үлкен үлесін беруге уәде етіңіз. Олардан істері қалай жүріп жатқанын, қандай күндері адамдар көп, қандай
күндері аз болатынын біліңіз (статистика үшін қажет).





Өндіріс жоспары.
Өндіріс технологиясы.
Үй-жай. Жазда балмұздақ сату үшін арнайы үй-жай қажет емес, себебі сауда көшеде жүргізілетін болады.


Жабдық.
Жұмсақ балмұздақты өндіруге арналған аппараттар - фризерлер алуан түрлі болады:

  • SaniServ АҚШ-та шығарылған, өнімділігі 15кг/с дейін. Көлемі аз және сенімді, SaniServ 450 000 теңге тұрады және керемет жұмсақ балмұздақ дайындайды.

itkk~©- 1432
services.atameken.kz қысқы нөмір 1432
www.atameken.kz 25




Жұмсақ балмұздақтың құны, теңге/6,666 кг

1 500

80 гр. бойынша мөлшер саны, бірлік

83

Бірлікке жұмсақ балмұздақтың шығыны, теңге

18

Вафельді түтіктер, теңге

8

1 балмұздақтьщ өзіндік құны, теңге

26


ICEDREAM жұмсақ балмұздағын дайындауға арналған құрғақ қоспаның салмағы 1.666 (1.6) кг бір пакетінің құны 1500 теңгені құрайды. Алдын ала фильтрациядан өткен 5 литр ауызсудың құны - тегін. Сонда араласқаннан кейін сал- мағы шамамен 6.666 кг сұйық қоспаның құны 1 500 теңгені құрайды. Жұмсақ балмұздақ порциясының орташа салмағы 80 граммды құрайды. Тиісінше, 6,666 кг қоспадан 83 порция аламыз. Қоспаның құнын (1500 теңге) порция санына бөлеміз (1 500 тг/83=18 теңге). Бір вафельді түтік құны - 8 теңге. Вафельді түтікті ескере отырып балмұздақтың бір порциясының өзіндік құны 26 теңгені құрайды.
Қаржылық жоспар.
Бұл бизнес-идея 1 557 500 теңге мөлшерінде қарыз қаражаттарды тартуды көздейді.
Бірінші жылы ақшалай қаражаттың түсімі 6 957 500 теңгені құрады, ол 5 400 000 теңге сомасында жұмсақ балмұздақты сатудан, сонымен қатар, 1 557 500 теңге сомасында қарыздық қаражаттардың түсімінен тұрады. Несиелік қаражаттар өн- діріс үшін 936 000 теңге сомасындағы жабдықты сатып алуға, сонымен бірге, ай сайынғы ағымдағы шығындарды, соның ішінде, 621 500 тг сомасындағы 3 ай қызметті жүзеге асыру ішінде шикізат пен материалдарды қамтуға пайдаланылатын болады.
Жұмсақ балмұздақты өндіру жөніндегі ауыспалы шыгындар:
Өндірістік жабдықты сатып алу = 936 000тг

  • Фризер - 3 дана * 300 000тг =900 000тг

  • Үстел - 3 дана * 10 000тг = 30 000тг

  • Орындықтар - 3 дана * 2 000тг = 6 000тг

Жұмсақ балмұздақты өндіру жөніндегі тұрақты ай сайынгы шыгындар:

  1. Шикізат пен материалдар шығындары = 1 759 500тг:

  • Балмұздақ өндіруге арналзан қүрзақ қоспа - 1,6 кг бойынша 813 пакет * 1 500 тг = 1 219 500тг

  • Вафельді түтіктер - 67 500 дана * 8тг = 540 000тг

  1. Көлік шығындары = 66 000тг

  2. Коммуналдық шығындар = 55 500тг

  3. Жалақы = 600 000тг

  4. Басқа шығындар (жарнама) = 5 000тг

  5. Өтемпұл = 180 000тг

БАРЛЫҒЫ - 3 601 500 теңге


Өндіріс жоспары және қызметтерді сатудан түсетін табыстар Жұмсақ балмұздацты өндіру және сату:
150 порция күніне бір фризерден * 3 фризер * 150 күн = 67 500 порция. - жыл сайынғы өндіріс көлемі 67 500 * 80тг = 5 400 000тг жыл сайынғы түсім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   111




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет