Шағын бизнеске арналған 100 жоба 2019


БАРЛЫҒЫ - 5 400 000 теңге



бет8/111
Дата08.02.2023
өлшемі3,33 Mb.
#167962
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   111
Байланысты:
100 proektov malogo biznesa kaz 020819
6 3тоқ бжб 1, жиренше шешен, Жоспар 2022-2023жж. Ақбота
БАРЛЫҒЫ - 5 400 000 теңге.


І-ші операциялық жыл үшін табыстар және шыгындар туралы есеп

Көрсеткіштер

Жыл үшін барлыгы. теңге

Сатудан түсім




Жұмсақ балмұздақты сату

5 400 000

ЖАЛПЫ

5 400 000

Шығындар




НҚ сатып алу шығындары

936 000

Шикізат және материалдар

1 759 500




Жалақы

600 000

Әлеуметтік салық жэне элеуметтік аударымдар

99 900

Коммуналдық шығындар

55 500

Өтемпұл

180 000

Өндіріс шыгындарының барлыгы

3 630 400

Көлік шығындары

66 000

Басқа шығындар (жарнама)

5 000

Пайыздар бойынша шығындар

54 513

ЖАЛПЫ ШЫҒЫНДАР

3 755 913

Салық салынганга дейінгі табыс

1 644 087

ЖТС жэне МЗС

132 000

Таза табыс

1 512 087


Ұйымдастыру жоспары.
Қызметкерлер құрамы
Қажет болатын қызметкерлер - ол сатушылар. Нүкте үшеу болатындықтан, әрбір нүктеге 1 сатушыдан қажет, дәлірек айтқанда, 3 сатушы қажет болады.
Шикізатты жеткізумен, фризерлерді орнатудың аса қолайлы орындарын іздеумен, жарнамамен тікелей кәсіпкердің өзі айналысатын болады.
ЖК үшін әлеуметтік салық: 5 400 000теңге *3% = 162000 теңге *0,5, онда ЖТС = 81000 теңге, ЖК үшін әлеуметтік аударымдар: 42500 теңге (1ЕТЖ) *3,5%*12ай= 17850 теңге (д.а. ӘА>ӘС, онда ӘС=0, ал ӘА=ӘС), салық салудың жеңіл- детілген жүйесі бойынша ЖК үшін ӘА - ӘС аспауы тиіс, егер ӘА - ӘС жоғары болса, онда ӘА=ӘС. ЖК үшін зейнетақы аударымдары: 42500 теңге (1ЕТЖ) *10% = 4250 теңге *12ай= 51000 теңге.
Қызметкерлердің әлеуметтік аударымдары міндетті зейнетақы салымдарын алып тастағанда жалақы сомасынан 3,5 % тең болады: (600 000 теңге (ҚА) - 60 000 (МЗС))*3,5% = 18 900 теңге.


8. ПАЙДАЛЫ ТАҢҒЫ АС ӨНДІРУ





Жоба сауалнамасы:
Инвестициялық жобаның мақсаттары: Гранола өндірісін ұйымдастыру
Өнімі:
гранола
Жоба құны: 2 606 400 теңге.
Өзін өзі ақтау мерзімі: 25 ай.
Жоба тұжырымдамасы
Жоба мәні: гранола өндіру және сату. Гранола - пеште пісірілген, бал және үйеңкі шәрбатымен карамелденген сұлы үлпектері, жаңғақтар, жеміс езбесі және кептірілген жемістер.
Жобаның мақсаты мен міндеті: елдегі жеңіл тамақ өнеркәсібін дамытуға көмектесу; табиғи және пайдалы гранола өндірісінің кепілденген көлемдерін қалыптастыру.
Бұл жобаны іске асыру кәсіпорынға табиғи гранола шығару жөніндегі өндірістік қызметті ұйымдастыруға мүмкіндік береді. Ол мыналарға әкеледі:

  • бюджетке салық түсімдерін ұлғайту;

  • жаңа жұмыс орындарын құру: 3 адам;

  • тамақ өніміне ішкі нарықты қанағаттандыру;

Өнімнің сипаты
Гранола - бұл тез дайындалатын тамаша таңғы ас немесе жеңіл-желпі тамақтану, дәмді, табиғи әрі денсаулық үшін пайдалы. Құрамында қант жоқ, дәрумендерге, микроэлементтерге, жасұныққа бай 100% табиғи өнім. Оны әрдайым та- маққа қолдану зат алмасуына оң әсерін береді, тері, шаш қалпын жақсартады, сонымен қатар, салмақты қалпына келтіруге ықпалын тигізеді.
Бізде өндірілген гранола дайындаудың жоғары сапасымен ерекшеленеді. tkk~©™ 1432 services.atameken.kz қысқы нөмір 1432
www.atameken.kz 27




Мюсли және өзге құрғақ таңғы астарға сұраныс тоқтамай өсуде, өндірісті жақсы ұйымдастырған жағдайда өте жоғары табыс алуға болады. Бұл өнім өзінің тамақтану рационын қадағалайтын, сұлулығын, денсаулығын ойлайтын, диета ұстай- тын немесе ауыз бекітетін адамдардың сұранысын қанағаттандыруға арналған.
Таңғы ас және пайдалы жеңіл-желпі тамақтану тақырыбы әрдайым өте өзекті. Әсіресе өз дене бітімін қадағалайтын және өз денсаулығын ойлайтын адамдар үшін. Қуырылған жұмыртқа, бутерброд және аздап мезі болған ботқа орнына аса шығармашылық, дәмді әрі пайдалы нәрсе дайындауға болады. Бұл жай ғана сұлы немесе мюсли емес, бұл - гранола! Қытырлақ, ішінде жаңғақ, жидек немесе шоколад, бал және қоспалардың жылы және татымды дәмі бар, бүкіл күнге қуат береді. Аса дәмді және пайдалы тамақты ойлап табу мүмкін емес шығар.
Граноланың пайдалы қасиеттері:

  1. Энергетикалық жаттызу.

Гранола үшін негіз жасалатын дәндер баяу сіңуінің арқасында қандағы қант деңгейін қалпына келтіреді. Тұтас астықты дақылдар қосылған тамақты таңғы асқа қолданған адамды ұзақ уақыт аштық мазаламайды - тіпті ол адам түске дейін сер- гек әрі қуаты мол болады.

  1. Бүкіл күнге тамаша көңіл күй.

Гранола көбінесе құрамына кіретін кептірілген жемістер, жидектер және өзге дәмді қоспалардың арқасында тәтті бо- лады. Жеу барысында адам ағзасында жүйке жүйесіне оң әсерін беретін серотонин, нейромедиатордың жеткілікті көлемі бөлінеді.

  1. АІЖ жұмысын қалпына келтіру.

Дәндер суды байланыстырып, ішек бұзылуының және тіпті тоқ ішек обырының алдын алуға ықпалын тигізе отырып, ас қорытуды жақсартатын жасұныққа бай.

  1. Дәремендер, минералдар және өзге қажетті элементтер қорын толтыру

Кептірілген жемістер, жаңғақтар, шемішкелер, жемістер, жидектер, бал секілді мюсли және гранола құрамына кіретін барлық құрасындар адам үшін қажетті заттектерге: дәрумендерге, магнийге, цинкке, темірге, тамақ талшықтарына, майлы қышқылдарға, микроэлементтерге, калийге және басқаларға бай. Е дәрумені, тиамин, фолий қышқылы - мұның барлығы жаңғақтар мен шемішкелерде бар. Е дәрумені антиоксидант ретінде әрекет етеді, біздің жасушаларымызды бос радикал- дардан қорғайды, жүрек, тері, жүйке жүйесінің саулығын қолдауда маңызды рөл атқарады. Тиамин және фолий қышқылы метаболизмде, жүйке жүйесінің қызмет етуінде, жасушалардың өсуінде, жүйке жүйесінің кейбір ауруларының алдын алуда маңызды рөл атқарады.

  1. Сүңзақтық және жеңілдік.

Гранола құрамына кіретін күрделі көмірсулар тез тойымдылыққа ықпал етеді және сонымен қатар, өте баяу сіңеді, ол май басу қаупін айтарлықтай төмендетеді. Адам тамақтың аз көлемімен тез тояды және одан кейін ұзақ уақыт аштык сезімі мазаламайды.
Бір сөзбен айтқанда, жоғарыдағының барлығын қосқанда, гранола - пайдалы тамақтану үшін керемет шешім!


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   111




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет