Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар



Pdf көрінісі
бет4/134
Дата07.02.2022
өлшемі0,94 Mb.
#88182
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134
Байланысты:
ZhambylKaldybaev .Tandamaly
№2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, №2 Нарык экон сипаттама 42 топ тапсырмалар, user file 5829f37e87cf4
ШАШ АЛУ
 
 
Марат даладан кіріп келген қалпы қолын да жумады, бас киімін де алмады, орындыққа апыл
-
ғұпыл отыра салып, қасыққа жармасты.

Марат, тамақ ішкенде бас киімді алып отыру керек, —деді Әбіл оның бұл қылығын 
жақтырмай.
Марат сол қолымен кепкасын басынан алды да, төрге қарай лақтырып жіберді.

Сөйтеді бұл. Осы баланы қолға алшы өзің, қарағым.
Көрдің бе, киімін қай жер
болса, сол 
жерге лақтыра салады. Бар, анауыңды іліп қой, —
деп Жібек апай Маратқа
дүрсе қоя берді.
Жайшылықта болса, тіпті тіл алмауға болар еді. Қазір Әбіл ағайдың алдында жағдай мүлде 
басқаша. Марат: «Мына, апамды
-
ай, масқара қылды
-
ау! Ілсем, іліп қояйыншы», —
деп, кепкасы 
түскен жаққа қарай беттеді. Апасы Мараттың шашы өсіп кеткенін көрді.
«Қап, атасы келгенде 
көрмегенімізді қарашы!
Әбіл
шаш ала алмас па екен? Әй, бірақ оқып жүрген балалар шаш алуды 
біледі дейсің бе? Ауыртады деп зар илейді. Ауыртса да Нүскеннің
атасына алдырмаса, болмайды 
екен» деп ойлады ол. Сонан соң Маратқа:

Марат, тамағыңды ішкен соң, Нүскеннің атасына шашынды алдырып келмесең, өсіп кетіпті 
ғой


деді.

Әли
атам ауыртады. Кесіп алады. Алдырмаймын, керегі жоқ, —
деп Марат без ете түсті.

Бұл үйде ұстара бар ма?

Бар.
Марат орнынан атып тұрып, суырмаға қарай тұра жүгірді.
Мараттың апасы «шын айтып отыр 
ма?» дегендей, Әбілге күдіктене қарады. «Жып ете түсуін» деп ішінен Маратты да жақтырмай 
қалды. Марат ұстараны алып келіп, Әбілге ұстата салды.

Шашынды жібіт те, мына орындыққа отыра ғой,
сыпырып тастайын, —
деді Әбіл ұстараны 
жанып
-
жанып
алып.
«Ауыртар ма екен, қайтер
екен? Әли атама
-
ақ алдырсам ба екен? Мейлі, енді 
не болса да бір рет алдырып көрейін» деп
Марат жүрексініп орындыққа әзер отырды.
-12- 


Ұстара сыр етіп
төбесінен бір жүріп
өткенде, иығын қиқаң еткізіп бұға
қалды


Қорықпа, Марат. Әлдекімге ұқсап бұққаның
нең?
Марат қайта
жөнделіп отыра бергенде
ұстара жүзі жүріп
берді. Әбіл ұстарамен емес, алақанымен ғана сипап өткендей болды. Тағы 
сипады, тағы сипады. Ұстара жүзі бір орнын қайта баспады. Марат көзін жұмып, мүлгіп отыр. 
Қалғып кете жаздады. Әли атасының шаш алғаны келді көз алдына. Мараттың басын екі тізесімен 
мықтап қысып алатын. Ауырсынып, қыңқылдаса:

Тәйт әрі, жаман неме! Жаның шығып бара ма? Осы күнгінің балалары жасық туады білем. 
Шашымызды қабырғамен алып жатса да былқ етпеуші ек. Қап, әттеген
-
ай! Мына жерін кесіп 
алғанымды қарашы. Қан шыққаны
жақсы. Болмаса, шайтан
басыңды қауақ қылып алады, 

деуші 
еді.

Мінеки, алып та
біттік. Қалғып кеткеннен саумысың өзің? «Апыр
-
ау, шынымен алып бітті 
ме?»
Марат айнаға қарады. Әли атасы алғанда өтпес шалғының артыңда қалған сояудай боп
төбесінің әр жерінде едірейіп шаш тұрушы
еді. Қазір басы жұмыртқадай боп жылтырап тұр. 
Шашы туғалы мұндай
әйбат боп алынып көрген емес. Қуанып кеткен ол Әбілге:

Аға, шашымды енді үнемі сізге алдырып тұрамын, түк ауырған жоқ, —
деді.
Аз
-
ақ күннің ішінде Әбіл Марат пен Шолпанға туған ағасындай боп кетті. Әсіресе, Марат 
шашын алғызғалы Әбілді жанындай жақсы көріп
сыйлайды. Әбіл бірдеңеге жұмсаса
-
ақ, елпілдеп 
ұшып тұрады. «Дүниеде
Әбілден жақсы адам бар ма екен! Кітап оқып бер десең, кітап оқып береді, 
ертек айт десең, ертек айтады. Бәрінен де шаш алғанын айтсайшы!»
Бүгін Әбіл түскі тамаққа кеш келді. Ол келгенде Жібек апай үйде жоқ, тек Марат пен Шолпан 
ғана барды.

Марат, апаң қайда?
-
Әли
атамның таңдырына нан жабуға кетті.

Мен мектепке қазір
қайта баруым керек еді. Айран ұйыса, әкелші, нан турап жеп кете қояйын.
Марат дөңгелек үстелге дастарқан жайып, нан әкелді. Әбіл турай бастады.
-
Мен де айран ішем, —
деді Шолпан да үстелдің бір


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   134




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет