Сґз этикетініѕ ќызметі



бет12/17
Дата25.03.2022
өлшемі335 Kb.
#136741
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
16 25 Сөз этикеті-казак турик
лекция -2, 4 модуль біріккен, № 1 БЖБ 5-сынып қазақ тілі 4-тоқсан (1), Лист наблюдения занятий, Мырзахмет Айша, Физическое воспитание в этнопедагогике (казахский народ)-engime.org
«Жол болсын деген сәлемге Орынбай ақынның «Мол болсын!» деп тіл қатуын Шортанбай ақын өрескел көреді де, оны өлеңмен түйреп өтеді. Орынбай: «Диуана қожа атасы барар ма екен?
Мейрамға имам болған жаңғыз жеке.
Жолың болсын дегенің жақсы лепес,
Құдай берсе, мол болсын, е, Қожеке »

Шортанбай: «­Өлеңге бір кісідей туысың бар,


Тіл мен жаққа бақ берген ырысың бар.
Борымташы кісідей мол болсын деп,
Елде қандай кісіде жұмысың бар.»

Осындай «Жол болсын!» мен «Әлей болсын!»-ды жортуылға аттанып бара жатқанда айтатыны Мәшһүр Жүсіп жинастырған сөз үлгілерінде кездеседі.


Амандасуда адресат алыс жолдан келген адамға «Ат-көлік аман ба?», «Аман-есен жеттіңіз бе?» деген формулаларды қолданады. Әрине, бұл жерде әңгіме ат-көлік немесе жолаушының аман жеткендігіне емес, бұл қалыпты сөздер тек этикеттік таңбалар ғана. Амандасудағы мұндай этикет таңба білдіретін мазмұнды тілдік құралсыз да жүзеге асыруға болады. Мысалы: қол алысу немесе түркілер дәстүрінше төс соғыстыру, арабтар сияқты екі қолды кеудеге қою, европалықтар салтымен бас киімді (қалпақты) қолға алу т.б. амандасу формуласы сұраулық шылау түрінде болғанмен, мұнда сұраулық мән жоқ, сондықтан да адресант адресаттың бұл сұрағына «жауап» күтпейді. Адресаттың сәлемдесуі де сұрау түрінде болып келеді. Мысалы: «Өздеріңіз аман-есенсіздер ме?», «Туған-туысқан, құда-жегжат-бәрі аман есен бе?» тәрізді стеоретиптер амандасуда жиі қолданылады. Тіркес құрамындағы сыңарлар да күрделі біртұтас таңба түрінде қолданылады. Яғни бұларды фразеологизацияланған тіркес деген болады. Мысалы: адресат поезбен, тіпті ұшақпен ұшып келсе де, адресат онымен «Ат-көлік аман ба?» деп амандасады.
Сондай-ақ амандасу формуларына қоса қабат айтылатын қошемет мәнді есім қаратпалар (жаным, қарағым, батырым, сабазым, даңғылым т. б. ) тәуелдік тұлғада тұрғанмен меншіктік мағына емес, интимдік мәнді білдірудің тәсілі ретінде жұмсалады. Мұндай тәсіл адресаттар мен адресанттардың арасындағы қарым-қатынас, сыйластықты (дистанция) жақындата түседі. Яғни бұл жерде этикет құралы, қалыпты сөзі (штамп) арқылы сөйлеу этикетінің эмотивті функциясы (сезім-күйді білдіру қызметі) күшейе түседі. Мәселен, мына төменде М.Әуезовтың «Абай жолы» эпопеясынан алынған үзіндіде есім қаратпалардың интимдік жақындықты білдіруде ерекше қызмет атқарып тұр:
«Көп қауыму, жалап амандасу арасында шешелер мен жеңгелерінің тілеулестігі айтылады. Балажан көрші кемпір, шалдардың Әбішке айтып жатқан үзік-үзік мейр шапқан сөздері естіледі.
---Жаным, есен жеттің бе?
---Сәулем, ұзағынан сүйіндірсін!?
---Көп сағындырдың ғой, қуанышым!
---Айналайын, күнім!
---Ата-анаңды ұзағынан сүйіндірсін!
---Сапарың құтты болсын, қарағым!
---Қош келіпсің, Әбішжан! – деген сан тілеулес жүректерден шыққан ыстық сөздер Әбіш үйге кіргенше барлық жиын атаулының тула бойын шымырлатқандай» (5 том)
Осы күнде алыс жолдан жолаушылап келген адамға дәстүрлі «Ат-көлік аман-есен бе?» немесе «Қош келдіңіз!» деудің орнына «Келуіңізбен!» деп амандасу формуласы пайда бола бастағанын, оның тіліміздің табиғатымен үйлеспейтін, жат элемент екенін Н.Уәлиев дұрыс көрсеткен.(1) Расында да, орысшы-қазақша екітілділік жағдайында пайда болған бұл формула кейінгі буын өкілдерінің тілінде белең алып барады. Әйтсе де оны нормативті сөздіктеріміз (мәселен, «Қазақ тілінің орфографиялық сөздігі») кодификациялап, тіркеген жоқ. Сондықтан біз сәлемдесудің бұл формуласын бейәдеби, қарапайым сөйлесу тіліне жатқызамыз. Оның үстіне «Келуіңізбен!» қалыбының жүрдім-бардым айтыла салатын, немқұрайлық реңкі басым болып көрінеді.
Осындай сөздерге қатысты әңгіме өрбіткен тұста, жалпы халықтық тілдің әдеби түрі бар да, әдеби қолданыстан тысқары жатқан диалект, бейәдеби қарапайым тіл, жаргон сияқты түрлері бар екенін есте ұстаған абзал. Өйткені, бұл құбылыстардың табиғатын білмесек, қазақ сөйлеу этикетінің барлық амал-тәсіл, түрлі құралдарының сырын толық аша алмаймыз. Мысалы: кей өңірлерде «Амандасайын деп едім» дегенді «Аман-сау сұрайын деп едім» түрінде айтады. Сөз этикетінің жергілікті тіл айырмашылығын Түрікмен қазақтары тілінен өзіміз байқаған мына бір мысалда айқын аңғаруға болады. «Қой аманшылық» формуласының баламасы – «Аман-есенбіз». Амандасудан кейін адресатқа қаратыла осылай делінеді. Ал адресант «Не хабар?» дейді.
Сәлемдесу, амандасуда жергілікті болмаса бейәдеби қарапайым тіл элементтерін қосып сөйлеу, қосар қолдану тіл тұтынушысының мәдениетінің, сауаттылығының жетімсіздігін көрсетеді.
Яғни бір сөзбен айтқанда, әрбір жеке адамның білім деңгейі, мәдениеті мен сауаттылығы, әлеуметтік ортасы мен жас ерекшелігін өзге сөзден гөрі сөйлеу этикетінен, оның белгілі бір формулаларынан анық көрінеді.
Сонымен бірге сәлемдесу этикетіндегі мынадай ерекшелікке де назар аудара кеткен жөн. Қазақтарда дәстүрлі амандасу рәсімі тым ұзақ көрінеді: «Сәлеметсіз бе?», «Мал-жан, бала-шаға, бау-шарбақ, ауыл-аймақ, бота-тайлақ аман ба, ағайын-туған, құда-жегжаттар аман-есен бе?» т.б.
Осындай формулалар айтылған соң да адресант бірден әңгіме ауаның негізгі шаруасына бұра қоймайды. Осы аралықта, «Іс рәтті болсын!», «Берекелі болсын!», «Көген қозылы болсын!» т.б. осы сияқты стереотиптерден кейін ғана екі жақ әңгіменің негізгі тақырыбына көшеді.
Бұл жердегі тілдесу актісін құрылымы жағынан үш бөлікке бөліп қарауға болады. Сонда ол төмендегідей түрде болмақ:
1. Сәлемдесу (контакт)
2. Дайындық актісі (эмоционалдық комфорт жасау)
3. Негізгі тақырыпқа көшу.

Бұны кесте түрінде көрсеткен төмендегідей болмақ:


Тілдесу (общение)


------------------------------------------------------------------------------------------------
Контакт (сәлемдесу) Дайындық актісі негізгі тақырып

Міне, жоғарыда көрсеткеніміздей, эмоционалдық жағдай (комфорт) туғызу мақсатымен айтылатын «Көгенің қозылы болсын!», «Қыдыр дарысын!» секілді стереотиптер дайындық актісіне жүзеге асырылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет