Сґз этикетініѕ ќызметі



бет14/17
Дата25.03.2022
өлшемі335 Kb.
#136741
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
16 25 Сөз этикеті-казак турик
лекция -2, 4 модуль біріккен, № 1 БЖБ 5-сынып қазақ тілі 4-тоқсан (1), Лист наблюдения занятий, Мырзахмет Айша, Физическое воспитание в этнопедагогике (казахский народ)-engime.org
«Ораздының жолын берсін» деген байырғы тілек мәні бар қоштасуды қария адамдар айтады. Мысалы: «Сәт-сәт», «Жол болсын», «Байласын», «Ораздының жолын берсін» десіп лау-лау етісті (М.Әуезов). Оразды сөзі «бақытты» деген мағынаны білдіреді. Бұл сөздің көне антонимі – сығырлы сөзі, оның мағынасы – «бақытсыз».
Шығу тегін сөз арасында кетуге болатын тағы бір сөз этикетінің бірі – «Түндеріңіз бейқұт болсын» деген тілек мәнді қоштасу. Тілек-қоштасудың бұл түрі де ұмыт болып бара жатқан, тек көне көз қариялардың тілінен ғана ұшыратуға болатын сөз қалпы. Мұндағы бейқұт – парсы тілінен енген сөз, мағынасы – «тыныштық», «бейбітшілік»:
«Кісідей бейқұт жүрген ескерусіз,
Қарғаны, мұнда келсін, тез хабарла» («Жасауыл қырғыны»).

Міне, сөз байлығы аса мол байырғы халық ақыны Нурхан Ахметбекұлының жырындағы осы бір шумақта бейқұт сөзі «тыныштық», «қаннен-қаперсіз» мағынасында, бірақ бұл жерде этикеттік қолданыстан тыс жұмсалып тұр.


Ал, «Түн бейішті болсын» деген тілек-қоштасуға келсек, ол сірә, діни наным-сенімге байланысты қалыптасса керек. Өйткені, бейіш сөзі жеке тұрғанда «жұмақ» мағынасын білдіретіні белгілі. Сондай-ақ, діни түсінік бойынша о баста Түн жұмақтан, ал Күндіз тозақтан алынған деген ұғым бар. Ал «Түн бейішті болсын» этикеттік сөз орамының мағынасы «(жұмақтай жанға жайлы)» дегенді аңғартады.
Осы пікірімізді қуаттайтын ойды таяуда ғана жарықи көрген Мәшхүр Жүсіп Көпеевтің шығармасынан кездестіреміз:
«Бұл дүние құтқармайтын дозақ болды,
Бейнеттіге құрғыр күн ұзақ болды.
Дамыл, тыныштық бір жанда болмаған соң,
Есебі күндіз өзі дозақ болды», - дей келіп, түнді былай суреттейді:
«Түн болса, алар тыныштық біраз жатып,
Шаршағаннан сілесі әбден қатып.
Қол-аяғы ұйқы-жау жіпсіз буым,
Серейтіп алып соғар табандатып.

Ұйқыменен болады бәрі де мас,


Мастықпенен жастыққа қояды бас.
Түн бейіші жалғанның білген жанға,
Тағы мұнда және бар бір дәурен жас»

(М.Көпеев. Таңдамалы)




«Күндіз – дозақ, түн - бейіш» деген символиканы М. Көпеев ақын былайша түсіндіріп, интерпретация жасайды: «Күндіз дозақтан алынған, түн жұмақтан алынған. Күндіз – байға артықшылық, кедейге кемдік. Түн – бай, кедейге бірдей теңдік. Күндіз өз басың сауда-сатуда жүреді. Түнде өзіңе-өзің тегін олжадай болып қаласың»...
Қоштасуға байланысты сөздерді жергілікті жерде қолданылу, белгілі бір аймаққа таралануына қарай зерттеу де қызғылықты әрі тілдік, әрі тарихтық деректер берері сөзсіз. Кейбір, бірен-саран сөздер диалектолог ғалымдарымыздың ғылыми жазбаларына түскенімен, олар тілдің этикеттік формуласы ретінде түсіндіріліп, талданған емес. Мысалы: Қазақ сөз этикетінде жиі қолданатын «Сау болыңыз» әдеби тілде қоштасуды білдіргенмен, Қазақстанның батыс говорында, Түрікменстан қазақтарының тілінде (Ә. Нұрмағамбетовтың деректері бойынша) «рахмет» деген мағынаны білдіреді. Сөз арасында, ризашылық білдіргенде «сау болыңыз» делінеді.
Қоштасу формуласы табан астында болмайды, яғни контакт кілті үзілмеуге тиіс. Контактіні кілт, шұғыл үзбес үшін оған дайындық болады. Атап айтқанда: «Уақыт болып қалыпты-ау», «Амал жоқ, қайтатын уақыт таяп қалды», «Дәм бұйырса тағы келермін(міз)», «Дәм-тұз айдаса тағы да келіп қалармыз», «Осымен болайық» т. б қыстырма сөздер контактіні (байланысты үзуге дайындық болып табылады). Мұны «қоштасуға дайындық актісі» деп атаймыз. Осындай «кіріспеден» кейін қоштасудың қалыпты (стеоретипті) фопмулалары айтылады. Бұндай формулаларға: «Сау болып тұрыңыз», «Келесі кездескенше», «Хош болыңыз» т. б жатады.
Ал, Түрік тіліндегі қоштасу сөздерінің басты түрлерін қандай жағдайларда, қандай қарым-қатынаста қолданудың жүйесін төмендегідей шағын кестемен көрсетуге болады:

Қоштасудың түрлері

Қолданылуы

- Hoşçakalın! (хошчакалын)-жекеше түрі;


- Hoşçakalınız! (хошчакалыныз)-көпше және сыпайы түрі;
- Güle-güle (гүле-гүле)

- İyi günler (ий гүнлер)


- İyi akşamlar (ий акшамлар)


- Allaha ısmarladık (Аллаха ысмарладык)


- Sağılacaklı kalın (сагыладжаклы калын)

- Görüşmek üzere (гөрүшмек үзере)


- Görüşürüz! (гөрүшүрүз)

Бейтарап; Кетіп бара жатқан адам қолданады;


Бейтарап; Қалып қалған адам қолданады;
1) Амандасу;
2) Қоштасу;
1) Амандасу;
2) Қоштасу;
Жолға шығып, кетіп бара қатқан адамдар қолданады;
Кетіп бара жатқан кісі қалып қалған кісіге айтады;

Бір күнде қайта кездесетін кезде қолданылады;


Қайта кездесетінін білетін жағдайда қолданылады;



Жоғарыда айтып кеткеніміздей, сөз этикетінің фатикалық қызметін қоштасу мақсатында қолданылатын этикет тілдік бірліктер атқарады. Мағыналық және стильдік реңке байланысты қазақ және түрік тілдерінде қоштасудың бірнеше түрі бар екені көзіміз жетті.


Мысалы, қазақ тілінде таныс-бейтанысқа, үлкен-кішіге, ресми және бейресми жағдайда қолданыла беретін «Сау бол!», «Сау болыңыз!» деген қолданысы бар екенін жоғарыда айтып кеткенбіз. Бұл қолданыстың түрік тіліндегі формасы «Hoşçakalın!» (хошчакалын) – жекеше түрі, «Hoşçakalınız!» (хошчакалыныз) – көпше және сыпайы түрі. «Hoşçakalınız!» (хошчакалыныз) қолданысы негізінен көп адамға қарата айтылады, сондай-ақ, бұл көпше түрде қолданысты аса сыйлы, құрметті жеке адамдарғада қарата айтуға болады. Қоштасудың бұл түрі бейтарап болғандықтан күнделікті өмірде жиі қолданылады.
Қазақ тілінде «Сау болыңыз!» деген формаға екінші адам «Сау болңыз!» деп жауап береді. Ал түрік тілінде бұл форма «Hoşçakalın!» (хошчакалын) кетіп бара жатқан адам қолданып, қалып қалған адам «Güle-güle!» (гүле-гүле) деп айтуы тиіс. Түрік тіліндегі бұл екі форма әрқашан бірінен кейін бірі айтылады. Бұл қолданыс бейресми болғандықтан күнделікті өмірде қолдана береді. Мысалы,
« - Ben çıkıyorum yeğenim.» dedi. («Бән чыкыйорум йегенім» деди)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет