Сґз этикетініѕ ќызметі


Қазақ және түрік тіліндегі тілек сөзі мен рахмет айту сөз бірліктерінің формалары



бет16/17
Дата25.03.2022
өлшемі335 Kb.
#136741
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
16 25 Сөз этикеті-казак турик
лекция -2, 4 модуль біріккен, № 1 БЖБ 5-сынып қазақ тілі 4-тоқсан (1), Лист наблюдения занятий, Мырзахмет Айша, Физическое воспитание в этнопедагогике (казахский народ)-engime.org
2.3. Қазақ және түрік тіліндегі тілек сөзі мен рахмет айту сөз бірліктерінің формалары.
Бата сөзі мен тілек сөзінің әдетте мазмұны жағымды, жақсы ниет көздеп айтады. Сондай-ақ бата мен тілек сөздеріндегі сөйлемнің баяндауышы императив тұлғаларға немесе қалау рай тұлғасына аяқталады: Еңбегің жемісті болсын, өркенің өссін, көп жаса, еңбегіңнің жемісін көргін, жасың ұзақ болғай т. б. бұл айтылғандар – бата сөзі мен сөздің ұқсас жақтары. Сондай ұқсастықтар болғандықтан, «бата» мен «тілек» әдетте мағыналас сөздер ретінде қатар жұмсала береді. Шын мәнінде бұл екеуінің бір-бірінен елеулі айырмасы бар. Бата кез келген жерде айтыла бермейді. Ал көп жаса, көсегең көгерсін; көсегең көгеріп, көрпең ұлғайсың; мұратыңа жет; еліңнің елеулісі, халқыңның қалаулысы бол, келген қадамыңа гүл бітсін т. б тілек сөздері жасы үлкен адам жасы кішіге «рахмет» деген сөзбен қоса ризашылығын білдіру үшін айтады. Әсіресе, ескіше тәрбие көрген жасы үлкен адамдардың психологиялық мәдениеті кейінгі буынға қарағанда анағұрлым жоғары екендігі байқалады. Олар елеусіздеу көрінетін азды-көпті қолғабыс, жәрдемге ризалық білдіргенде қазіргі оқыған зиялы қауым сияқты «рахмет» деген жалғыз-жарым сөзбен шектелмейді.
Әр қоғамда, әр тілде кездесетін рахмет айту сөз бірліктері көбінесе өзгешеленгенімен, діни сенім, әдет-ғұрып факторларына негізделген жағдайда көбінесе ұқсас болып келеді.
Мәселен, қазақтарда көп қолданылатын және бір істің жағымды, ойдағыдай аяқталуына орай айтылатын: Құдайға шүкір, Аллаға шүкір сөздері болса, түріктер сәл өзгертіп, «Tanrıya şükü (Танрыя шүкір), «Allaha şükü (Аллаха шүкүр) дейді.
Өмірдің басқа салаларында, өзге жағдайларда және адам қарым-қатынасында қолданылатын басқа сөз тіркестері де бар және кез келген бір кісінің жәрдемі, жақсылығы т. б. алдында айтылатын «Рахмет» сөзімен қатар, кейбір жерлерде «сау бол», «сау болғыр» сөздерінің түрік тіліндегі баламалары «Teşekkür ederim» (тешеккүр эдерим) /қазақ тіліне аударғанда рахмет деген мағынада/ , «Sağol» (сағ ол) /Сау бол/ сөздері қолданылады.
Мысалы,
«Bir akşam sizi Kumkapıya götüreyim» dedi Melkom. («Бир акшам сизи Кумкапыя гөтүрейім» деди Мелком.)
«Sağol, seviniriz.» dedi Orhan Kemal. («Сагол, севинириз.» деди Орхан Кемаль.)
«Кештің бірінде сендерді Кумкапыға апарайын» деді Мелком.
«Рахмет, қуанышты боламыз.» деді Орхан Кемаль.

(Muzaffer Buyrukçu «Yaşadığımız ve Yaşananlar Günlükler» 13. sayfa)


Немесе,
«Beni getirdiğinize teşekkür ederim, Prenses.» (Бени гетирдигинизе тешеккүр едерим, Пренсес.)


«Мені әкелгеніңіз үшін рахмет, Пренсес.»
(Halide Edib Adıvar «Sinekli Bakkal» 274. sayfa)

Түрік тіліндегі «Teşekkür ederim» және «Sağol» баламаларынан кейін жауап ретінде «Bir şey değil» (бір шей дейиль) немесе «Rıca ederim» (рыджа едерим) формасы қатар жүреді. Қазақ тілінде тікелей аударғанда Оқасы жоқ мағына береді.


Және француз тілінен енген «Megsi» (меғси) /Мерси/ сөздері қолданылады. Мысалы,
«Bunca saklabanlığı senin acını unutturmak için yapıyoruz yeğenim!» dedi Talat Kilic. (Бунджа саклабанлыгы сенин аджыны унуттурмак ичин япыйоруз йегеним! деди Кылыч.)
«Mersi…» dedim. («Мерси...» дедим)
«Bir şey değil hayatım!» dedi Talat bir nonos sesiyle. («Бир шей дегил хайатым!» деди Талат бир нонос сесийле.)
«Осыншама қалжыңды сенің қайғыңды ұмыттыру үшін жасап жатырмыз жиенім!» деді Талат Кылыч.
«Мерси...» дедім.
«Оқасы жоқ, жаным» деді Талас нонос дауысымен.
(Muzaffer Buyrukçu. «Yaşadığımız ve Yaşananlar Günlükler» 56. sayfa)
Кейбір жерлерде бұл жақсылықты жасаған кісіге жақсы тілектерімізді, алғысымызды білдіру үшін «Өмірің ұзақ болсын!», «Тәңір жарылқасын», «Көп жаса» сияқты сөздер айтсақ, түріктер болса «Omurune bereket» (өмүрүне берекет) /Қазақ тіліне тікелей аударсақ Өміріңе берекет деген мағына береді./ «Alla senden razı olsun» (Алла сенден разы олсун) /Алла сеннен разы болсын./ сөздермен тілектерін білдіреді.
Мысалы,
Güler yüzlü, şişman bir adam Rabiya’ya yaklasti: (Гүлер йүзлү, шишман бир адам Рабыйайа йаклашты:)
« - Kimi istiyorsun, hemşire?» («Кими истийорсун, хемшире?»)
« - Hay Allah senden razı olsun, kardeşim. Kiz Tevfik’i istiyorum» («Хай Аллах сенден разы олсун, кардешим. Кыз Тевфики истийорум»)
Күлер жүзді толық бір адам Рабияға жақындады:
« - Сізге кім керек, қарындас?»
« - Ай, Алла сеннен разы болсын, інім. Тевфик қыз керек»
(Halide Edib Adıvar «Sinekli Bakkal» 202. sayfa)

Түріктерде рахмет айту үшін қолданылатын «Allah Tuttuğunu altın etsin» (Алла туттуғуну алтын етсин) /Алла ұстағаныңды алтын етсін./ сияқты сөздері де бар. Мысалы бір науқас кісіге жәрдем берген адамға «Ellerin dert görmesin» (Еллерин дәрт гөрмесин) /Қазақ тіліне тікелей аударсақ Қолдарың дерт көрмесін./ деп алғысын білдіреді. Дәл осындай жағдайда қолданылатын «Ellinize sağlik» (Елинизе сағлык) /Қолыңызға саулық/, тамақ пісіріп, қонақ күткен ханымға астың соңында, тамақтың дәмді болғанын мақтау және рахметін білдіру үшін де айтылады.


Айтып өткен мысалдарымыз түріктер мен қазақтардың әр түрлі өмір салтында, жағдайларында өз сезімдерін, тілектерін, алғыстарын баяндап көрсетудегі нәзіктік сезімталдықтарын дәлелдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет