Сґз этикетініѕ ќызметі



бет2/17
Дата25.03.2022
өлшемі335 Kb.
#136741
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
16 25 Сөз этикеті-казак турик
лекция -2, 4 модуль біріккен, № 1 БЖБ 5-сынып қазақ тілі 4-тоқсан (1), Лист наблюдения занятий, Мырзахмет Айша, Физическое воспитание в этнопедагогике (казахский народ)-engime.org
«Ассалаумағалайкум!» деп апа-әжелерімізбен амандассақ қолайсыз жағдайға душар қылады.
Міне, бұл тәрізді ерекшелік амандасуға этикет сөздерде мағына, стильдік өзгешеліктермен қоса әлеуметтік сипат барын аңғартады. Ал кішінің үлкендерге «Сәлем бердік!» деп қолын ербеңдетуі, қалай болса солай амандасуы тым әдепсіздікке жатады.
Мұндайда амандық сұрасудың қарапайым этикеті бұзылады. Амандасу адамның бойындағы сыпайы мінез, ізеттілікпен астасып жатса, жарасымды шығады.
Кішінің әдеп сақтап, үлкенге ықылас қоя берген сәлемі әрдайым оның кішіпейілділігін көрсетіп, тәрбие парасатын аңғартып тұрады.
Амандық сұрасу сөздерінің бірнеше түрлері мен синонимдері бар. Алайда тілдің осындай оралымды мүмкіндігін кейбіреуіміз үнемі ескере бермейтін тәріздіміз. Кейде сәлем алушы басқа сөз таппағандай сәлем берушіні қайталап жатады. «Сәлеметсіз бе?» деп амандасқан адамға оның өз сөзін қайталап «Сәлеметсіз бе!» деуден гөрі «Аман есенсіз бе?».. деген жауап қату жарасымды болар еді. Ал түрік тілінде «Merhaba» формасымен қатар «Nasilsin?» формасы жиі қолданылады. Бұл қолданыс көбінесе жақын, бір-бірін жақсы танитын адамдар арасында қолданылады.
Сөз этикетінің өз алдында дербес бір саласы – қоштасу. Оны дербес сала дейтініміз – оның өзіндік мақсаты, арнайы жұмсалатын тілдік таңбалары, қолданылатын тұрақты орны болады. Қоштасу мәнді сөз қалыптарының лексика-грамматикалық мән-мағынасы жоқ. Қызметі жағынан, қарапайым тілмен айтқанда, «Қош болыңыз» деген тілдік таңба да бір, қол бұлғап ишарат жасаған таңба да бір. Осылай айту («Қош болыңыз») не іс-әрекет арқылы ишарат білдіру (қол бұлғау) этикеттік дәстүр. Бұлар қарым-қатынасты үзбейміз, болашақта да жалғастырамыз деген таңба. Бұл таңбаларды (амандасу таңбалары сияқты) тиісті жерінде лайығымен қолдану әдептілік әліппесі болып табылады.
Жалпы, этикет заңдылығы бойынша, амандасу екі жақты байланыстың басталғанын білдірсе, ал қоштасу контактінің уақытша үзілгенін мәлімдейді. Қазақ тілі сияқты түрік тілінің қоштасу сөздерінің де мол қоры, түрі бар. Және олардың қолданылуында өзіндік жүйе, қалыптасқан дәстүрлі тәртіп бар. Ол жүйе, негізінен алғанда, адресат пен адресанттың арасындағы қарым-қатынастың типіне (бастық-бағынышты, үлкен-кіші, ер-әйел т. б.) және нақты жағдайға (ситуацияға), атап айтқанда, ресми-бейресми, бейтарап, уақыт мерзімі т.б. қалыпты жағдайларға тәуелді.
Қоштасу формуласы табан астында болмайды, яғни байланыс кілті үзілмеуге тиіс. Байланысты кілт, шұғыл үзбес үшін оған дайындық болады. Атап айтқанда: «Уақыт болып қалыпты-ау», «Амал жоқ, қайтатын уақыт таяп қалды», т.б. қыстырма сөздер байланысты үзуге дайындық болып табылады. Мұны «қоштасуға дайындық актісі» деп атаймыз. Осындай «кіріспеден» кейін қоштасудың қалыпты (стеоретипті) формулалары айтылады. Бұндай формулаларға: «Сау болып тұрыңыз», «Келесі кездескенше» т.б. жатады.
Қазақ тілі сияқты түрік тілінде де қоштасудың бұл формалары бар. Мысалы, «Görüşmek üzere!» (гөрүшмек үзере) қолданылады. Қоштасудың бұл түрі ресми емес, жеңіл түрде айтылады. Бұл форманың қысқаша нұсқасы «Görüşürüz!» (гөрүшүрүз) формасы әдетте жастар арасында жиі қолданылады.
Әр қоғамда, әр тілде кездесетін рахмет айту сөз бірліктері көбінесе өзгешеленгенімен, діни сенім, әдет-ғұрып факторларына негізделген жағдайда көбінесе ұқсас болып келеді.
Мәселен, қазақтарда көп қолданылатын және бір істің жағымды, ойдағыдай аяқталуына орай айтылатын: Құдайға шүкір, Аллаға шүкір сөздері болса, түріктер сәл өзгертіп, «Tanrıya şükü (Танрыя шүкір), «Allaha şükü (Аллаха шүкүр) дейді.
Өмірдің басқа салаларында, өзге жағдайларда және адам қарым-қатынасында қолданылатын басқа сөз тіркестері де бар және кез келген бір кісінің жәрдемі, жақсылығы т.б. алдында айтылатын «Рахмет» сөзімен қатар, кейбір жерлерде «сау бол», «сау болғыр» сөздерінің түрік тіліндегі баламалары «Tekkür ederim» (тешеккүр эдерим) /қазақ тіліне аударғанда «рахмет» деген мағынада, «Sağol» (сағ ол) /Сау бол/ сөздері қолданылады.
Түріктерде рахмет айту үшін қолданылатын «Allah Tuttuğunu altın etsin» (Алла туттуғуну алтын етсин) /Алла ұстағаныңды алтын етсін./ сияқты сөздері де бар.
Айтып өткен мысалдарымыз түріктер мен қазақтардың әр түрлі өмір салтында, жағдайларында өз сезімдерін, тілектерін, алғыстарын баяндап көрсетудегі нәзіктік сезімталдықтарын дәлелдейді.
Бұл қысқаша түрде көрсетілген ұқсастықтар мен айырмашылықтар қарастырыла бастаған мәселенің ең аз бөлігі екеніне қарамастан, екі тілдің меңгерілуіне өзара жақсы ықпал ететініне көз жеткізуге болады деп ойлаймыз. Ал қойылған мақсатқа түбегейлі түрде жету үшін алда бұл екі тілдегі рахмет айту, амандасу мен қоштасуды білдіретін тілдік бірліктерді мүмкіндігінше толық зерттеуге тырысамыз. Себебі бітіру жұмысының міндеті осы мәселеге тіреледі.
Қазақ тілі мен түрік тілінің рахмет айту, амандасу мен қоштасуды білдіретін тілдік бірліктері туралы зерттеулерге тоқталатын болсақ, ерекше көзге түсетіндерден Айман Қобланованың «Қазақ сөз этикеті» атты еңбегін атауға болады. Бұл еңбекте автор қазақ тілінің қазақ сөз этикетін тіл мәдениеті тұрғысынан сөз ете отырып, сөз этикеті бірліктерінің өзіне тән қызметін, семантика-стилистикалық ерекшеліктерін көрсетті. Бірақ түрік тілінің рахмет айту, амандасу мен қоштасуды білдіретін тілдік бірліктері туралы түрік тілі, ағылшын тілі мен орыс тілі болмаса, қазақ тілінде жазылған деректер, зерттеулер жоқ. Түрік тіліндегі деректердің қатарына Alaaddin Korkmaz жазған «Türkçe kompozisyon», осымен қатар «Тürk dünyası araştırmaları» мен Prof. Dr. Muharrem Ergin жазған «Türk dil bilgisi» деген еңбектерін ерекше атауға болады. Аталған еңбекте авторлар түрік тілін үйрену кезінде ескерулерге оқырманның назарын аудартқызып, түрік тілінің сипатына, сөйлеу этикетіне ерекше тоқталып өтеді.
Қандай да болмасын тілдің осылайша мыңдаған жылдар бойы зерттелуінің нәтижесін біз енді өз көзімізбен анық көре аламыз. Ол - ана тіліңнен басқа кез келген шет тілін үйренуге берілетін мүмкіндіктердің асқаны. Ал қазіргі кезде заман талабына сай адам өмірінің деңгейін мүмкіндігінше жоғары ұстау үшін кем дегенде бір шет тілін білуі керек. Яғни өзектілік деген осында жатыр. Әсіресе, Түркия сиқты дамыған ел мен Қазақстан сияқты дамушы ел арасында екі жақты қарым-қатынастарды нығайту жолында сол қарым-қатынастарды орнататын болсын, екі елдің қарапайым халқы болсын серіктес елдердің мемлекеттік тілдерінің ерекшеліктерін білетін жағдайда әрқашан да түсіністік пен татуластық болатынына сеніммен қарауға болады емес пе? Әрине, ортақ халықаралық дәрежесіне ие ағылшын тілі немесе түріктердің көбі білетін орыс тілі бар болған кезде, осы тілдерді меңгеруге көмектесетін аталған үш тілде де оқу құралдары бар болған кезде, дәл осы тілдер арқылы қатынас орнатуға болатын кезде, басқа тіл не үшін керек деген ой да келетін шығар? Бірақ белгілі біреумен қатынас орнатып жатқан кезде, көптеген қиыншылықтарға тап болмау үшін керек деп санаймыз. Серіктесіңнің тілін білсең, мәдениетіне де тереңірек үңіле аласың. Ал бұл, өз кезегінде, түсінікті арттырып, қателік жасаудан қорғайтыны күмәнсіз. Демек, түрік-қазақ тілдерінің байланыстыра зерттелуі қажет деп айтсақ артық болмайды. Осыған орай дәл осы тілдік байланысты, яғни оның ішіндегі түрік тілі мен қазақ тіліндегі рахмет айту, амандасу, қоштасуды білдіретін тілдік бірліктерін зерттеу мәселесі ғылыми жаңалық болып табылады.
Жұмыс барысында алға қойған мақсатымызға жету үшін түрік тілі мен қазақ тіліндегі рахмет айту, амандасу, қоштасуды білдіретін тілдік бірліктердің қызметтерін, түрлерін, сипаттарын, ерекшеліктерін барынша талдау, салыстыру әдістеріне сүйенгенді жөн көрдік.
Жұмыс құрылымы бойынша кіріспе, екі тарау, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. I тарауда түрік тілі мен қазақ тілінің сөз этикеті бірліктерінің қызметі мен семантика-стилистикалық ерекшеліктері, сонымен қатар сөз этикетінің қызметі мен оның өзара байланыстығын, сөз этикеті бірліктерінің стильдік ерекшелігі, қазақ және түрік тілінің вербалды және бейвербалды этикет формалары талданады. II тарауда сөз этикеті бірліктерінің қолданылуы мен жұмсалу аясы деп аталып, өз ішінде үш бөлімге бөлінген: 1. қазақ және түрік тіліндегі амандасу сөз бірліктерінің формалары; 2. қазақ және түрік тіліндегі қоштасу сөз бірліктерінің формалары; 3. қазақ және түрік тіліндегі тілек сөзі мен рахмет айту сөз бірліктерінің формалары талдауға салынады. Екі тілдегі амандасу сөз бірліктері талданып,кейіннен арасындағы байланыстары да, қолданылу жағдайларының ерекшеліктері де белгіленеді. Бар жұмыс барысында келтірілген мысалдарды екі тілге аударып, түсінікті болу үшін мүмкіндігінше деректерді схемалық түрде көрсетуге тырыстық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет