Т. Б. Тауекелова*, Г. О. Абдикерова



Pdf көрінісі
бет4/11
Дата08.12.2023
өлшемі0,63 Mb.
#195805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тауекелова Т, Абдикерова Г. 2022
Маженова Алтынай М-21-1 2
Кіріспе 
 
Тәуелсіз Қазақстанда әлеуметтік жауап- 
кершілікті дамытудың алғышарттары 1990 
жылдардың ортасында өздерінің әлеуметтік 
жауапкершілігін көрсеткен шетелдік ком- 
паниялардың нарыққа шығуымен пайда болды 
(Yerniyazova, 2019). 
Компаниялардың нарыққа шығуы бизнестің 
әлеуметтік жауапкершілігін оның қызметінің 
негізгі қағидаттарының бірі ретінде қарастыра 
бастады. Бизнесті дұрыс жүргізуде оның биз- 
нес стратегиясының дұрыс қалыптасуы аса 
маңызды. 
«Стратегия» сөзі әскери – іс ғылымынан 
алынған. Стратегия (грек тіл. Strategos – әскер 
жүргіземін деген мағына береді) тактикамен са- 
лыстырып қарағанда іс-әрекеттің жалпы жос- 
пары (Осипов, 2000). Сан-Диего халықаралық 
университетінің профессоры, жетекші корпора- 
цияларда практикалық тәжірибесі бар, стра- 
тегиялық жоспарлау мәселелері бойынша таны- 
мал ғалым Игорь Ансофф өзінің «Стратегиялық 
менеджмент» кітабында стратегия – бұл, ұйым өз 
қызметінде басшылыққа алатын шешім қабылдау 
ережелерінің жиынтығы, – деп жазды (Ан- 
софф, 1989). Біздің ойымызша, И. Ансоффтың 
стратегиялық жоспарлау моделі стратегиялық 
шешімдер қабылдаудың дәйекті үрдісінде қа- 
лыптасты. Өз заманының талабы ретінде И. Ан- 
соффтың моделі стратегиялық жоспарлаудан 
гөрі корпоративті кеңейту және әртараптандыру 
үрдістерін қолдады, – деп айтуға болады. 
Корпоративті әлеуметтік жауапкершілік 
стратегиясы мақсатты белгілеу мен мүдделі 
тараптардың негізгі топтарымен (стейкхол- 
дер) өзара қарым-қатынасты дамыту негізінде 
қалыптасады. Осыған орай стейхолдерлерді 
негізгі төрт топқа бөліп қарастыруға бола- 
ды: тұтынушылар, ұйым персоналы, ұйым 
қызметінің аумағында қатысатын жергілікті 
қоғамдастықтар, компания инвесторлары (Гриб- 
цова, 2013). Мақсат пен мүдде айқын болғанда, 
бизнестің стратегиясы да, оның шешім қабылдау 
ережелері де айқын болары сөзсіз. 
Р.А. Фатхутдиновтың пікірінше, стратегия 

бұл бағдарлама, жоспар, субъектінің негізгі 
бағыты, стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу 
жөніндегі қызмет. Сондай-ақ ол стратегияның 
не үшін қажет екендігін былайша түсіндіреді. 
-
Өзіне басқару объектісін дамытудың тех- 
никалық, технологиялық, экологиялық, эконо- 
микалық, басқарушылық және басқа да аспек- 
тілерін синтездеу; 


Т.Б. Тауекелова, Г.О. Абдикерова 
95 
-
Басқарылатын ұйымның әртүрлі жақтарын 
біріктіру, мысалы, миссия, әлеует, құрылым, 
корпоративтік мәдениет, менеджмент жүйесі 
және т.б; 
-
Жедел міндеттерге қол жеткізу емес, 
стратегиялық, қоғамдық, корпоративтік және 
жеке мүдделерді қамтамасыз ететін мақсаттар; 
-
Икемді болу, кеңістікте және уақытта ту- 
ындайтын стратегиялық жағдайлардың көп 
екендігін ескеру; 
-
Басқару субъектілері мен объектілерінің, 
сыртқы ортаның стратегиялық және тактикалық 
бәсекелестік артықшылықтарын, бүкіл ұжымның 
білімін, іскерлігін, тәжірибесін шоғырландыру; 
-
Орташа тәуекелді болуы, бәсекелестердің 
стратегиялық артықшылықтарын төмендетпеуі 
және өзінің артықшылықтарын асыра бағаламауы 
(Фатхутдинов, 2005). Корпоративті әлеуметтік 
жауапкершілік стратегиясы – бұл корпоративтік 
ұйым өзінің қызметін (миссиясы, пайымдауы, 
мақсаттары) мүдделі тараптар үшін құндылықты 
түрде дамытуға қалай әрекет ететіндігі және 
осылайша өзінің мақсаттарына қалай жететіндігі 
туралы жоспарланған іс-қимыл бағдарламасы 
(Emezi, 2014). Қазақстандық бизнесте әлеуметтік 
жауапкершілік пен сенімді дамытудың страте- 
гиялық бағыттарын қалыптастыруды зерттеу 
өзекті ғылыми міндеттердің бірі болып та- 
былады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет