Т. Б. Тауекелова*, Г. О. Абдикерова



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата08.12.2023
өлшемі0,63 Mb.
#195805
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тауекелова Т, Абдикерова Г. 2022
Маженова Алтынай М-21-1 2


ISSN 2617-7544, еISSN 2617-7552 
Психология және социология сериясы. №3 (82). 2022 
https://bulletin-psysoc.kaznu.kz 
ҒТАМР 04.21.51 
https://doi.org/10.26577/JPsS.2022.v82.i3.09 
Т.Б. Тауекелова*
, Г.О. Абдикерова 
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан, Алматы қ. 
*e-mail: batyrkyzy1976@mail.ru 
ШЕТЕЛДІК БРЕНДТЕРДІҢ КОРПОРАТИВТІ ӘЛЕУМЕТТІК 
ЖАУАПКЕРШІЛІК СТРАТЕГИЯЛАРЫН 
ДАМЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Мақалада шетелдік брендтердің корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті стратегияларын
дамыту ерекшеліктері қарастырылады. Стратегияның мақсаты корпоративті әлеуметтік 
жауапкершілік саласындағы жобалар мен үрдістерді басқару және бизнестің негізгі қағидаттары 
мен басымдықтарын белгілеу үшін қажет. Стратегия халықаралық стандарттарда бекітілген
нормаларды пайдалана отырып, корпоративті әлеуметтік жауапкершілікті бизнес қызметінің
тиімділігін арттыру және тұрақты дамуын қамтамасыз етеді. Қазіргі жағдайдағы қазақстандық 
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастырудың стратегиялық бағыттарын айқындау
біздің негізгі міндет болып табылады. Осыған орай шетелдік брендтердің корпоративті 
әлеуметтік жауапкершілігі стратегияларын ендірудің нәтижелері мен салыстырмалы талдауы 
берілген. Мұнда әдебиеттерге, оның ішінде, ғылыми басылымдар мен ғылыми мақалаларды
талдау нәтижесінде жиналған ақпаратқа негізделген Starbucks, H&M және IKEA компаниялары
туралы зерттеулер еніп отыр. Осы салыстырмалы талдаулар мен нәтижелер қазақстандық 
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің стратегияларын қалыптастырудың үлгісі бола алады.
Болашақта Қазақстанда жұмыс істеп жатқан шетелдік брендтердің корпоративті әлеуметтік
жауапкершілік стратегиялары туралы да әлеуметтанулық зерттеулер аса қажет. 
Салыстырмалы әлеуметтанулық зерттеулер арқылы қазақстандық бизнестің әлеуметтік 
жауапкершілігін дамытудың стратегиялық бағыттарын айқындау маңызды міндет болып 
есептеледі. Себебі, қазір бизнестің жұмыс істеу ортасы, мүмкіндігі мен шеңбері де өзгеруде 
және уақыт үздіксіз өзгерістерді талап етуде. Негізінде, стратегия бизнестің мүддесі мен
табысына ғана емес, ұжымның, ал нақтырақ айтқанда қоғамның мүддесіне назар аудара отырып 
жасалуы тиіс. 
Түйін сөздер: 
бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі, корпоративті әлеуметтік жауапкершілік
бренд, стратегия, EFQM. 
T.B. Tauyekelova*, G.O. Abdikerova 
Al-Farabi Kazakh National University, Kazakhstan, Almaty 
*e-mail: batyrkyzy1976@mail.ru 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет