Т. Б. Тауекелова*, Г. О. Абдикерова



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата08.12.2023
өлшемі0,63 Mb.
#195805
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Тауекелова Т, Абдикерова Г. 2022
Маженова Алтынай М-21-1 2
Зерттеу әдісі 
 
Стратегиялық 
корпоративті 
әлеуметтік 
жауапкершілік өнімділікті арттырудың шешімі 
болып табылады. Бұл, шетелдік компаниялардың 
корпоративті әлеуметтік жауапкершілік сая- 
сатын зерттеу деректеріне сүйене отырып, 
сондай-ақ ғылыми ақпарат дереккөздерін зерт- 
теу негізінде анықталды. Шетелдік зерттеулер 
стратегиялық негіздерді қалыптастырған үш ірі, 
атап айтқанда Starbucks, H&M және IKEA сын- 
ды компаниялардың корпоративті әлеуметтік 
жауапкершілік саласындағы стратегияларын 
талдайды. Мұнда корпоративті әлеуметтік 
жауапкершілік стратегияларының теориялық 
негіздері мен оны дамыту ерекшеліктері тал- 
данған. Жоғарыда аталған шетелдік компания- 
лардың тәжірибелерін назарға ала отырып, 
отандық компаниялар қызметінің әлеуметтік 
жауапкершілігінің 
тиімділігін 
арттыру 
бағыттарын қарастыру өзекті болып табылады. 
Қазіргі жағдайда шетелдік компаниялардың 
халықаралық нарықта корпоративті әлеуметтік 
жауапкершілік 
тәжірибесін 
қолданудың 
бірыңғай моделі жоқ. Алайда зерттеушілер 
корпоративті әлеуметтік жауапкершіліктің түрлі 
тәсілдерін компаниялардың бизнес-стратегияла- 
рымен байланысты деп айтады. Нақты модельдің 
болмауынан нарықтардағы компаниялар ара- 
сында корпоративті әлеуметтік жауапкершілік 
қағидаттары мен құндылықтарын ұстануда 
айырмашылықтар орын алуы мүмкін. Көпұлтты 
компаниялар ретінде оларға зерттеушілер үлкен 
қызығушылықпен қарайды. Өйткені, көптеген 
нарықта жұмыс істеп отырған компаниялар 
өз бизнестерінің тұрақтылығы мен сапасын, 
жауапкершілігін талап етеді. 
Зерттеулер көрсетіп отырғандай, корпо- 
ративті әлеуметтік жауапкершілікті ұстану 
компаниялардың бизнесіне анағұрлым пайда 
алып келеді. Олар жоғары репутацияны иеленіп, 
имиджін көтереді, инвестициялар тартады, 
конкуренциялық ортада артықшылықтарға ие 
болады. Шетелдік зерттеулер мен тәжірибелер 
корпоративті 
әлеуметтік 
жауапкершіліктің 
жүйе ретінде қалыптасқандығын көрсетеді. Со- 
нымен қатар оны өздерінің компанияларының 
қызметінің стратегиялық бағыты ретінде 
қарайтындығын байқауға болады. Компаниялар 
әлеуметтік жауапкершілік және экологиялық 
жауапкершілік 
тұжырымдамаларын 
үнемі 
жетілдіруді ұдайы үрдіс ретінде санайды. Олар- 
ды жүзеге асыруда мақсатқа жетушілік, ниет 
және командамен жұмыс қажет деп талап қояды. 
Компанияның әлеуметтік жауапкершілік сая- 
сатын одан әрі жетілдіруде мына бағыттарға 
басты назар аударып отыр: қызметкерлердің 
қоршаған ортаны сақтауға атсалысуын арттыру; 
әлеуметтік бағдарламалардың санын көбейту, 


Шетелдік брендтердің корпоративті әлеуметтік жауапкершілік стратегияларын дамыту ерекшеліктері 
98 
жұмысшылардың әлеуметтік және азаматтық 
позициясын дамыту және тағы басқалар. Осын- 
дай зерттеулерден алған тәжірибелер арқылы 
Қазақстанда саны артып келе жатқан компания- 
лар мен кәсіпорындар өздерінің корпоративті 
әлеуметтік 
жауапкершілік 
стратегияларын 
қалыптастыруды бір жүйеге келтіруі керек. 
Шетелдік ұйымдардың өзін-өзі бағалау 
құралы болып табылатын Европалық са- 
паны басқару қорының (EFQM) моделін 
стратегиялық бағалаудың негізіне айналдыру 
үшін корпоративті әлеуметтік жауапкершілікке 
енгізген. Бұл беріліп отырған үш компанияның 
корпоративті әлеуметтік жауапкершілік стра- 
тегиялары мен нәтижелерін бағалауда өзінің 
тиімділігін дәлелдеді (Phunbubpha, 2009). 
EFQMмоделі нарықтағы ұйымдардыңәртүрлі 
екендігінтүсінеді, себебітрансформацияныңуни- 
версалды тәсілі жоқ деуге болады. Сондықтан да 
EFQM моделі ұйымдастырушылық кедергілерге 
әрқашанда тез бейімделіп, өнімділікті арттыруға 
икемді болып табылады. EFQM моделі қазіргі 
уақыттағы трансформацияны жүзеге асыру үшін 
ұйымдастырушылық талдаулар, болашақты 
болжау және аналитиканың артықшылықтарын 
түсінуде күнделікті нарықта өзгеріп отырған 
жылдар 
бойғы 
тәжірибенің 
нәтижесінде 
құралған модель деп айтуға болады. 
Компанияның корпоративті әлеуметтік жа- 
уапкершілік саласындағы EFQM Excellence мо- 
делінің өлшемдеріне сәйкес өлшеу айтарлықтай 
дәл болып табылады (Jankala, 2016) (1-сурет). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет