Тыныстану жүйесі аурулары



бет3/9
Дата17.10.2023
өлшемі4,77 Mb.
#186128
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 7
https, сессия ажжф, 207181

Симптомдары.

  • Бұл аурудың жедел, жеделдеу және созылмалы түрлері болады.
  • Жедел түрі өте жас малдарда, әсіресе жетілмей, шала туған төлдерде кездеседі.
  • Жедел емес түрі төлдерді дұрыс жағдай жасап бағып-күтпегенде және аурудың жедел түрін уақытында дұрыстап емдемегенде болады.
  • Ал созылмалы түрі төлдерді анасынан айырғаннан кейінгі кезде болады.
  • Аурудың жедел түрі қатты болғанда 2-3 күннің ішінде өліммен аяқталуы ықтимал. Ауру мал көбінде жатады, тәбеті азаяды. Тыныс алуы қатайып, қырыл естіледі. Кейіннен демалысы жиілеп, танауынан ақпа ағып, дымқыл қырыл мен жөтел пайда болады. Көрінетін кілегейлі қабықтары бозарып көкшіл тартады. Жүректің соғысы алыстан естіліп, тамырдың соғуы әлсірейді. Азық қорыту жүйесінің жұмысы бұзылады, ішектің жиырылуы күшейеді, іш өтеді.
  • Аурудың жеделдеу түрі тәбетінің азаюымен малдың өспеуімен және арықтауымен сипатталады. Ауру малда ентігудің араласпа түрі, дымқыл жөтел пайда болады. Онда жөтел, әсіресе, кеңірдекті басқанда анық естіледі. Өкпені тыңдағанда қырылды не болмаса бронхиальды дыбысты естуге болады. Дене қызуы ауық-ауық жоғарылап тұрады.

Балау.

  • Аналық малдардың күтімі мен азықтануын, төлдерді өсірудегі санитарлық зоогигиеналық жағдайларды еске алады. Төлдердің қораның ішінде, далада қалай жүретініне, жалпы жағдайына, аурудың белгілеріне, өлекседегі өзгерістерге көңіл аударады. Ауру малдарды рентгенге түсіргенде өкпенің үш жағында, жүрек тұсындағы бөлігінде қарайған жерлер, бронх тармақтарының суретінің айқын болуы, жүрек пен диафрагма арасындағы үщбұрыштың жоғалуы, қабынған түста қабырғаның көленкесінің көрінбеуі аурудың негізгі белгілері болып саналады. Ауруды бастапқы кезінде анықтауға Р.Г.Мустакимов ұсынған торакофлорграфиялық тексеру үлкен көмек көрсетеді.

Дербестеу.

  • Стрептококкті жұқпалы аурудан ажырату үшін ол ауруда ауруды қоздырғыш микроб болатынын, аурудың малда дене қызуы болатын, өкпеден басқа буындар мен ас қорыту жүйесінің де ауыратынын еске алу керек. Сальмонеллезде ең бірінші ас қорыту жүйесінің жұмысы бұзылады, лабораториялық тексеруде аурудың қоздырғышын табады, өлекседегі сол ауруға бейімді өзгерістерге көңіл аударады. Пастереллез аз уақытта көп мал ауырады және ауру қоздырғышын анықтауға болады.
  • Ал бұзаулар мен торайларда вирустың әсерінен болған қабынуды ажыратудың бірден-бір әдісі биологиялық тексеру жүргізу. Ол үшін қолдан осы ауруды тудырып зерттеу керек. Өкпенің қабынған ұлпаларын гистологиялық зерттеуден өткізуге болады, сондай-ақ серологиялық және имуннофлюоресценттік реакциялар да қоюға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет