Тыныстану жүйесі аурулары


Төлдерді дұрыс азықтандырмаудан болатын аурулар



бет5/9
Дата17.10.2023
өлшемі4,77 Mb.
#186128
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 7
https, сессия ажжф, 207181

Төлдерді дұрыс азықтандырмаудан болатын аурулар

  • Ретинол (А витаминінің тапшылығы) тапшылығы. Ауру қыс және жаз айларында жиі кездеседі. Аналық буаз малдың азық мөлшерінде каротин жеткілікті болмағанда одан туған төлдің бауырында, майында каротин мен ретинолдың қоры аз болады. Оның үстіне уыз сүтте де каротин мен ретинол аз болады да, уыз сүтпен ғана қоректенетін төлде витаминнің азаюы (гипавитаминоз) ауруымен ауруына әкеп соғады. Бұл ауру жаңа туған төлдің диспепсиямен, қарын мен ішектердің, өкпе мен бронхылардың қабынуымен ауырғанда да кездеседі. Неге десеңіз, бірінші екі ауруда организмге түскен каротин мен ретинолды сіңіру процесі бұзылса, ал өкпе мен бронхылардың қабынуында ретинол өзі бұзылып басқа организмге керексіз зат түзеді.
  • Ретинол (А витаминінің тапшылығы) тапшылығы.
  • В-гиповитаминозы (В витаминінің тапшылығы).
  • Аскорбин қышқылы (С витаминінің) тапшылығы.

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер.

  • Негізгі өзгерістерінің ересек малда болатын өзгерістерден айырмашылығы жоқ. Ас қорыту жүйесінің кілегейлі қабығының эпителий жасушаларды көп қабатты болып, олардың жоғарғы бөлігі мүйізденеді. Кілегейлі қабықтан ары жатқан бездер семеді. Осындай өзгерістерді өкпедегі, тыныс алу жолдарындағы және зәр шығару жүйесіндегі эпителийлерден де байқауға болады.

Симптомдары.

  • Ауырған малдар өсіп-өнбейді. Көздің қасаң қабығы, коньюнктиві қабынып, тауық көзденеді. Ас қорыту жүйесінің жұмысы бұзылып, соның салдарынан диспепсия, қарын мен ішектердің қабынуы байқалады. Ал тыныс жолдары жұмысының бұзылуы өкпе мен бронхылардың қабынуына әкеп соғады. Ауру малдардың қозғалысы нашарлап, қозылар енелерінен қалып қояды. Кей кезде олардың жүйке жүйесінің дұрыс жұмыс істемеуінен желкенің, аяқтың бұлшық еттерінің тартылуы байқалады. Ауру мал көбінде жата береді, олардың ауырғанда сезгіштік қабілеті әлсірейді. Кейіннен сіреспе, тартылу болып, ол тыныстану процесіне қатысатын еттерді сал ауруына әкеп соғады.
  • Торайлар кейде кемтар болып та туады (екі бөлінген таңдаймен немесе аналь тесіксіз т.с.с.), олар нашар өседі, коньюнктивасы қабынады, терісі бозарған, сары түсті болып келеді., мойындары қисайып, теңселіп қозғалады, аяқтары тартылып, көзі көруден қалады, іштері өтіп, бронхының қабыну белгілері біліне бастайды. Көптеген торайлардың ортаңғы құлақтары қабынады, қабақтары ісініп, қылшықтары жуандап, терілері қабыршақтанады. Әсіресе тамақтары дұрыс болмаған жас аналық шошқалардан алынған торайлар жиі ауырғыш келеді. Бұл аурумен ауырған торайларда үлкейген аскарида паразитін жиі кездестіруге болады.
  • Өтуі. Ауру өте жай дамиды. Аурудың бірінші белгілері (көзден жас ағу, коньюнктиваның қабынуы, қозғалысының сылбырлығы, іш өту т.б.) туғаннан кейін тек 12-15 күн өткен соң біліне бастайды да, одан кейін оған басқа аурулардың белгілері қосылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет