Тыныстану жүйесі аурулары



бет4/9
Дата17.10.2023
өлшемі4,77 Mb.
#186128
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 7
https, сессия ажжф, 207181

Емі.

  • Неғұрлым ерте басталуы керек және жан-жақты (кешенді) болуы қажет. Созылмалы түрін емдеу ойдағыдай нәтиже бермейді. Ауру малды емдеу оларды дұрыс азықтандырып, жақсылап күтіп-баққанда ғана өз нәтижесін береді. Ауру малдарды кең, таза, жарық, жылы, жақсы желдетілген, таза төсеніші бар бөлмелерде ұстау қажет. Малы көп шаруашылықтарда жаз айларында көшпелі санитарлық-емдеу пунктін (ЛСП) ұйымдастыру керек. Оған күнделікті ауырған қозыларды түр-түрімен бөліп, азықтарын қадағалап, емдерін тағайындап отырады. Азық мөлшеріне ең жақсы азықтардан кіргізіп мол етіп береді, таза сумен (оны қыста жылытып) қамтамасыз етеді.
  • Аурудың жедел және жеделдеу түрлерін емдегенде малдың 1 кг салмағына есептей отырып ауыз қуысы арқылы 0,02-0,04 норсульфазол күніне 3 рет, 0,02 гексаметилентетрамин күніне 1 рет және 0,05 кофеин натрий бензоатын беруге болады.
  • Норсульфазолды венаға жіберуге болады. Ол үшін малдың 1 кг салмағына есептегенде 0,03 норсульфазолді тазаланған суға ерітіп 10 %-ды ерітінді жасайды да, оның жылулығын 38-39оС етіп венаға жібереді.
  • Сондай-ақ малдың ауыз қуысы арқылы 1кг салмағына есептеп 0,02-0,04 сульфазолды, 0,01-0,015 күніне 3 рет фталазолды, сульфаниламидті, этазолды береді. Емдеу мерзімі 8-12 күн, керек болған күнде қайталайды.

Сақтандыру шаралары.

  • Сақтық шараларын аналық малдың жатырында өсе бастаған ұрыққа қалыпты жағдай туғызудан бастаған жөн. Жаңа туған жас төлге барлық зоогигиеналық жағдайды туғызып, олардың тамағының сапасына көңіл бөлу керек. Организмді жас кезінен шынықтырудың маңызы зор. Әсіресе қыс мезгілінде төлдерді ауық-ауық таза ауаға шығарып, жүргізіп отыру керек. Бұзауларды 15-20 күндік жасынан, торайларды аналарымен бірге 10 күндік жасынан бастап шығарып біртіндеп-біртіндеп уақытын ұзартып отыру керек.
  • Қозыларды жазғытұрым аналарымен бірге 5-7 күндік жасынан бастап далаға шығаруға болады. Ал 3 жұма толғанда далада бірнеше сағатқа қалдыруға болады.
  • Жазда ауру бұзаулар мен торайларды әдейі дайындалған, таза лагерьлерде, ал қозыларды көлеңкеленген жерлерде ұстау керек.
  • Ауруды неғұрлым ертерек анықтау үшін үнемі рентгенмен немесе флюорографпен бұзаулардың, торайлардың, қозылардың өкпелерін тексеріп отыру керек. Ауру деген малдарды бөлек алып тиісті ем қолданған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет