Тыныстану жүйесі аурулары



бет7/9
Дата17.10.2023
өлшемі4,77 Mb.
#186128
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
лекция 7
https, сессия ажжф, 207181

Емі.

  • Егер ауру емшектегі төлдердің ішінде болса, онда аналық малдың азық мөлшеріндегі В витамині бар азықтарды көбейту керек (жақсы бұршақты өсімдіктің шөбі, дәнді дақылдар, ашытқылар). Ем ретінде мынандай дәрілерді қолдануға болады: хлорлы тиаминді, бромды тиаминді, синтетикалық рибофламинді, пантотенат кальцийді, никотинамидті, хлорсулы пиридоксинді, муковитті, компалонды, антианеминді, гепавитті, гепатокринді, КМБ-12, биовит-40, биовит-80, БВК (биомицин мен витаминнің қоспасы), құрғақ биомассаны, ПАБК, бетапанды, фолий қышқылын, хлорлы колинді. Бұл дәрілерді белгілі мөлшерде ауыз қуысы арқылы, етке немесе тері астына еңгізуге болады.
  • Сақтандыру шаралары. Жаңа туған төлді В витамині тобымен қамтамасыз ету керек.

Аскорбин қышқылы (С витаминінің) тапшылығы.

  • Аскорбин қышқылының жеткіліксіздігі организмнің жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілетін әлсіретеді. Олардың ауыр түрде дамуына әсерін тигізеді. Бұзаулар мен торайлар азық мөлшерінде белок аз болған жағдайда аскорбин қышқылының жеткіліксіздігіне тіптен сезімтал келеді.
  • Симптомдары. Сақа малдардағыдай болып келеді.
  • Балау. Ауруды анықтау үшін аурудың белгілеріне және қандағы аскорбин қышқылын тексеруге көңіл бөлген жөн.
  • Емдеу және сақтандыру шаралары. Төлдердің және аналық малдардың азығына В витамині көп азықтарды кіргізеді (шөп, сәбіз, картоп, тарна, капуста, пісірлен сүт). Қосымша өсірілген дәнді дақыл, көк шөп, қылқан жапырақтың тұнбасын береді.
  • Ем ретінде құлындарға 0,5-1,0, бұзауларға 0,2-0,3 аскорбин қышқылын ерітінді ретінде ауыз қуысы арқылы береді. Құлындар мен бұзаулардың венасына 0,5 еңгізуге болады. Сондай-ақ итмұрынның, қарақаттың, шетеннің, сүрлем шырыны тұнбасын да беруге болады.

Кальциферол тапшылығы (рахит-мешел).

  • Д-витамині мен кальций-фосфордың алмасуының дұрыс болмауы салдарынан сүйектің құрылымының және организмнің тіршілікке қажетті қызметтерінің терең бұзылуымен сипатталатын жас төлдердің созылмалы ауруы. Ауру бір жасқа дейінгі қозыларда, лақтарда, күшіктерде, құлындарда, бұзауларда әсіресе жиі торайларда кездеседі. Ал жабайы малдарда табиғи жағдайда бұл ауру болмайды.
  • Аурудың пайда болуының жыл мезгіліне тікелей қатысы бар екендігі байқалады. Әсіресе күздің, қыстың аяқ кездерінде, малдар ауа райының құбылысына байланысты жайылымға шықпай тұрып қалған кезде жиі байқалады. Бұл ауру төлдердің арасында көп таралған аурулардың бірі болып саналады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет