Топ: дпмно-15с математика негіздері пәнінен тапсырмалар жауаптары



бет25/26
Дата25.04.2020
өлшемі0,87 Mb.
#64725
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
математика негіздері Назырхан Айнур
Асанова
10 г = 10 мг

1 кг = 100 г =106 мг

1 ц =100 кг = 105 г= 108мг

1 т = 10 ц =1000 кг = 106 г =109мг

Уақыт ұғымы ұзындық ,аудан және масса ұғымдарына қарағанда анағұрлым күрделірек ұғым. Күнделікті өмірде уақыт деп бір оқиғаны басқасымен бөліп тұратындығымен түсіндіріледі. Жалпы алғанда «уақыт» терминімен шын мәнісінде екі әр түрлі шамаларды белгілейді. Қандай да бір процесс немесе құбылыстың ұзақтығы ,яғни қандай да бір белгіленіп алынған санақ басына дейінгі немесе одан кейінгі өтетін уақыт.

Уақыттың екі тұрғыдағы түсіндірмелері арасында тығыз байланыс бар; әрбір уақыт кесіндісі,яғни әрбір уақыт ұзақтығы – екі датаның айырмасы.Екінші жағынан, уақыт ұзақтық ретінде, уақыт-дата ие бола алмайтындай,аса маңызды қасиетке,атап айтқанда аддивтілік қасиетке ие болады. Уақыт – ұзындықтың аддитивтілігі мынаны білдіреді: егер процесс жекелеген периодтарға бөлшектенсе, онда ұзақтығы жекеленген периодтар ұзақтығының қосындысы болып табылады. Хронологиялық уақыт аддитивті емес немесе екі датаның қосындысының ешқашан мағнасы болмайды. Сондықтан уақыт – ұзақтық аддитивті – скаляр шама,ал уақыт-дата тек скаляр шама болып табылады.

Біз уақыт-ұзақтықты (яғни аралығын) ұзындық, аудан, масса және т.с.с. шамалардың қасиеттеріне ұқсас қасиеттерге ие болатын аддитивті скаляр шама ретінде қарастырамыз. Сондықтан ,уақыт аралықтарын салыстыруға, қосуға, азатуға, оң нақты санға көбейтуге болады.



40-сұрақ:
Уақыт аралықтарын өлшейді. Алайда,уақытты өлшеу процессі ұзындық, аудан, масса сияқты шамаларды өлшеуден өзгешелеу. Мәселе мынада: бірлік ретінде алынған уақыт аралығы бір ғана рет қолданылуы мүмкін. Сондықтан уақыт бірлігі ретінде жүйелі қйталанатын процесс алынуы қажет болады. Осындай бірлік,бірліктердің халықаралық СИ жүйесінде ,секунд деп аталған.

1960 жылға дейін секунд тәуліктердің бөлігі ретінде ,яғни секунд Жердің өз осінен айнала қозғалуы бойынша анықталған болатын.Бұл анықтамаға сәйкес тәулікте 86400 с; 1440 минут немесе 24 сағат болады.

1960 жылы өлшем мен салмақтың бас конференциясы Жердің орбита бойынша Күнді айнала қозғалуына негізделген уақыт бірлігіне көшу жайында шешім қабылдады.Секунд жылдың бөлігі ретінде анықталды.

1967 жылы секунд былай анықталады: «Секунд цезий 133 атомның негізгі күйінен екі өте жұқа деңгейлер арасындағы өтеуге сәйкес келетін шағылудың 9192681770 периодтарына тең».

Жыл – Жердің Күнді айналып шығу уақыты.Тәуліктер – Жердің өз осінен айналып шығу уақыты және т.с.с.

Уақыттың бірліктері мыналар: ғасыр, жыл, ай, апта, тәулік, сағат, минут, секунд. Уақыт бірліктері арасындағы қатынас төмендегі кестемен сипатталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет