Топ: дпмно-15с математика негіздері пәнінен тапсырмалар жауаптары



бет24/26
Дата25.04.2020
өлшемі0,87 Mb.
#64725
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26
Байланысты:
математика негіздері Назырхан Айнур
Асанова
1 см2=100мм2

1 дм2=100см2=10000мм2

2=100дм2=1000см2=1000000мм2

1км2=1000000м2

1а=100м2

1га=10000м2

Фигуралар ауданының негізгі қасиеттеріне мыналар жатады.

1.Егер фигуралар тең болса ,онда олардың аудандарының сандық мәндері тең болады(ауданның бірдей бірлігіне);

2.Егер F фигурасы F1,F2… . Fnфигураларынан құралған болса, онда Fфигурасы ауданының сандық мәні F1,F2… . Fnаудандарының сандық мәндерінің қосындысына тең болады (ауданның бірдей бірлігіне);

3.Ауданның өлшемі бірлігін ауыстарғанда фигура ауданың сандық мәні жаңа бірлік бұрынғыдан қанша есе кем (артық) болса, сонша есе артады (кемиді).

38 сұрақ:

Дененің көлемі (сыйымдылық) және оны өлшеу

Жазықтықтағы фигуралар үшін аудан ұғымы қалай енгізілсе, кеңістіктегі денелер үшін көлем ұғымы соған ұқсас енгізіледі. Қарапайым денелер (егер оны үшбұрышты пирамидалардың шектеулі санына бөлшектеу мүмкін болса) үшін көлемінің сандық мәні төмендегідей қасиеттеріне ие болатын оң шама:

1.Тең денелердің көлемдері тең болады;

2.Егер дене қарапайым денелерге бөлшектенсе ,онда оның көлемі оның бөліктері көлемдерінің қосындысына тең болады.

3.Қыры ұзындық бірлігіне тең болатын текшенің көлемі бірге тең болады.

Көлемнің бірліктері ұзындық бірлігі арқылы былайша жасалады:егер текшенің қыры 1 см болса ,онда оның көлемі 1 см3 болады,сол сияқты 1 дм – 1 дм3, 1м-1м3,1км-км3.

Көлем бірліктері арасындағы қатынас төмендегі кестемен сипатталады:

1см3=10мм3

1дм3=10см3=106мм3

Сыйымдылықтың бірліктері литр (л), гектолитр (гл), миллилитр (мл). СИ жүйесінде литр куб дециметрдің ерекше атауы ретінде қарастырылады, яғни 1 л=10 дм3.



39-сұрақ:
Математиканың бастауыш курсында масса, баға, уақыт, жылдамдық, жол сияқты шамалар , сондай-ақ қандай да бір топтың шамалары арасындағы тәуелділіктер оқып-үйретіледі.

Математикалық көзқарас тұрғысынан алғанда масса төмендегі қасиеттерге ие болатын оң шама:

1.Таразы басында бірімен – бірі теңесетіндей денелердің массалары бірдей болады;

2.Денелер біртұтас болып біріктірілгенде ,масса қосылады ,бірге алынған бірнеше денелердің массасы олардың массаларының қосындысына тең болады.

Массаны өлшеу үшін ,массасы бірлік ретінде қабылданатын е денесін таңдап алады (бұл массаның үлестерін де мүмкін болады деп ұйғарылады).

Массаның негізгі бірлігі – килограмм. Және ол 40С температурасы 1 дм3 судың массасы ретінде анықталған .Бұл 1889 жылы платина – иридийден құйылған цилиндірдің массасы.Осы эталон өлшем мен салмақтың халықаралық бюросында ,Севра (Франция) қаласында сақталған.

Массаның бірліктері : мг,г,кг,ц,m

Масса бірліктері арасындағы қатынас келесі кестемен сипатталады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   26




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет